Жұмыстық беттермен жасалатын әрекеттер:
Жұмыстық беттің атын өзгерту: жұмыстық бетке сәйкес ярлыктың атына екі рет шертіледі немесе сол ярлыктың контекстік мәзіріндегі Переименовать командасы орындалады да жаңа ат жазылады; жұмыстық бетті жою: Правка→Удалить лист немесе бетке сәйкес ярлык контекстік мәзіріндегі Удалить командалары арқылы жүзеге асырылады;
Беттің орынын ауыстыру немесе көшіру: Правка→ Переместить/Скопировать лист немесе бетке сәйкес ярлык контекстік мәзіріндегі Переместить/Скопировать лист командаларының бірі арқылы жүзеге асырылады; көшіруді орындау үшін Переместить / скопировать лист терезесіндегі Создавать копию бөлімі іске қосулы болу керек;
Бет қосу: алдына жаңадан қосылатын бет орналасатын, жұмыстық бет ярлыгына шертілгенде шығатын контекстік мәзірден Добавить командасы орындалады да, пайда болған Вставка диалогтық терезесінен Лист белгісі таңдалынып, ОК басылады.
Достарыңызбен бөлісу: |