Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата-ана бола аламыз ба?



бет1/20
Дата16.05.2022
өлшемі70.5 Kb.
#456863
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
user file 5ebd8775bfdf8


Сауалнама
Сіз қандай ата-анасыз?

Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата-ана бола аламыз ба?” деген сауал төңірегінде бір сәтте болсын, ойланып көрдіңіз бе? Олай болса келіңіз, шешімін бірігіп табуға тырысалық. Төмендегі сұрақтарға “иә”, “жоқ” деген жауаптардың бірін беру арқылы өзіңізді тексеруден өткізуге болады.


1. Балалар тәрбиесі туралы газет журнал беттерінде жарияланған материялдарды немесе радио теледидар хабарын жүйелі оқып, тыңдап отырасыз ба? Осы тақырыптағы кітаптарды оқисызба?


а) иә б) жоқ
2. балаңыз бір оғаш нәрсе істеп қойды делік, сіз мұндай жағдайдың өз тәжірибеңіздің нәтижесі екендігін ойланып көрдіңіз бе?
а) иә б) жоқ
3. Балалар тәрбиесінде қосағыңыздың пікірімен үнемі санасып отырасыз ба?
а) иә б) жоқ
4. Егер балаңыз сізге жәрдем берсе, осы кезде оны өз жұмысы бұдан кедергіге ұшырап, немесе мүлде тоқтап қалуы мүмкін екендігіне қарамастан қабылдар ма едіңіз?
а) иә б) жоқ
5. Бұйыру немесе тиым салу сияқты қажетті шараларды тек қажет кезінде қолданасыз ба?
а) иә б) жоқ
6. Жүйелілік, реттілік-педагоггикалық маңызды істердің бірі деп санайсыз ба?
а) иә б) жоқ
7.Балаға оның айналасындағылардың үлкен әсер ететіндігін сенесіз бе?
а) иә б) жоқ
8. Спорт пен дене шынықтырудың балаңыз жан-жақты дамуына маңызы зор екенін ескере отырасыз ба?
а) иә б) жоқ
9. Сіз балаңыздан бір нәрсені орындау жөнінде талап тұрғысынан емес, өтініп сұрап көрдіңіз бе?
а) иә б) жоқ
10. Менің уақытым жоқ немесе “Тоқтай тұр әуелі жұмысымды бітіріп алайын” деген “құтылуға” тырысу сізге сізге ыңғайсыздық тудырмай ма?
а) иә б) жоқ


Кілті.

Әрбір мақылдау жауаптарыңыз үшін-2 ұпай, ал кей-кейде орындалатын болса-1, қарсы болсаңыз жауабыңызға-0 ұпайдан қойып отырыңыз.


6-ұпайдан төмен жинасаңыз, бала тәрбиесі туралы түсінігіңіз көмескі екендігін дәлелдейді. “Ештен кеш жақсы” деген ғой. Сіз тез арада жеткіншектер тәрбиесі төңірегінде өз біліміңізді түсугше асыққаныңыз абзал.
7-14 ұпайға дейін жинасаңыз сіз бала тәрбиесінде әрине үлкен қателік жасап жүрген жоқсыз, әйтседе сіздің осы бағыттағы “с-әрекетіңіз жөнінде тереңірек ойланып көріңіз. Ал тіпті былай істеугеде болады: алдағы жексенбінің бірін балаңызбен көңілді демалуға арнаңыз. Әрине бұл уақытты ұмыта тұруға тура келеді. Бұл күн демалыс үшін балаңыздың қатты қуанатындығына күмән жоқ.
15 ұпайдан жоғары жинасаңыз, сіз өзіңіздің ата-ана міндетіңізді орынды атқарып келесіз. Соған қарамастан кейбір мәселелерді бұдан да жақсарта түсеңіз, құпа-құп.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет