Жауап: Талапова Назгул-61,62,63,64 №21 билет



бет1/4
Дата13.06.2022
өлшемі23.25 Kb.
#459171
  1   2   3   4
ХОӘ-61,62,63,64-жауап-Назгул


Жауап: Талапова Назгул-61,62,63,64
21 билет

  1. Химия курсының мазмұнын таңдауға және оқытуға қойылатын дидактикалық талаптар.

Химия курсының мазмүны химия ғылымының қолы жеткен табыстарын дидактикалық талдау арқылы мына негіздерге сай анықталады жэне оқытылады: ғылымилығы, жүйелілігі, түсініктілігі, саналылығы мен белсенділігі, кѳрнекілігі, теорияның сарамандылыққа байланыстылығы.
Ғылымилығы. Орта мектептегі химияның негізіне ғылымда толық шешімін тапқан деректер мен козқарастар кіреді. Олар ғылымдағы мэліметтерге толық сәйкес келіп, заттар мен қүбылыстар туралы ақиқатты бүрмаламай жеткізу тиіс.
Жүйелілігі. Оқу материалы ғылым логикасына сәйкес бірінен бірі туындайтын ретпен орналастыралады. Жаңа материал отілгенді ескеріп беріледі де, озі соңындағыларға негіз болады. Жүйелік негізі, эсіресе, химияның негізгі үғымдарын қалыптастырғанда ескеріледі. Ол үшін деректі материалдарды заттар жэне химиялық реакциялар туралы үғымдар жүйесіне біріктіреді.
Түсініктілігі. Бүл ғылыми негізге- кереғар, жүйелікке тура қатысты болады. Оқу материалдарының түсінікті болуы кѳлеміне жэне ғылыми деңгейіне байланысты, сондықтан кейбір ғылыми ақпарды оңайлатып беруге тура келеді. Оңайлатудың дэрежесін тым тѳмендетіп жіберсе, бүрмалаушылыққа әкеліп соғады.
Саналылық жэне белсенділік негізі - оқыту барысында мұғалім мен оқушы еңбегінің ара салмағын оқушылар жағына ауыстырып, олардың пэнге қызығуын жэне білім алудағы белсенділігін арттыру. Ол үшін білімнің қажеттігі мен пайдасына оқушылардың кѳздерін жеткізіп, оздігінен жұмыс істей білуге үйрету керек. Оқушылар термин арқылы берілетін ұғымның негізгі белгілерін, зат атауының шығу төркінін, химиялық символиканың мэні, мағынасын түсіне білуі керек.
Кѳрнекілік принципі - дидактикалық ертеден қалыптасқан түпкілікті негіздерінің бірі, химияны оқытуда маңызы орын алады. Оқушылар білімді заттар мен химиялық эрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс: атом мен молекула құрылысының, ондірістік қондырғылардың модельдерін, суреттерін, сызбанұсқаларын пайдаланады. Осы арқылы бәрінде оқушылар жан-жақты бақылау жасауға, эр корнекіліктен барынша мол ақпар алуға, бақылау нэтижелерін қорытындылап, түсіндіре білуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет