«Жастар – ел тірегі» бағдарламасы
«Жас маман» жобасы
«Жас кәсіпкер» жобасы
Қорытынды
Жұмыссыздық мәселесінің себептері жұмыссыздардың көпшілігі мемлекеттік бағдарламалар туралы білмеуі, адамдардың бойындағы енжарлық пен мемлекеттің қолдауына сенбеушілігі, мемлекет ұсынып отырған жұмысқа барғылары келмеуі, ата-ананың бағыттауы (көптеген ата-аналар баласының беделді мамандықта оқығанын қалайды, осы себептен тұлға өзі қалаған мамандық бойынша білім алмағандықтан, бітірген мамандығы бойынша жұмыс істегісі келмеуі), жұмыс берушілер талап ететін жұмыс азаматтардың біліктілік деңгейі мен жұмыс өтілінің болмауы, жарияланған бос орындар көбінесе жұмыссыздардың еңбек жағдайлары мен төлеміне сай келмеуі, әлеуметтік кепілдіктердің болмауы. Шет ел тәжірибесіне келсек, АҚШ пен Жапония мемлекетінің озық тәжірибелерін алуға болады. Себебі бұл екі мемлекет те индустриясы және инфрақұрылымы дамыған мемлекет. АҚШ-та, негізінен, жұмыссыздық бұрыннан бері кәсіпкерлік саласы арқылы реттеледі. Бұл сала Қазақстанда енді ғана дамып келеді. Қорытындылай келе, мынадай ұсыныстарым бар:
Жоғары және кәсіптік орта оқу орындарында өтетін тәжірибелер теорияға қарағанда көбірек болса мамандардың кәсіби біліктілігі артады.
Оқу барысында өткен өндірістік тәжірибелер студенттерге еңбек кітапшаларын ашу арқылы тәжірибе ретінде жазылып отырса мамандарда тәжірибе көбейер еді.
Мемлекет тарапынан ашылатын өндірістік кәсіпорындар қалалар мен аудандарда да ашылса, жұмыссыздық мәселесі біркелкі шешіледі.
Өзіміздің жас кәсіпкерлерді, ғалымдарды, өнертапқыштарды қолдаса.
Мемлекет жалпы жалақы мәселесін көтеру керек.
Сонымен қатар Қазақстанға тек біздің азаматтардың қолынан келмейтін нәрселерді білетін инвесторларды ғана шақыру керек деп есептеймін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
https://www.enbek.gov.kz/kk
http://stat.gov.kz/
orleu-edu.kz
kk.wikipedia.org,
www.aikyn.kz
Достарыңызбен бөлісу: |