«Жасырын жұмыссыздық туралы мәліметтер» (қысқартылған және ішінара жұмыспен қамтылған қызметкерлер, жалақы бойынша берешек туралы) ведомстволық



жүктеу 129.94 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі129.94 Kb.
Қазақстан Республикасы    
Статистика агенттігі төрағасының
2011 жылғы 3 наурыздағы    
№ 60 бұйрығына         
6-қосымша            

«Жасырын жұмыссыздық туралы мәліметтер» (қысқартылған және ішінара

жұмыспен қамтылған қызметкерлер, жалақы бойынша берешек туралы) ведомстволық

статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
(коды 7281201, индекс 3-ЕН, кезеңділігі айлық)


      1. Осы Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Жасырын жұмыссыздың туралы мәліметтер» (қысқартылған және ішінара жұмыспен қамтылған қызметкерлер, жалақы бойынша берешек туралы) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру тәртібін (коды 7281201, индекс 3-ЕН, кезеңділігі айлық) нақтылайды.
      2. Статистикалық нысанды жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық), облыстық органдарымен ай сайын келесі жағдайлардың бірі болған кезде тапсырылады:
      өндірісті толық тоқтату (жұмыстар мен қызметтерді орындауды тоқтату);
      толық емес жұмыс уақыты режиміне көшу (ішінара тоқтату, өндіріс көлемін қысқарту, жұмыс режимін өзгерту);
      жалақы бойынша мерзімі өткен берешек болған кезде.
      3. Келесі анықтамалар берілген статистикалық нысандарды толтыру мақсатында пайдаланылады:
      1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген қалыпты ұзақтықтан аз уақыт, оның ішінде:
      толық емес жұмыс күні, яғни күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын азайту;
      толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту;
      бір мезгілде күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын азайту және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту толық емес жұмыс уақыты болып есептеледі;
      2) уәкілетті орган – жергілікті атқарушы органдардың өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;
      3) өндірістің, жабдықтың бос тұрып қалуы – мәжбүрлі бос тұрып қалу экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы;
      4) жалпы тізімдік сан – кәсіпорынның (мекеменің, ұйымның) жасалған еңбек шартына сәйкес тұрақты, маусымдық және уақытша жұмысқа қабылданған барлық қызметкерлерінің саны көрсетіледі, ол есепті күнге толтырылады. Қызметкерлердің тізімдік саны нақты жұмыс істейтін сияқты, қандай да бір себеп бойынша (қызметтік іссапар, жыл сайынғы және қосымша демалыстар, ауырған адамдар, жүктілігі мен босануына байланысты демалыс пен бала күтімі жөніндегі қосымша демалыс, әкімшіліктің рұқсатымен оқу орнында оқып жүргендер, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді атқарушылар, жұмыста болмаған және т.б. бойынша) орнында жоқ адамдарды қамтиды. Қызметкерлердің тізімдік санына қызметті қоса атқарушылар, сондай-ақ азаматтық шарт жасасқандар немесе еңбек шартын жасамай сыйақы (қаламақы) алушылар енгізілмейді;
      Статистикалық нысан әр айдың 1 күніндегі жағдай бойынша толтырылады және тиісінше есепті кезеңнің 3 күнінен кешіктірмей жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық, қалалық уәкілетті органдарға ұсынылады.
      Экономикалық қызмет түрі 1-бөлімде қосымшаға сәйкес толтырылады.
      1-бөлімде «Тізімдік құрамның, қысқартылған, жұмыспен ішінара қамтылған қызметкерлердің саны, өндіріс көлемі, жалақы бойынша берешек» көрсетіледі, онда 01 немесе 02-жолдардың біреуі ғана толтырылады.
      01-жол деректерін жұмыстарды орындауды, қызмет көрсетуді, оның ішінде келісімшарт (шарт) мерзімінің аяқталуына және келісімшарт (шарт) бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің аяқталуына қарай толық тоқтатқан кәсіпорындар толтырады.
      02-жолды өндірісті ішінара тоқтатқан, жекелеген бөлімшелердегі, цехтардағы, учаскелердегі жұмысты тоқтатқан, тұтас кәсіпорны бойынша немесе жекелеген бөлімшелерде, цехтарда, учаскелерде жұмыс уақытының толық емес режиміне көшкен, өндіріс көлемін қысқартқан, жұмыс кестесін өзгерткен кәсіпорындар толтырады.
      1-бөлімнің 01 немесе 02-жолдарында:
      1-бағанда жалпы тізімдік саны көрсетіледі;
      2-бағанда қысқартылған жұмыс орындары – штат кестесінен алып тасталған лауазымдардың саны көрсетіледі, ол есепті кезеңге толтырылады;
      3-бағанда жұмыстан өз еркімен босатылған қызметкерлердің, оның ішінде маусымдық және уақытша жұмысқа қабылданған, еңбек шартының мерзімі аяқталуына орай босатылғандардың саны көрсетіледі, 3-баған есепті кезеңге толтырылады;
      4-бағанда жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлердің саны көрсетіледі. Берілген баған есепті кезеңнің аяғындағы жағдай бойынша, яғни есепті айдан кейінгі айдың 1-күнінен толтырылады;
      5-бағанда жұмыс уақытының толық емес режимімен қамтылған қызметкерлердің саны – Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде» (бұдан әрі- ЕК) белгіленген жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығынан кем жұмыспен айналысатын, оның ішінде: толық емес жұмыс күні, яғни күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығы нормасы азайтылған, толық емес жұмыс аптасы - жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің саны қысқартылған, күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығы нормасы бір мезгілде азайтылуы және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқартылуы көрсетіледі, ол есепті кезеңнің аяғында, яғни есепті айдан кейінгі айдың 1-күнінен толтырылады;
      6-бағанда өндірістің, жабдықтың тоқтауы себепті жұмыспен уақытша қамтылмаған қызметкерлердің саны көрсетіледі. 6-баған есепті кезеңнің аяғында, яғни есепті айдан кейінгі айдың 1-күнінен толтырылады;
      7-бағанда өнім өндірудің немесе кәсіпорын (ұйым, мекеме) көрсететін қызметтердің көлемі көрсетіледі, ол есепті кезеңге толтырылады;
      8-бағанда өндірістің немесе көрсетілетін қызмет көлемінің күтілетін өсімі немесе төмендеуі көрсетіледі, ол алдағы 2 айға толтырылады, өсім кезінде «+» белгісімен, төмендеу кезінде «-» белгісі деп көрсетіледі;
      9-бағанда 2 айдан кейін жұмыс орындарының күтілетін қысқартылуы, есепті күнге адам санымен көрсетіледі.
      2-бөлім қызметкерлердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорын қабылдаған шаралар жөніндегі көрсеткіштерді қамтиды:
      01-жолда басқа жұмыстарға (лауазымдарға) қайта бөлінген қызметкерлердің саны мен басқа жұмыстарға (лауазымдарға) ауыстырылған қызметкерлердің саны көрсетіледі;
      02-жолда басқа кәсіптерге оқытылған қызметкерлердің саны – қайта оқудан, қайта даярлаудан өткен және сол қайта оқудан, қайта даярлаудан өткен мамандығы бойынша лауазымдарда жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің саны көрсетіледі;
      03-жолда қайта даярлау мен біліктілігін арттыру үшін жолданған және өтіп жатқан қызметкерлердің саны көрсетіледі.
      3-бөлімді жалақы бойынша мерзімі өтіп кеткен берешегі бар кәсіпорындар (ұйымдар, мекемелер) толтырады.
      01-бағанда жалақы бойынша мерзімі өтіп кеткен берешек – ЕК 134-бабы 1-тармағын бұза отырып төленбей қалған жалақы көрсетіледі, ол есепті кезеңнің аяғында, яғни есепті айдан кейінгі айдың 1- күнінен толтырылады.

«Жасырын жұмыссыздық туралы мәліметтер»


(қысқартылған және ішінара жұмыспен   
қамтылған қызметкерлер, жалақы бойынша
берешек туралы) ведомстволық статистикалық
байқаудың статистикалық нысанын толтыру 
жөніндегі нұсқаулығына (коды 7281201,  
индекс 3-ЕН, кезеңділігі айлық)     
қосымша               

Экономикалық қызмет түрлері


Секция коды

Қызмет түрінің атауы

Бөлімнің коды

А

Ауыл, орман және балық шаруашылығы







Өсімдік өсіру және мал өсіру, аңшылық және осы салаларда қызмет көрсету

01




Орман шаруашылығы және ағаш дайындау

02




Балық өсіру және аквамәдениет

03

В

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді жұмыстау







Көмір мен лигнит өндіру

05




Шикі мұнай мен табиғи газ өндіру

06




Металды кен өндіру

07




Кен өндіру өнеркәсібінің басқа да салалары

08




Кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер

09

С

Өңдеу өнеркәсібі







Тамақ өнімдері өндірісі

10




Сусын өндірісі

11




Темекі өнімдері өндірісі

12




Текстиль бұйымдары өндірісі

13




Киім өндірісі

14




Тері және осы өнімге жататындар өндірісі

15




Жиһазды қоспағанда, ағаш және тығын бұйымдары өндірісі; сабаннан бұйым жасау және өрме материалдар өндірісі

16




Қағаз және қағаз өнімі өндірісі

17




Баспа және жазылған материалдарды қайта шығару

18




Кокс және мұнайды қайта өңдеу өнімдері өндірісі

19




Химия өнеркәсібі өнімдері өндірісі

20




Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі

21




Резина және пластмасса бұйымдар өндірісі

22




Басқа да метал емес минералдық өнім өндірісі

23




Металлургия өнеркәсібі

24




Машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, дайын метал бұйымдар өндірісі

25




Компьютер, электрондық және оптикалық өнім өндірісі

26




Электр жабдығы өндірісі

27




Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі

28




Автокөлік құралдары, трейлер мен жартылай тіркемелер өндірісі

29




Басқа да көлік құралдары өндірісі

30




Жиһаз өндірісі

31




Басқа да дайын бұйымдар өндірісі

32




Машина мен жабдықтарды жөндеу және орнату

33

D

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны желдету

35

E

Сумен қамтамасыз ету; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен қайта бөлуді бақылау







Суды жинау, өңдеу және қайта бөлу

36




Кәріз жүйесі

37




Қалдықтарды жинау, өңдеу мен әкету; қалдықтарды жарату

38




Рекультивациялау және қалдықты әкету саласындағы басқа да қызметтер

39

F

Құрылыс







Ғимараттар мен имараттар құрылысы

41




Азаматтық құрылыс

42




Мамандандырылған құрылыс жұмыстары

43

G

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу







Автомобильдер мен мотоциклдердің көтерме және бөлшек саудасы, және оларды жөндеу

45




Автомобильдер мен мотоциклдерді қоспағанда, көтерме сауда

46




Автомобильдер мен мотоциклдерді қоспағанда, бөлшек сауда

47

H

Көлік және қоймалау







Құрғақ жол көлігі және құбыр бойынша тасымалдау

49




Су көлігі

50




Әуе көлігі

51




Қойма шаруашылығы және көмекші көлік қызметі

52




Почта және курьер қызметі

53

I

Тұру және тамақтандыру қызметтері







Тұруды ұйымдастыру қызметтері

55




Тамақ және сусын өнімдерін беру қызметтері

56

J

Ақпарат пен байланыс







Баспа қызметі

58




Кино-, видеофильм және теледидар бағдарламалы, фонограммалар мен музыкалық жазбалар өндірісі

59




Бағдарламаларды жасау мен телерадиотарату қызметтері

60




Байланыс

61




Компьютерлік бағдарламалау, консультациялар мен басқа да ілеспе қызметтер

62




Ақпарат қызметтерінің жұмысы

63

K

Қаржы және сақтандыру қызметі







Сақтандыру және зейнетақы қорлары қызметтерін қоспағанда, қаржы қызметтері

64




Міндетті әлеуметтік сақтандыруды қоспағанда, сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметі

65




Қаржы және сақтандыру қызметтерін көрсету жөніндегі қосалқы қызметтер

66

L

Жылжымайтын мүлікпен операциялар

68

M

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет







Құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызмет

69




Бас компаниялардың қызметі; басқару мәселелері жөніндегі консультациялар

70




Сәулет, инженерлік ізденіс; техникалық сынаулар мен талдау саласындағы қызмет

71




Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер

72




Жарнама қызметі және нарықтық конъюнктураны зерттеу

73




Басқа да кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

74




Ветеринарлық қызмет

75

N

Әкімшілік және көмекші қызмет көрсету саласындағы қызмет







Жалға алу және лизинг

77




Жұмысқа орналастыру

78




Туроператорлардың, турагенттердің және туризм саласында қызмет көрсететін басқа да ұйымдардың қызметі

79




Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және зерттеп тексеру қызметі

80




Ғимараттар мен аумақтарға қызмет көрсету саласындағы қызмет

81




Әкімшілік-басқару, шаруашылық және басқа да қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

82

O

Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру

84

P

Білім беру

85

Q

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер







Денсаулық сақтау саласындағы қызметтер

86




Тұруды қамтамасыз ету мен күтім жөніндегі қызметтер

87




Тұру қамтамасыз етілмейтін әлеуметтік қызметтерді көрсету

88

R

Өнер, көңіл көтеру және демалыс







Шығармашылық өнер және көңіл көтеру саласындағы қызмет

90




Кітапханалар, мұрағаттар, мұражайлар мен мәдени қызмет көрсететін басқа да мекемелердің қызметі

91




Құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру қызметтері

92




Спорт, демалыс пен көңіл көтеруді ұйымдастыру саласындағы қызмет

93

S

Қызметтердің басқа да түрлерін көрсету







Мүшелік ұйымдар қызметі

94




Компьютерлерді, жеке тұтыну заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

95




Басқа да жеке қызметтерді ұсыну

96

T

Үй қызметшісін жалдайтын және жеке тұтынуы үшін қажетті тауарлар мен қызметтерді өндіретін үй шаруашылықтарының қызметі







Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі

97




Жеке тұтынуы үшін қажетті тауарлар мен қызметтерді өндіретін үй шаруашылықтарының қызметі

98

U

Эксаумақтық ұйымдар мен органдардың қызметі

99


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет