«Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктері мен ғылыми теориялық негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің мінездерін, қарым-қатынастарын, өзін-өзі бағалауларын, жеке тұлғаларын, оларды тәрбиелеудің қазіргі қалыптасқан жүйесін зерттеу, болашақтағы ары-қарай дамуына тигізетін әсерлері, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру ерекшеліктері, соған психологиялық көмек көрсету жолдары анықталады. - «Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін эксперименттік тұрғыдан зерттеу» деп аталатын екінші бөлімде жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтарының алдын алу шараларын ұйымдастыруда қажет болатын ресурстардың мектепте бар екеніне көз жеткізілді. Ата-аналарға жүргізілген сауалнамалар барысында төмендегідей өзгерістер байқалды: ата-аналардың көпшілігі мектептегі алдын алу шараларына қатынасуға деген қызығушылығы артты, педагогтарға кінә артатын ата-аналардың пікірі өзгеріп, балаларының девианттық мінез-құлқының негізгі себептеріне талдау жасалды.
- Жалпыға бірдей мектеп оқушылары мен мiнез-құлықтарында ауытқулары бар жасөспірімдердің өзiн-өзi бағалауы деңгейiн анықтауға байланысты келесi реттегi эксперименталдық әдiстемелер қолданылды:
- Т. Дембо-С.Я.Рубинштейiн әдiстемесi өзiн-өзi бағалаудың ерекшелiктерiн зерттеуге бағытталған.
- Эксперимент барысындағы Т. Дембо-С.Я. Рубинштейннiң өзiн-өзi бағалау әдiстемесiнiң негiзгi мәнi: ол сыналушы оқушының алдында жатқан таза ақ қағазға тiгiнен сызық жүргiзiледi.
- Кейiн сыналушының өз мiнезiн бағалауына келгенде келесi реттегi сұрақтарды ұсындық: «Сенiң мiнезiң қандай?», «Сен неге олай ойлайсың?», «Сенiң мiнезiңнiң қандай жақсы және жаман қасиеттерi бар?»- деген сұрақтар қойылды. Сыналушының бақыты жайлы бағасына келгенде: «Сен өзiндi бақыттымын, - деп санайсың ба?», «Әлде бақытсызбын, - деп ойлайсың ба?», «Неге?», «Бақытты болу үшiн саған не жетiспейдi?»- деген сұрақтар қойылды.
- Өзін-өзі бағалаудың төмен болуы девиантты мінез-құлықтын барлық түрлеріне тән болып келеді. Егер жасөспірімдердің өзін-өзі бағалаудың төмен деңгейіне ие болса, онда ол барлық қарым-қатынас жағынан өз-өзін сыйлы құрметке лайықты емес деп есептеп қабылдайды. Өзін-өзі бағалаудың төменгі деңгейіндегі оқушы әрқашан өз-өзіне жағымсыз қарап, белсенді қарым-қатынастардан, іс-әрекеттерден қашуға тырысады.
- Сонымен қатар, жоғары деңгейде жалпыға бірдей мектептің 6 сыныптарында 20%, ал 8 сыныпта 23%, сондай-ақ, мінез-құлықтарында ауытқулары бар оқушылардың 6-сыныбында 17 %, 8-сыныпта 17 % көрсеткіші белгіленді.
- Жоғары деңгейдегі өзін-өзі бағалау көбінесе жасөспірімдердің құрбыларымен қарым-қатынастары сәтті болмаған кезде кездеседі. Яғни оларды сыйламай, ақылсыз деп ойлаған құрбыларына қарсы, олар өздерін «Мен барлықтарынан да жоғарымын» деген ұстанымды таңдайды.
- Зерттеу барысында әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жәрдемнің төмендегідей бөліктері анықталды: диагностикалық көмек (баланың мінез-құлқындағы ауытқулардың себебін анықтау, оған ықпал етудің қолайлы психологиялық-педагогикалық амалдарын таңдау, мәселелерді шешуге қажетті жағымды психологиялық жағдайларды қалыптастыру); кеңес беру (жоғары сынып оқушыларына кеңес беру шараларын ұйымдастыру); тәжірибелік (көмекті қажет ететін оқушыларға арналған белгілі бір шараларды таңдау және жүзеге асыру); болжау арқылы жәрдем беру (қауіпті ықпалдарды жою мүмкіншіліктерін анықтау және оқушының экзисталдық саласын дамыту).
- «Жақсылық етсең, жетерсің мұратқа,жаманға ерсең қаларсың ұятқа» т.б – осындай нақылды сөздерді оқи отырып, мінез-құлықтың үлгі нормасы ретінде қабылданады. Отбасы жағдайында мұндай ізгі өмірлік мәні зор кез келген мәселені шешуде өзара түсінушілігі мен бірлігін нығайтады. Қолайлы психологиялық ахуал нәтижесінде ата-аналар мен жасөспірімдер арасындағы мейірімді қарым-қатынас жоғалмаса екен деп аяқтағым келіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |