Жастар ісі жөніндегі комитетінің ережесі



Дата08.07.2016
өлшемі30.5 Kb.
#184730
Білім беру мекемелеріндегі жастар ісі жөніндегі комитеті

Жастар ісі жөніндегі комитетінің ережесі

Жастар ісі жөніндегі комитет мемлекеттік жастар саясатын жүргізе отырып, студенттердің және оқушылардың оқу-тәрбие, шығармашылық және қоғамдық жұмыстарымен айналысады. Комитеттің негізгі мақсаты – жастардың қоғамдық өмірге белсенділікпен араласуы мен қоғамның жастар туралы көңілге қонымды, объективті пікірінің қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, жастардың көшбасшылық қабілеттерінін арттыру бағытында жұмыс жасайды. 
Жастар ісі жөніндегі комитет өз қызметін ҚР 2007 жылы 27 шілдедегі «Білім беру» Заңдары мен «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»,
Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы, ҚР Президенті Н.Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына әр жылғы жолдаулары және білім беру мекемелерінің тәрбие және әлеуметтік  жөніндегі жоспарларымен жұмыс атқарады.


Жастармен жұмыс жүргізудің міндеті: 
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатын студенттер және оқушылар арасында насихаттау; 
-  Жастардың әлеуметтік құқығын қорғау
-  Жастардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру; 
- Жастар арасында достық, бауырластық және халықтар  бірлігі идеяларын насихаттау; 
-  Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау
-   Жастардың  бос уақытын тиімді пайдалануына бағыт бағдар беру;
-   Талантты жастарға қолдау көрсету
- Жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, коммерциялық емес жастар ұйымдарымен қарым-қатынасты нығайту.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет