Дәріс 14.
Дәріс тақырыбы: Күн тәртібінің гигиенасы. Жеке бас гигиенасы.
Дәріс мақсаты: Күн тәртібі, оны дұрыс ұйымдастыру, құруды, жеке бас гигиенасын қалыптастыруды қарастыру.
Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:
1.Күн тәртібі.
2.Дене күтімі.
3.Киім мен аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар.
Балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс жұмыстарының түрлі жақтарын: сабақ әзірлеуді, әдеттегі оқу күндері, демалыс күні және күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы каникулдар кезіндегі демалысты қамтиды. Балалар мен жасөспірімдердің бүкіл тұрмысы олардың денсаулығының қорғалуы және нығайтылуы, әрі қалыпты дамуы толық қамтамасыз етілетіндей болып ұйымдастырылуы тиіс. Оқкшылардың тұрмысы мен демалысын ұйымдастырған кезде гигиеналық талаптарды орындамау олардың денсаулығы мен сабақ үлгеріміне қолайсыз әсер етеді. Балалар мен жасөспірімдердің жанұядағы күн режимі мектеп режимімен табиғи байланыста болуы тиіс. Жанұяда тиімді гигиеналық режимінің болмауы мектпе режиміне де теріс әсерін тигізеді. Осыған байланысты мұғалімдер оқушылардың жанұядағы режимін жақсы біліп, оны дұрыс құруға көмегін тигізіп отырылулары тиіс. Ата-аналар мекте режимін білукерек. Балалар жанұядағы режимі ең алдымен мектептегі сабақтан кейін дем алуды белгілеуі тиіс, ал бұл демалыс олардың тек күш-қуатын қалпына келтіру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ғана емес, сондай-ақ берілген сабақтарды ойдағыдай әзірлеуге мүмкіндік беру үшін де қажет. Бұл режим баланың белгілі бір сабақтан тыс іспен (көркем әдебиет, ғыылми әдебиет оқу, сурет салу) айналысу арқылы өзін-өзі дамытуына, сондай-ақ үй шаруашылығы мен өзіне-өзі қызмет көсету жөніндегі кейбір жұмыстарды орындауына көмектесу керек. Күн режимі таңертеңгі жуынып-киіну, таңертеңгілік гигиеналық гимнастика, таңертең үйден тамақ ішу, мектепке дер кезінде жету үшін жеткілікті уақыт болу керек. Мектептен үйге келісімен міндетті түрде жуынуы және тамақтануы тиіс. Түскі тамақтан кейін дем алуы керек, өйткені бұл кезде асқорыту процесі жүреді.Әсіресе бастауыш сынып оқушылары түскі тамақтан кейін ұйықтап алған немесе жарты сағат не бір сағат жатып тұрғаны жөн, ал дене жағынан әлсіреген, қаны аз немесе жуық арада қатты ауырып тұрған балалар үшін ол міндетті болып саналады. Түскі тамақтан кейінгі демалыс баланың өз қалауы бойынша бір нәрсемен айналыскы болуы мүмкін. Ең жақсысы таза ауада серуендеу. Түскі тамақтан кейінгі демалыс аяқталысымен үйге берілген сабақтарды әзірлеу уақыты басталады. Сабақ әзірлеп болған соң, оқушы түстен кейінгі тамақ: күлше нан мен шай немесе басқа бір жеңіл тамақ ішеді. Сабақтарды әзірлеп болып, түстен кейінгі тамақты ішкен соң, тағы да дем алу – оқушы өз қалауынша пайдаланатын бос уақыт қажет. Тұрғын үй гигиенасына қамқорлық жасау – балалар мен жасөспірімдердің жанұядағы режимін ұйымдастырудың міндетті шарттарының бірі. Бала тұратын бөлме күніне бірнеше рет желдетілуі тиіс. Үйді шаңдатпай ұстау керек, онда шаң оңай жиналатын басы артық заттар мен басы артық әшекейлер болмауға тиіс. Бөлмені дымқыл нәрсемен тазартқан жөн. Ата-аналар мектеппен бірлесе отырып, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруға қамқорлық жасауы, олардың таза ауада қимыл жасайтын ойындармен және спорт ойындарымен айналысуын қамтамасыз етуі тиіс. Тұрғын үйдің немесе топ үйлердің қасында тек балалар алаңы ғана болып қоймай, қысқы уақытта мұз айдыны, қар төбешіктері және т.б. жасалғаны жөн.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
-
1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990
-
2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.
-
3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.
-
3.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.
-
4. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
-
5. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
-
6.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
-
7. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.
Дәріс 15.
Дәріс тақырыбы: Кәсіптік оқыту мен еңбек гигиенасы.
Дәріс мақсаты: Кәсіптік оқыту және мектепте еңбек сабақтарына қойылатын гигиеналық талаптарды қарастыру.
Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:
1.Еңбек сабақтарына қойылатын гигиеналық талаптар.
2.Еңбек сабағы жүргізілетін бөлменің жарықталуы, желдету, жылытуы, құрал жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар.
3.Оқушылардың еңбек әрекетін ұйымдастыру.
4.Мектеп жанындағы оқу-тәжірибелі үлескесінде жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.
Кәсіптік оқу оқуды өмірімен жақындастырады, мектеп оқушыларының оқу материалын меңгеруін жеңілдетеді. Кәсіптік оқу мектеп оқушыларының дене еңбегіне қатысуымен тығыз байланысты. Дене еңбегінің орасан зор гигиеналық маңызы бар, егер ол дұрыс ұйымдасса және қарқындылығы мен ұзақтығы жағынан балалар мен жасөспірімдердің күшіне және мүмкіндіктеріне сәйкес келсе, онда мектеп оқушыларының денсаулығын нығайтып, оларды еңбекті құрметтейтін және сүйенетін саналы да тәртіпті азамат етіп тәрбиелейді, оларға өзіне өзі қызмет көрсету дағдысын сіңіреді. Мектептің төменгі сыныптарынң өзінде-ақ қол еңбегі сабақтары өткізіледі. Орта мектептің орталау және жоғарғы сыныптарда кәсіптік оқуда дене еңбегінің ролі айтарлықтай артады. Еңбек оқушылары жүйке жүйесінің күйіне игі әсерін тигізеді, бұрыннан бар шартты рефлекторлық байланыстардың жетілуіне және жаңа байланыстардың орнауына әсер етеді, қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін дамытады, тыныс алу, қан айналысы мүшелерінің қызметін арттырады, зат алмасуды айтарлықтай күшейтеді және мектеп оқушыларының жұмысқа қабілеттілігін жақсы сақтауға көмектеседі.
Мектептегі еңбек сабақтарын енгізу мынандай гигиеналық мәселелерді шешуді талап етеді: еңбек сабақтары өткізілетін орынының гигиеналық сипаттамасы, материалдарға, саймандарға қойылатын талаптар; еңбек сабақтарының гигиенасы, еңбек сабақтарындағы оқушылардың жеке басының гигиенасы және олардың еңбегін қорғау. Бастауыш сыныптатарда қол еңбегі сабақтары кәсіптік оқудағы алғашқы қадам болып саналады. Қол еңбегі сабақтары оқу жоспарындағы барлық пәндермен тығыз байланысты бола тұра, арифметика, өлшеу жайлы білімдерін практика жүзінде игеруге көмектеседі. Бұл теориялық және практикалық білімдердің белгілі бір бірлігін жасайды. Қол еңбегі сабақтарының барысында оқушылар заттардың шама, форма, көлем, салмақ және т.б. қасиеттері туралы бірқатар нақты түсініктер алады. Бұл оқу материалдарын игеруді жеңілдетеді, мұның гигиеналық тұрғыдан алғанда маңызы зор. Қол еңбегі сабақтары көлбеу қақпағы бар партада, сынып бөлмелерінде өткізіледі. Еңбек сабақтарын өткізу жағдайларына қойылатын гигиеналық талаптар сынып бөлмесіне қойылатын талаптармен ауданы, ауа температурасы, ылғалдылығы, жарықтың түсуі, вентиляция сәйкес келуі керек. Еңбек сабақтарында оқушылардың отыруын, станоктарда жұмыс жасауларын, құралдарды дұрыс қолданып отыр ма, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтап отыр ма екендерін мұғалім қадағалау қажет. V-VII сынып және жоғарғы сынып оқушыларының слесарлық және столярлық шеберханаларда өтілетін апта сайынғы екі сағаттық еңбек сабағы еңбек дағдыларын, тәртіптілікті қалыптастыруды, еңбекке деген ынтаны дамытуды көздейді, сөйтіп олар осы арқылы мектептегі оқуды өмір талаптарына жақындастырады. Еңбек сабақтарының гигиеналық жағынан нәтижелілігі бір қатар жағдайларға: оларды өткізу жағдайларына, оқушылардың жұмыс режиміне, сабақтарының құрылымына, оқушылардың ынтасына байланысты. Еңбек сабағының алғашқысында оқушыларды еңбек құралдарының жұмыс істеу ережелері, оларды дұрыс қолдану, жұмыс орындарын таза ұстаумен, қауіпсіздік техникалық ережелерімен таныстыру қажет.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990
2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.
3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.
4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.
5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.
Межелік бақылау №1.
1. Мектеп гигиенасы пәні, мақсаты мен міндеттері.
2.Гигиена ғылымында қолданылатын әдістер.
3.Организмнің өсі және даму заңдылықтары.
4.Жас кезеңдері.
5.Сыртқы ортаның факторларының гигиеналық маңызы.
6.Ауаның, күннің, топырақтың және судың гигиеналық маңызы.
7.Сыртқы орта факторларымен организмді шынықтыру: шынықтыру принциптері, ауа, күн және сумен шынықтыру.
8.Мектеп жер участогына қойылатын гигиеналық талаптар.
9. Мектеп үйіне қойылатын гигиеналық талаптар.
10.Мектеп үйіндегі ауа және жарық режиміне қойылатын гигиеналық талаптар.
12.Мектепті сумен жабдықтау.
13.Мектепті жылыту.
Межелік бақылау №2.
1.Мектеп жабдығына қойылатын гигиеналық талаптар.
2.Мектеп партасына қойылатын гигиеналық талаптар.
3.Парталарға оқушыларды дұрыс отырғызу.
4.Класс тақтасына қойылатын талаптар.
5. Шеберханалар мен лабораториялар жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар.
6.Мектептегі дене шынықтыру жабдықтарының гигиенасы.
7.Оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар.
Тест тапсырмалары
-
Балалардың физикалық өсіп – дамуын өлшейтін әдіс:
А) Соматометрия.
В) Соматоскопия.
С) Физиология.
D) Антропометрия.
Е) Геронтология.
2. Қан қысымын қандай құралмен өлшейді:
А) Периметр.
В) Тахометр.
С) Пульсометр.
D) Тонометр.
Е) Спирометр.
3. Аста А дәруменнің жетіпеуінен туындайтын ауру:
А) Цинга.
В) Ақшам соқыр.
С) Бери-бери.
D) Пеллагра.
Е) Анемия.
4. Қандай дәруменнің жетіспеуінен цинга ауруы пайда болады:
А) Д
В) С
С) К
D) А
Е) В
5. Қалқанша безінің жұмысының бұзылуынан пайда болатын ауру:
А) Лейкоз.
В) Дальтонизм.
С) Қант диабеті.
D) Базедов ауруы.
Е) Гипертония.
6. Жас кезеңнің критерилері:
А) Бойы және дене салмағы, өзін реттеу деңгейі.
В) Ойлау және сезу деңгейінің көрсеткіші.
С) Ішкі мүшелердің даму деңгейінің көрсеткіші.
D) Дене және мүшелердің көлемі, салмағы, қаңқаның сүйектенуі.
Е) Дене және мүшелердің көлемі, салмағы, сүйектің сүйектенуі, тістің өсуі, қаңқа бұлшықеттері және ішкі секреция бездерінің дамуы.
7. Қыз баланың жыныстық жетілуі қай жаста басталады:
А) 9-10 жаста.
В) 11-12 жаста.
С) 12-13 жаста.
D) 15-16 жаста.
Е) 17-18 жаста.
8. Бинокулярлы көру – бұл:
А) Екі көзбен затты бір уақытта қарау.
В) Екі көзбен затты біртіндеп көру.
С) Затты қарағанда көру осінің конвергенциялануы.
D) Затты қарағанда көздің көру осінің дивергенциясы.
Е) Затты көлемді көру.
9. Шарты рефлекстерді тез және мықты меңгеру қабілеті кімде байқалады:
А) Холериктерде.
В) Меланхолик.
С) Флегматик .
D) Санигвиник.
Е) Астеник.
10. Әр түрлі қашықтықта көздің жақсы көру қабілеті:
А) Көру өткірлігі.
В) Көздің сындыру күші.
С) Алыстан көргіштік.
D) Аккомадация.
Е) Жақыннан көргіштік.
11. 70 кг салмақтағы адамда қанша литр қан болады:
А) 7л.
В) 7,5л.
С) 7,8л.
D) 6,5л.
Е)5-5,5л.
12. Универсалды донор қанның қандай тобы:
А) 1 және 2.
В) 3 және 4.
С) 2 және 5.
D) 2 және 4.
Е) 1.
13. Қарын сөліндегі тұз қышқылының қабілеті:
А) Ферментті.
В) Антибактериалды.
С) Гормонды.
D) Ішектік.
Е) Қарын.
14. Бас миының бөлімдері:
А) Рефлекторлы және өткізгіш.
В) Артқы, ортаңғы ми, мишық, ми бағанасы және алдыңғы ми.
С) Сопақша ми, Варолиев көпірі, артқы ми, ортаңғы ми, мишық, аралық ми, артқы ми.
D) Сопақша ми, артқы ми (көпір, мишық), ортаңғы ми, аралық ми, шеткі ми.
Е) Сопақша, ортаңғы, аралық, алдыңғы ми және үлкен ми шарлары, лимбиялық жүйе.
15. Үлкен ми сыңарларының қай бөлігінде естудің сенсорлы аймағы шоғырланған:
А) Маңдай.
В) Төбе.
С) Самай.
D) Шүйде.
Е) Инсулярлы.
16. Бас миы неше бөліктен тұрады:
А) 5
В) 6
С) 4
D) 2
Е) 3
17. Без қызметінің күшеюі:
А) Гипофункция.
В) Гиперфункция.
С) Гипертрофия.
D) Атрофия.
Е) Гипокинезия.
18. Дені сау адамның 1 мм куб қанында эритроциттер саны қанша:
А) 4,5 млн.
В) 3 млн.
С) 4 млн.
D) 5млн.
Е) 5,5 млн.
19. Қорғану және қоректену рефлекстері рефлекстің қай түріне жатады:
А) Шартсыз.
В) Шартты.
С) Рефлекторлы.
D) Шартты-рефлекторлы.
Е) Шартсыз-рефлекторлы.
20. Бас миы мен жұлын құрамына:
А) Ақ зат.
В) Сұр зат.
С) Сұр және ақ зат.
D) Жүйке түйіндері.
Е) Постсинаптикалы мембрана.
21. Жүйке клеткаларының негізгі бөліктері:
А) Дене және аяшықтары.
В) Қабығы, ядро, протоплазма.
С) Сома, дендрит, аксон.
D) Қабық, ядро, митохондрии, аксон, дендрит.
Е) Ақ зат және сұр зат.
22. Иммунитеттің гуморалды механизмін реттейтін зат:
А) Антиген.
В) Антидене.
С) Антогонист.
D) Адреналин.
Е) Ацетилхолин.
23. Күшті жүйке процесі ұшқалақ бала:
А) Меланхолик.
В) Сангвиник.
С) Флегматик.
D) Ретардант.
Е) Холерик.
24. Биологиялық католизатор – бұл:
А) Фибриноген.
В) Ферменттер.
С) Гемоглобин.
D) Гормон.
Е) Дәрумендер.
25. Ұйқы безінің гормоны – инсулин:
А) Су мен минералдың алмасуына әсер етеді.
В) Белок алмасуына әсер етеді.
С) Май алмасуына әсер етеді.
D) Көмірсулардың алмасуына әсер етеді.
Е) Энергия алмасуына әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |