Саяси қақтығыстарды реттеу технологиялары.
Қақтығыстар орын алған жағдайда тараптар солардың көмегімен келісімге келетін әдістер үлкен рөл ойнайды. Тым жалпы түрде ол авторитарлық немесе демократиялық стильде болуы мүмкін. Авторитарлық стиль қақтығыста күшті және әлсіз қатысушылардың бар екенін білдіреді. Күшті тарап әлсіз тарапқа өз шешімін таңады. Осы орайда, мектеп директоры мен оқушының немесе ата-ана мен жасөспірім баланың арасында егесті жағдай туындаған жағдайда қай тараптың қандай рөлде болатынын білу қиын емес тәрізді. Алайда, мұндай жағдайда рөлдердің басқаша бөлінуі де мүмкін. Демократиялық стиль келіссөздерге және өзара шегініс жасау жолымен келісім іздеуге негізделеді. Егес нысанын пайдалануда объективті себептерге байланысты шектеулер міндетті түрде орын алатын жағдайда бір тараптың шегініске баруына тура келеді. Айталық, бокспен шұғылданып жүрген мектеп оқушылары өздерінің жаттығу залын түстен кейінгі уақытқа беру туралы өтініш жасады. Алайда дәл осы уақытта ол жерде гимнастика секциясы жаттығу жасайды. Мұндай жағдайда жаттығу уақытын қайта қарауға және оларды белгілі бір нақты шеңбермен шектеуге тура келері анық. Нәтижесінде, барлық тараптарды қанағаттандыратын шешімге қол жеткізуге болады. Өзіңнен қуатты бәсекелесті өзіңнің дұрыс екеніңе сендіру үшін салмақтырақ дәйектерді ұсына білу керек. Алайда, қақтығысты назарға алмау мүлдем дұрыс болмас еді. Егер біреудің мүдделері үнемі аяқасты бола беретін болса, бүл алдын ала біліп болмайтын салдарларға алып келуі мүмкін. Әдетте, қақтығыс жеке мәселелер бойынша туындайды. Алайда ұзақ уақыт бойы созылатын әрекетсіздік бұдан гөрі маңызды салаларға өтіп кетуі мүмкін. Мәселен, дастархан басындағы жүріс-тұрыстардан туындайтын егес уақыт өте келе «әкелер мен балалар» арасындағы қақтығыс оты тұтанатын шоққа айналуы мүмкін. Мұндай жағдайда ескі көңіл толмаушылықтар мен наразылықтардың барлығы қайта еске түсіріліп, олардың арасындағы қарым-қатынастарға айтарлықтай сызат түсері анық. Қоғамдағы қақтығыстардың себептері айтарлықтай терең болуы және олар тым үлкен салдарларға алып келуі мүмкін. Олар көп жағдайда ондаған және жүздеген жылдар бойы созылады. Елдер арасындағы қайшылықтар соғыстарға ұласып кетуі де мүмкін. Әсіресе қоғамдағы әртүрлі этникалық топтардың мүдделері бір-біріне қарсы қойылғай жағдайлар тым қауіпті. Қарама-қайшылықтарға бірнеше күнде жол беріп қою мүмкін болғанымен, қақтығыс салдарын одан кейін ұзақ жылдар бойы түзеуге тура келеді.
Саяси қақтығыс және оны шешу жолдары
/Политология /Саяси қақтығыс және оны шешу жолдары
Әрбір қоғам көптеген адамдарды, партияларды, ұйымдарды, әлеуметтік топтарды біріктіретіндіктен, әр адамның, әр топтың өзіндік ерекшеліктерге ие мүдделері мен талаптары болады. Кейде осы мүдделер қақтығысып қалатын жағдайлар да орын алып отырады. Мәселен, белгілі бір аудан тұрғындары үйлеріне жақын жерден көлік гараждарын немесе жанармай станциясын салуға болмайды деп санайтын кезде, ал қала әкімдігі құрылыс жоспарын бекітіп қойған жағдайда қақтығыстың әбден орын алуы мүмкін екендігін сеніммен айтуға болады.
Қақтығыстар үлкен ауқымда да көрініс табуы мүмкін. Мәселен, оппозициялық партия кандидаттардан арнайы қорларға ақша төлеуді талап ететін сайлауалды заңнамасымен келіспей, заңның осы бабын қайта қарауды талап ететін жағдайда да қақтығыс орын алуы мүмкін. Біздің әрқайсысымыз осы тәрізді орын алуы мүмкін көптеген қақтығыстардың қатысушылары бола аламыз.
Әдетте, ең күрделі қақтығыстар тек шектеулі түрдегі заттар туралы егестердің төңірегінде орын алады. Мәселен, көрші елдердің арасында шекараларда орналасқан су ресурстарын бөлу бойынша пікір қайшылықтары көп орын алады. Осы ретте, болашақ астық пен өнімдер суарылатын жерлермен тікелей тәуелділікте көрінетін Орталық Азия елдері арасында өткір ахуалдардың орын алуы әбден мүмкін. Біздің еліміздегі көптеген экологиялық ұйымдар мен саясй қайраткерлер Ертіс өзенін бұру жолымен Қытайда салынып жатқан Ертіс — Қарамай каналына қатысты алаңдаушылық білдіруде, өйткені бұл жағдайда Қазақстанның едәуір аумағы қүрғақшылық тартатыны анық. Мұндай жағдайларда қақтығысты шешу үшін оған қатысушы тараптардың белгілі бір түрде шегіністер жасауы талап етіледі.
Қақтығыстарды шешу жолдары мен әдістері
Қақтығыстар орын алған жағдайда тараптар солардың көмегімен келісімге келетін әдістер үлкен рөл ойнайды. Тым жалпы түрде ол авторитарлық немесе демократиялық стильде болуы мүмкін. Авторитарлық стиль қақтығыста күшті және әлсіз қатысушылардың бар екенін білдіреді. Күшті тарап әлсіз тарапқа өз шешімін таңады. Осы орайда, мектеп директоры мен оқушының немесе ата-ана мен жасөспірім баланың арасында егесті жағдай туындаған жағдайда қай тараптың қандай рөлде болатынын білу қиын емес тәрізді. Алайда, мұндай жағдайда рөлдердің басқаша бөлінуі де мүмкін. Демократиялық стиль келіссөздерге және өзара шегініс жасау жолымен келісім іздеуге негізделеді. Егес нысанын пайдалануда объективті себептерге байланысты шектеулер міндетті түрде орын алатын жағдайда бір тараптың шегініске баруына тура келеді. Айталық, бокспен шұғылданып жүрген мектеп оқушылары өздерінің жаттығу залын түстен кейінгі уақытқа беру туралы өтініш жасады. Алайда дәл осы уақытта ол жерде гимнастика секциясы жаттығу жасайды. Мұндай жағдайда жаттығу уақытын қайта қарауға және оларды белгілі бір нақты шеңбермен шектеуге тура келері анық. Нәтижесінде, барлық тараптарды қанағаттандыратын шешімге қол жеткізуге болады.
Өзіңнен қуатты бәсекелесті өзіңнің дұрыс екеніңе сендіру үшін салмақтырақ дәйектерді ұсына білу керек. Алайда, қақтығысты назарға алмау мүлдем дұрыс болмас еді. Егер біреудің мүдделері үнемі аяқасты бола беретін болса, бүл алдын ала біліп болмайтын салдарларға алып келуі мүмкін. Әдетте, қақтығыс жеке мәселелер бойынша туындайды. Алайда ұзақ уақыт бойы созылатын әрекетсіздік бұдан гөрі маңызды салаларға өтіп кетуі мүмкін. Мәселен, дастархан басындағы жүріс-тұрыстардан туындайтын егес уақыт өте келе «әкелер мен балалар» арасындағы қақтығыс оты тұтанатын шоққа айналуы мүмкін. Мұндай жағдайда ескі көңіл толмаушылықтар мен наразылықтардың барлығы қайта еске түсіріліп, олардың арасындағы қарым-қатынастарға айтарлықтай сызат түсері анық.
Қоғамдағы қақтығыстардың себептері айтарлықтай терең болуы және олар тым үлкен салдарларға алып келуі мүмкін. Олар көп жағдайда ондаған және жүздеген жылдар бойы созылады. Елдер арасындағы қайшылықтар соғыстарға ұласып кетуі де мүмкін. Әсіресе қоғамдағы әртүрлі этникалық топтардың мүдделері бір-біріне қарсы қойылғай жағдайлар тым қауіпті. Қарама-қайшылықтарға бірнеше күнде жол беріп қою мүмкін болғанымен, қақтығыс салдарын одан кейін ұзақ жылдар бойы түзеуге тура келеді.
Әдетте, ірі қоғамдық және халықаралық қақтығыстар туындайтын жағдайда, ондағы тараптарда одан шығудың бірнеше жолы болады. Олардың ішінде төмендегілерді айта кетуге болады:
— Қарулану жолы, яғни бұл жағдайда күш қолдануда өз басымдығын көрсеткен тарап жеңіске жетеді. Негізінен әскері жақсы дайындалған және қаруланған тарап бар кезде басқаларды жеңіп отырады.
— Келіссөздер жолы. Тараптар бірқатар шегіністер жасауға келісе отырып, келісімге келетін жолдарды іздейді. Келіссөздер тараптардың мүдделерінің заңдылығы өзара қүрметтелетін және, мойындалатын жағдайда ғана орын алуы мүмкін. Консенсусқа, яғни тараптардың жалпы және толық келіеіміне қол жеткізу..- келіссөздердің ең ұтымды нәтижесі деп айтуға болады. Тек компромисс ғана қақтығыстың барлық қатысушыларының мүдделерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
— Қақтығысқа түсіп отырған тараптардың сенімі мен құрметіне ие адамдар мен ұйымдардың делдалдығы. Делдалдың егестерді бітімге келтіруде біршама тәжірибесі болуы тиіс. Одан бөлек, олардың қолдарында қақтығыстарды шешу тетіктері болған жағдайда делдалдардың әрекеттері пәрменді болады.
Қарулану жолы міндетті түрде адамдардың өліміне, шаруашылықтардың күйреуіне, қоныс аударуға мәжбүр болатын басқа да салдарларға алып келеді. Көптеген құрбандықтар мен зардаптарға алып келгендіктен, мұндай жолмен қол жеткізілген жеңіс иллюзиялық сипатта болатыны айтпаса да түсінікті.
Достарыңызбен бөлісу: |