Жауапкершілікті мінез-құлық – аитв-дан қорғайды. 2014 жылғы 7 сәуірде ҚР-да «Ұзақ жасау өз қолыңда»



Дата27.02.2016
өлшемі27.5 Kb.
#28397
Жауапкершілікті мінез-құлық – АИТВ-дан қорғайды.

2014 жылғы 7 сәуірде ҚР-да «Ұзақ жасау өз қолыңда» деген ұранмен Дүниежүзілік денсаулық күні өткізіледі, осыған әр адам қатысуға, БМСК ұйымдарындағы Мектепте болуға, бұрындары анықталған әлеуметтік-мәні бар ауруларына скрингтік тексеруден өтуіне, салауатты өмір салтын ұстанушы болуына және өз денсаулығын сақтауға бірлесе жауапкершілік артуға шақырылады.

Дүниежүзілік Денсаулық күні қарсаңында Маңғыстау облысында, сонымен бірге бүкіл Қазақстан бойынша халықтың денсаулығын сақтауға жыне нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Денсаулыққа 7 қадам» атты марафон өткізіледі. ДДҰ деректері бойынша, адам денсаулығының 50% өмір сүру салтына байланысты болады. Көптеген созылмалы инфекциялық емес аурулардың (жүрек-қан тамырлары жүйесі, қант диабеті аурулары және басқалары) дамуы адамның өмір сүру салтына байланысты болады.

Өмір сүруге қауіпі «АИТВ-инфекциясы» ауруының пайда болуы, тұрғын халықтың мінез-құлық дағдыларына байланысты. Қазіргі кезде дүние жүзі, АИТВ-инфекциясы індеті дамуының шоғырланған сатысын бастан кешуде; ҚР-да індеттің негізгі қозғаушы күші – инъекциялық есірткі болып отыр. Бұл індеттің өзіндік ерекшелігі бар: жазмыштық зардабы, ғаламдық ауқымы, азаймауы, тұрақтандыру беталысының болмауы, оның алдын алу - талқылауды қажет ететін мінез-құлық дағдыларына, сезімталдық мәселелеріне байланысты болуда. АИТВ-жұқтыруды абайлататын вакциналар жоқ, АИТВ-дан емдеп жазатын дәрі-дәрмектер жоқ. АИТВ-инфекциясы індетінің еліміздің экономикалық дамуына қолайсыз әсері бар, денсаулық сақтау жүйесіне жүктелімді күрт арттырады, халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын төмендетеді, жетім балалар санын көбейтеді. Қазақстан АИТВ-инфекциясының ахуалына қатысты тұрақсыздығы бар елдер қатарына жатады. Сырқат сатысының жиі жылжуы бар аурудың жаңа жағдайлары анықталуда, бұл – тұрғын халық пен медицина қызметкерлерінің сақтануы мен хабардарлығының жеткіліксіздігін айғақтайды. 2014 жылдың 2 айында елімізде жаңадан 444 жағдай, оның ішінде 4 балада жағдай орын алды. Көпшілігі 65,2% жас адамдар, бұлар 20-39 жастағылар. Таралуының негізін ИЕТ айқындап отыр, алайда жыныстық жолымен таралу үлесі 60,2% өсіп отыр. Әйелдер арасында АИТВ-инфекциясы жағдайы санының өсу беталысы тіркелді ( 2011 ж. 19% -дан 2014 ж. 42,6% дейін).

Бүгінгі күнге өскін ұрпақтың мінез-құлқын мейлінше қауіпсіздікке қарай өзгеруді қамтамасыз ету, АИТВ таралуын тежеудің өзекті тетігі болып табылады. Әрбір жас адамның өмірінде белгілібір қауіптер мен тәуекелдер кездеседі. Ол тәуекелді жағдайларды болдырмау үшін, осыларды танып -білуді үйренуге және өзі үшін қауіпсіз мінез-құлық қағидасын анықтап белгілеуі керек. Осындай қағидалардың арасында ерте бастан сексуалдық қатынас жасауды дәлелді кейінгі мерзімге шегеру жетекші орындардың біріне ие. Жасөспірімге осындағы ахуалды бағалай білуі, шешім қабылдай білуі, «жоқ» деп айта білуі, махаббаттың баламалы тәсіліне сөз айта білуі (келісуі) көмектеседі. Егер жыныстық қатынасты бастауды кейінге қалдыру, қалай болғанда да мүмкін болмаса, мейлінше дәлелді қауіпсіз жолын таңдау керек, АИТВ-ның берілуіне кедергі жасайтын, жауапкершілікті мінез-құлықты іске асыру керек.

Қалыптасқан жағдайларда АИТВ-ның алдын алудың ең тиімді шарасы, осы саладан алдын ала білім беру болып табылады. Ол адамдарға, осыдан бізге төнетін қауіп туралы және осы төнген қауіпті қалай болдырмауға болатындығы туралы білім беруге тиіс. Адамдардың ділін және мәдениетін өзгерту, оларды проблемаға теңдей қарауға тәрбиелеу керек.



Ауруға тәуекелдік пен осалдық дәрежесін төмендетуге дәлелді қолдау мен дағдыларға үйрету жөніндегі міндеттер – отбасына, педагогтар мен медициналық қызметкерлерге жүктеледі. Қазіргі заман жағдайында бұл міндетті орындауға әбден болады.

ЖИТС МОО дәрігер-эпидемиологы Н.Н. Синельникова.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет