Жастар қуаты – Қазақстан қуаты



Дата27.02.2016
өлшемі59.5 Kb.
#27819
Л.Н.Гумилев атындағы

Eуразия ұлттық университетінің

баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы

Астана қ.,Мирзоян көш. 2
тел: 8 (7172) 70-95-48
ЖАСТАР ҚУАТЫ – ҚАЗАҚСТАН ҚУАТЫ

2017-ші жылы еліміздің тұңғыш ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлектері «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне қатысады. Сол себепті, әлемге – танымал халықаралық көрмеге білікті маман ретінде қосылатын бірінші курс студенттеріне арналған «Жастар қуаты – Қазақстан қуаты» атты театрланған салтанатты жиын өтпек.

2013 жылы 5 қараша күні «Қазақстан» орталық концерт залында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірінші курс студенттерін «Студенттер қатарына қабылдау – 2013» мерекелік шарасы өтеді.

Қазақстанның білім беруде сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз (БСҚТҚА) агенттігінің зерттеу қорытындылары бойынша екі жыл қатарынан
1 орынды иеленген, Халықаралық QS World University Rankings агенттігінің 2013/2014 рейтингісінде 17 000 жоғары оқу орнының арасында бір жылда 369 орыннан 66 сатыға жоғары көтеріліп 303-ші сатыға орнығып, ТМД елдерінің бес үздік университетінің қатарына енуге мүмкіндік туды.

Елбасының ықпалымен 1996 жылы іргетасы қаланған білім шаңырағы, бүгінде егемен еліміздің жас астанасымен бірге жасасып келеді. 2003 жылдың 9 сәуірінде университеттің оқу-зертханалық ғимаратының ашылу сәтінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Элиталық университет болу үшін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық университеті барлық қажетті талаптарға жауап береді және ең жоғары сапалы кәсіби маман даярлайтынына үміттенемін және сенемін», - деген болатын. Президентіміздің осы сөзін басшылыққа алған оқу ордасының ұжымы қазір жүйелі жұмыс жасап, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Өткен 2012-2013 жылдар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті үшін жемісті жыл болды. Ел Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына ие болу университет үшін мәртебелі марапат. Бұл сыйлық университеттегі ұжымның қызметтегі табысы мен оқу орнында инновациялық зерттеулерді дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін беріліп отыр.

Еуразия ұлттық университетінде студенттердің сабақтан тыс уақытын тиімді пайдаланып, өзіне ұнаған хоббиімен айналысып немесе шығармашылығын арттыруға, рухани жан дүниесін байытуға, отансүйгіштік пен патриоттыққа баулуға арналған көптеген жастар ұйымдары мен шығармашылық ұжымдары бар.

Солардың бірқатарына тоқталып өтсек:

Университет баскетболшылары  2012 жылғы қазан айында Халықаралық Студенттiк баскетбол лигасына, ТМД елдері арасындағы ЖОО-ның 22 командалар құрамына кiрдi;

Азат Тұрсын – Литвада өткен жастар арасындағы Гир спортының күміс жүлдегері;

 І Ұлттық студенттік Слет өтті;

Студенттерге арналған Медициналық орталық ашылды;


Ел Президентінің «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымы бойынша «Алтын сапа» сыйлығын иелену;

«Ең үздік оқытушылар - 2012»  - 11 оқытушы;



ЕҰУ студенті Гүлістан Омарова«Қазақстанның екінші вице-мисі»;

ЕҰУ - Университттердің Еуроппалық қауымдастығының мүшесі;

ЕҰУ көптеген ғалымдарына мемлекеттік ғылым стипендиялары бөлінді. Олар: Максим Здоровец, Сағымбек Алтайұлы, Шолпан Жарқынбекова,
Ратбай Мырзақұлов, Ерлан Нұрсұлтанов, Құралай Есмаханова;

оқытудың дуалды жүйесін ұйымдастыру аясында бірқатар студенттер Павлодар облысындағы Ақсу мекеннде оқу үдерісін үйренуде;

академиялық ұтқырлық желісі бойынша 420 астам студент шетелде білім алса, екі дипломды білім бойынша 70 студент;

Қазақстан – Белоруссиялық «бағдарламалық инженерия» оқу-зерттеу лабораториясы ашылды;

«Шешен сөз» номинация бойынша – Астана жоо арасындағы ең үздігі;

жұмыс жәрмеңкелері жыл сайын өтеді;

Қазақстандағы тұңғыш - Еnuvision музыкалық жобасы;

VI Астана экономикалық форумы аясында ұйымдастырылған Бүкіләлемдік экономикалық жастар форумы өтті;

ЕҰУ-і Symonds QS Quacquarelli біргелесе "Жоғары оқу орындарына арналған Стратегиялар: Глокалды тәсілдеме" атты Халықаралық семинар өткізді;

Сұлукен Рахмадиева – биорганикалық химия ҰЗИ директоры– «ҚР Еңбегі сіңген өнертапқыш» атағын иеленген тұңғыш әйел;

ЕҰУ «Студенттік көктем-2013» байқауындағы «Елорданың ең үздік командасы» кубогының жеңімпазы;

Қазақстан халықтары Ассамблеясы кафедрасы ашылды;

ЕҰУ магистранты Айбек Нұғымаров «Қазақстан барысы» белбеуінің жеңімпазы;

«Самұрық» шоу-балеті – Республикалық «Би әлемі» конкурсының гран-при иегері, халықаралық дельфи ойындарының күміс жүлдегер;

ЕҰУ-нің студенттік кинотеатырында Ш.Айманов атындағы Қазақфильм түсірген фильмдер апталығы өтті;

Қазақстанның білім беруде сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз (БСҚТҚА) агенттігінің зерттеу қорытындылары бойынша екі жыл қатарынан


1 орынды иегері;

ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокованың қолдауымен ЮНЕСКО кафедрасын ашылды;

ЕҰУ-і QS World University Rankings агенттігінің 2013/2014 рейтингісінде 369 орыннан 66 сатыға жоғары көтеріліп 303-ші сатыға орнықты;

Ақордада «Mangi El» халықаралық журналының тұсаукесері өтті;

«Expo – 2017» - «Жасыл аймаққа» қосқан үлесі ұранымен университет маңында «Университет» саябағы ашылды;

тарих факультеті құрылды;

жылсайынғы студенттік Вена балы өтеді;

1 курс студенті Ажар Кенбейіл - самбодан жасөспірімдер арасындағы Әлем Чемпионатының чемпионы;

ЕҰУ Әскери кафедрасы ҚР Қорғаныс министрлігі өткізген конкурстың 1 орын иегері. Осы секілді марапаттар, алғыс хаттар мен сан түрлі жүлделі орындар универитет өмірін қызықты етеді.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 13 факультетінде 12500 жуық студент білім алады.

Жаратылыстану,ақпараттық технологиялар, физико – техникалық, көлік және энергетика, экономика, журналистика және саясаттану, заң, әлеуметтік ғылымдар, филология, механика және математика, халықаралық қатыныстар және де қайта құрылған тарих факультеттерінде ҚР ҰҒА академиктері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, құрметті профессорлар, мемлекеттік сыйлықтың иегерлері және мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттары дәріс оқиды.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов "EXPO – бұл бүкіл ел үшін аса маңызды оқиға. Қоғамның ең белсенді бөлігі ретінде жастар осы шынында да ұлттық жобаны қолдайды. Біздің 12 мың студенттеріміздің барлығы қазір-ақ ЕХРО-2017 Халықаралық көрмесін  өткізу үшін дайын волонтерлер. Олар бағасыз тәжірибе мен іскерлік дағды алады. Біз жұмысқа қазірден-ақ кірісуге дайынбыз...»-деген болатын. Университет жастары мұндай көрмелердің экономиканы, мәдениетті, білімді, сол сияқты әлеуметтік саланы дамытуға көмектесетіндігін біліп, өз үлестерін қосуға дайын.



Университеттің алдағы алар асулары мен бағындырар биіктері үшін бар күш-жігерін салатын, сапалы білім алып, елінің, жерінің өркендеуіне өз үлесін қосатын жастарымызға сәттілік тілейміз.
Ұйымдастарушы:

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Өткізу күні: 2013 жыл 5 қараша, сағат 18.00

Өткізу орны: «Қазақстан» Орталық концерт залы


Аккредитациядан өту үшін, ЕҰУ баспасөз-қызметіне хабарласыңыздар

+7 (7172) 709 -548

+7(7172) 70-95-00 (31-116,31-118 внутр)

+ 7701 742 88 24, asel.sarsenbinova@mail.ru - Әсел Сарсенбинова

+7 702 363 60 05, lyaka-tompi@mail.ru – Ляйля Рахманова

+7-701 366 35 99, zann_e22@mail.ru - Еркежан Садуақасова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет