Құжат тақырыбы


жаттығу. Бет ( поверхность) тұрғызу. Беттің формуласы



бет45/48
Дата02.01.2022
өлшемі1.02 Mb.
#452265
түріПрограмма
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
ИКТ

жаттығу. Бет ( поверхность) тұрғызу. Беттің формуласы:




  1. Өз бумаңызда Лаб_Ex_10 деп аталатын жұмыс кітабын құрыңыз.

  2. х-тің мәндерін 0,2 қадаммен А2 ұяшықтан бастап баған түрінде енгізіңіз;

  3. у-тің мәндерін 0,2 қадаммен В1 ұяшықтан бастап жол түрінде енгізіңіз;

  4. В2 ұяшыққа формула: =3*А2^2 – 2* SIN(B1)^2*B1^2 жазыңыз;

Формуланы жазып болғаннан кейін оны қалған ұяшықтарға көшіру кезінде адрестердің дұрыс өзгеруін бақылап көріңіз, қорытынды жасаңыз: х-тің мәндері барлық уақытта А бағанында болуы керек, сондықтан баған өзгеріп кетпес үшін оның алдына абсолют адрестің белгісі қойылады, яғни $А болады, ал у-тің мәндеріне сәйкес бірінші жолдың адресі $1 болып өзгереді.

  1. Ендеше осыған сәйкес В2 ұяшықтағы формуланы: =3*$А2^2 – 2* SIN(B$1)^2*B$1^2 түрге келтіреміз /9-сурет/;

  2. z –тің қалған мәндерін толтыру маркерін пайдалана отырып, шығарыңыз;

  3. Ол үшін В2:В12 диапазонды белгілеп алып толтыру маркерін сәйкес тіктөртбұрышты обылыс толғанға дейін созасыз;.


9-сурет


  1. Кестені х, у, z. мәндерімен қоса белгілеп алыңыз;

  2. Диаграмма шеберін ( Мастер диаграмм) шақырыңыз, диаграмма типінен Поверхность (1-ші түрін ) таңдаңыз;

  3. Диаграмманың параметрлерін өзгертіңіз;

  4. Диаграмманы сол бетке орналастырыңыз, атын Поверхность деп өзгертіңіз.

  1. жаттығу. “Подбор параметра” командасын пайдаланып х3-0,01х2-0,7044х+0,139104=0 теңдеуді шешіңіз.

Теңдеуді шешу үшін түбір жатқан аралықты анықтау керек, сондықтан у(х)= х3-0,01х2-0,7044х+0,139104 функциясыының мәндері табылады, қажет болса графигі де салынады.



  1. А2:А12 диапазонға [-1;1] аралығын 0,2 қадаммен жазамыз /10-сурет/;

  2. В2 ұяшыққа =А2^3-0.01*A2^2-0.7044*A2+0.139104 формуласы жазылады;

  3. Функцияның қалған мәндерін толтыру маркерін пайдаланып шығарыңыз;

  4. Функция таңбасы өзгеретін аралықтарды анықтаңыз: [-1;-0.8], [0.2;0.4], [0.6;0.8], бастапқы жуықтаулар ретінде бұл аралықтардың ортасы алынады;

  5. Бастапқы жуықтаулардың мәндері сәйкесінше С2; С3; С4 ұяшықтарға жазылады;

  6. D2 ұяшыққа =С2^3-0.01*С2^2-0.7044*С2+0.139104 формуласы жазылады да ол D3, D4 ұяшықтарына да көшіріледі;

  7. D2 ұяшығы белгіленеді; .

  8. Сервис->Подбор параметра командасын орындаңыз;

  9. Пайда болған Подбор параметра терезесіндегі Установить в ячейке тұсында D2 тұрады;.

  10. Осы терезедегі Значения тұсына 0 жазыңыз. Бұл теңдеудің оң жағын білдіреді ;


  11. Изменяя значение ячейки тұсына С2 жазасыз. Бұл бірінші аралықтағы түбірдің жуық мәні шығатын ұяшық /10-сурет/.

10-сурет


  1. ОК басылады;

  2. Дәл осылай қалған екі түбірдің мәндері С3 және С4 ұяшықтарда шығарылады;

  3. Теңдеудің түбірлерін графиктік әдіспен табуды өзіңіз орындаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет