Жаугашева с. К. Пивень л. И. Асмагамбетова м. Т. Дилдабекова г. Т. Дилдабекова н. Т. Фармакология бойынша та



жүктеу 1.38 Mb.
бет1/9
Дата09.06.2016
өлшемі1.38 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

ЖАУГАШЕВА С.К. ПИВЕНЬ Л. И. АСМАГАМБЕТОВА М.Т.

ДИЛДАБЕКОВА Г.Т. ДИЛДАБЕКОВА Н.Т.

ФАРМАКОЛОГИЯ БОЙЫНША ТАҢДАМАЛЫ ДӘРІСТЕР КУРСЫ
Оқу құрал

ҚАРАҒАНДЫ - 2008

ӘОЖ 615

КБЖ 82.81 я 7

Ф 24

Пікір берушілер:



Е.А. Алимбаев – м.ғ.к., КазФармИ фармакогнозия кафедрасының медико-биологиялық пәндер курсының доценті

Р.Д. Конакбаева – м.ғ.д., № 2 ішкі аурулар кафедрасының доценті

Г.С.Кемелова - м.ғ.к.., халықаралық бөлімінің меңгерушісі

Ф 24 Фармакология бойынша тандамалы дәрістер курсы : Оқу құрал /Жаугашева С.К., Пивень Л.И., Асмагамбетова М.Т., Дилдабекова Г.Т., Дилдабекова Н.Т.– Қарағанды. – 2008ж. - 85б.

КБЖ 82.81 я 7

Фармакологиядан таңдамалы дәрістер курсы қазақ тілінде барлық факультеттердің студенттеріне арналған.

Бұл жазылған жұмыста антисептиктермен химиотерапевтикалық заттардың әр-түрлі фармакологиялық топтарына негізделген сипаттамалары берілген.

Медициналық жоғары оқу орындарының барлық факультетінің студенттеріне арналған.

ҚММА ӘК отырысында талқыланды және қабылданды № 5 Хаттама 19. 04. 07.

ҚММА Ғылыми Кеңесінің шешілімімен басылымға ұсынылды № 10. Хаттама 26. 04. 07.



ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ

ГЭТ – гематоэнцефалды тосқауыл

РНК – рибонуклеинді қышқыл

АІЖ – асқазан ішек жолдары

ЖИТС – жүре пайда болған иммунды тапшылық синдромы

ОЖЖ – орталық жүйке жүйесі

ДНК – дезоксирибонуклеин қышқылы

КМТ – концентрацияны минималды төмендету

АИВ – адамның иммунды тапшылық вирусы

ГИНВП – гидразид изоникотин қышқылының препараттары

ПАСК – парааминосалицил қышқылы

МҚП – микробқа қарсы препараттар

ДДҰ – дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы

ГАМК – гаммааминомай қышқылы

ФК - фармакокинетикасы

К І Р І С П Е
Жұқпалы ауруларды емдеуде, химиотерапевтикалық заттарға, оның ішінде антибиотиктерге маңызды орын бөлінген. Сонымен бірге Аnon келесі сөздері айқын болып келеді « Біз антибиотиктер ғасырына өтіп бара жатқан медицина тарихының бір кезеңі, көптеген табиғи ресурстар жұмсалып жатқан кезде ,микробтар адамдардан ақылды болып табылды».

Пенициллиннің ашылуынан кейін 60 жыл өтседе , бірақ қазірге дейін не себептен антибитиктер тек белгілі микроорганизмдер топтарынан тұзіледі және антибиотиктердің табиғи қызметтері қандай екендігі белгісіз.

Берілген дәрістер жинағы оқытудың сұрақтарына жауап болып табылды .

Фармакологияның маңызды бір бөлімдері бойынша жалпылаушы фактор және жағдайлардың болмауына байланысты, әсіресе мемлекеттік тілде, осы жұмыс негіз болып табылады.

Берілген жинақта химиотерапевтикалық препараттардың қазіргі жіктелуі қарастырылған, фармакокинетика және фармакодинамикаға, тағайындалушы заттардың комбинациясына, кері әсеріне маңызды көңіл бөлінген.

Химиотерапевтикалық заттар бойынша таңдамалы дәрістер жинағы, медициналық академияның барлық факультеттер ұшін, мемлекеттік тілде оқитын студенттерге арналған.



Антисептиктер және дезинфекциялық заттар
Хирургиялық тәжірибеде іріңді асқынуға қарсы күрес ретінде әк, ауыр металл тұздарын және спиртті қолдану өткен ғасырдың бірінші жартысындағы эмпирикалық мүмкіндікке жатқызылады. Хирургияда антисептиктерді ғылыми жұмыста қолдануға үлкен үлес қосқан ағылшын хирургі Джозеф Листер. Ол клиникалық тәжірибеге хирургтың қолын, операциялық алаңды, жараны және аспаптарды фенол ерітіндісімен өңдеуді енгізді. Осы сәт антимикробты заттарды іздеуге кең жол ашты.

Жарты ғасыр өткен соң химиотерапевтті заттар ашылды. Жаңа қосылыстардың медицинада ашылуы антисептиктердің емдік және алдын-алу қолдануына кедергі жасамады.

Адам ағзасынан тысқары орталардың микроорганизмдеріне микробқа қарсы заттар таңдамалы әсер етеді.

Олар екі топқа бөлінеді:



  • Залалсыздандырғыш заттар

  • Антисептиктер

Залалсыздандырғыш заттарды ішкі ортадағы микроорганизмдерді жою үшін қолданады. Оларға макро- және микромүшелердің жасушаларына әсер ететін және ақуызды денатурациялауға ұшырататын дәрілік препараттар жатады. Олар адам үшін өте улы.

Антисептиктер дәрілік заттар дене беткейіндегі микроорганизмдерді тежейді. Оларды беткей тері, шырышты және қуыстарды өңдеу үшін қолданады.

Педиатрияда қолданылатын препараттар тері жамылғысын және шырышты қабаттарын зақымдамауы қажет.

Антисептиктер – микробқа қарсы әсері бар, механизмдері әркелкі үлкен топты қосылыс, ол бактериоцидті әсер көрсетеді. Олардың көбі ақуызды денетурацияға ұшыратады немесе микрорганизмге ешқандай таңдамалы әсер етпейді.

Препараттарды антисептиктер мен залаласыздандырғыш заттарға бөлудің маңызы зор.

Концентрациясы жоғары көптеген антисептиктерді мекемені, төсек-орын және ыдыстарды залалсыздандыру үшін қолданады.

Антисептиктерді қолданған кезде олар ұлпаларды тітіркендірмеу керек. Бұл заттарды кеңінен стоматологияда ауыз қуысының шырышты қабатына, карриозды қуысқа, тіс пульпасына, офтальмологияда (тамшы ретінде жуу үшін), хирургияда (жараны жуып залалсыздандыру үшін, қолды, операциялық алаңды өңдеу үшін) қолданады. Антисептиктердің ерітінді, мазь және суспензия күйіндегі түрлері бар.

Антисептиктерді тағам өндірісінде консервант ретінде қолданады және дәрілік түрлерді (ерітінді, май) реттейді. Антисептикалық заттар концентрациясы мен тереңдігіне байланысты іріңді және бактериялық жараларға еніп, бактериостатикалық немесе бактреиоцидтік әсер (төменгі концентрацияда бактериостатикалық белсенділікке ие, ал жоғары концентрацияда бактериоцидті әсер) көрсетеді.


Антисептиктерге келесі механизм тән

Кей заттар микробты торшаның ақуызын денатурацияға ұшыратады, басқалары олардың қабығының түзілуін тежейді немесе қабықшаның өткізгіштігін жоғарлатады, кейбіреулері микроорганизм жүйесінің ферментативті белсенділігін төмендетеді.

Олардың антимикробты белсенділігі төмен, 1:100, 1:1000 қатынаста сұйылтады.

Кең спектрлі, химиотерапевтік заттардан айырмашылығы – таңдау белсенділігінің болмауында. Ағза үшін уыттылығы өте жоғары. Жергілікті қолданғанда тек резобтивті әсер етеді. Микробтардың бейімделуі сирек байқалады.


Антисептикалық қосылыстардың қызметін анықтайтын жағдай


  1. Антисептиктердің әсер ету механизмі химиялық құрылымға және физика-химиялық қасиеттерге байланысты.

  2. Диссоциациялану дәрежесі және концентрациясы жоғары болған сайын антисептиктің әсері жоғары болады. Ерітіндіде диссоцияланатын антисептиктердің деңгейі олардың диссоциациялануына байланысты.

  3. Микроорганизмдерге антисептиктердің әсер ету уақыты. Экспозицияның уақыты үлкейген кезде антисептиктердің әсер ету әсері жоғарлайды.

  4. Антисептиктердің әсер етуі температураға байланысты. Температура жоғарлағанда антисептикалық әсері күшейеді.

  5. Микроорганизмнің түрі және спора түзу қасиеті.

  6. Микробты ағзалардың саны.

  7. Ақуыздар өздерінде антисептиктерді адсорбциялайды, яғни антисептиктердің белсенділігін төмендетеді.


Жіктелуі

  1. Ароматты қатардың қосылыстары: фенол дериванттары, иоксибензол, деготь.

  2. Галоген туынды қосылыстар.

  3. Тотықтырғыштар: сутегінің асқын тотығы, калий перманганаты.

  4. Бояғыштар: бриллиант жасылы, метилен көгі, этакредин лактаты.

  5. Ауыр металдардың тұздары.

  6. Қышқылдар мен негіздер.

  7. Алифатикалық қосылыстардың қатары: этиленспирті, формальдегид.

  8. Детергенттер.

  9. Басқалар.



Антисептикалық заттардың әсер ету механизмі
Антисептиктер жалпы жасушалық улар болып есептеледі, олар физика-химиялық қасиеттеріне байланысты микроорганизмдерге әртүрлі әсер етеді.

  1. Көптеген араматты қосылыстар липофилді заттар болғандықтан торша мембранасына еніп, протоплазма ақуыздарын тудырады.

  2. Галоидтар микроорганизмнің өлуін олардың протоплазмасын денатурациялау арқылы іске асырады.

  3. Тотықтырғыштар. Микроорганизмдердің протоплазмасын тотықтыру арқылы оттегіні бөледі.

  4. Бояғыштар. Микроорганизмдердің жасушаларының қосымша бөліктерімен сәйкес келеді.

  5. Ауыр металдардың тұздары бактериалды жасушалардың сульфгидрилді топтарымен қосылып, бактериалды жасушалардың өмірге қажетті ферменттерді тежейді.

  6. Қышқыл мен негіздердің антимикробты әсері олардың гидролитикалық қасиетіне байланысты, ал қышқыл мен сілтінің антисептикалық белсенділігі олардың диссоциация деңгейіне байланысты.

  7. Микроорганизмдер ұқсас әсер ететін алифатикалық қатардың қосылыстары микроорганизм жасушасы протоплазмасын ыдырытып, коагуляциясын тудырады.


Аромат қатарлы қосылыстар

Фенол – жүз жыл бұрын тас-көмір дегьттен алынған және карбон қышқылы деп аталды. Ол бірінші антисептик болып есептеледі.

Фенол - жалпы протолазмалық у, ол торшаның әртүрлі түрі мен типтерін ыдыратады. Оның микробқа қарсы қасиеті әртүрлі себептерге байланысты. Негізгі ролі еріткіш қасиеті. Су ерітінділерінде белсенділігі жоғары, спирт және май ерітінділері аз белсенді. Температура жоғарылаған кезде микробқа қарсы қасиеті артады. Әлсіз концентрацияда (1:400-1:800) фенол бактериостатикалық қасиет көрсетеді. 1-5% ерітінді – бактериоцидті. Фенолға спораның сезімталдығы төмен. Микробқа қарсы әсері ақуызы бар жерде байқалмайды, ол басқа микробқа қарсы заттардан ерекшелігі болып келеді.

Фенол ұлпаға әсер еткен кезде жергілікті қозуды тудырады, концентарциясы жоғарылап некроз дамуы мүмкін. Алдымен жедел ауырсыну пайда болады, кейін ол анестезияға ауысады.

Фенол шырышты қабықтармен жаралы беткейге тез сіңеді. Кейде сау тері арқылы да сіңеді.

Фенол көп мөлшерде сіңсе, жедел улануды туғызады: құсу, лоқсу, ауыз қуысы, асқазанда некроз тудырады, жедел ауырсынулар, естен тану, артериалдық қысымның жедел төмендеуі, дене температурасының төмендеуі.

Фенолмен құралдарды, киімдерді және науқас қолданған заттарды залалсыздандырады. Стоматологиялық тәжірибеде пульпитті және перидонтит кезінде антисептик ретінде түбірлі өзектерді өңдеуде қолданылады.



Крезол фенолға ұқсас, бірақ микробқа қарсы белсенділігі жоғары. Олардың құрамында метил топтары болғандықтан микроб мембранасының липидті қабатына оңай енеді.

Крезолдың ерігіштігі сілтілік ортада да жоғарылайды.



Лизол – калий сабынындағы крезол ерітіндісі. Оны киімді, бөлмені, жиһазды залалсыздандыру үшін қолданады. Стоматологияда крезол пастаның құрамындағы компоненті болып, пульпитті емдеген кезде қолданылады.

Резорцин – улылығы төмен, микробқа қарсы белсенділігі 2%, 20% кератолитикалық әсер көрсетеді. Экзема, дерматит, саңырауқұлақ ауруларында қолданылады.

Стоматологияда спирт және формалин қоспасында болып, түбірлі өзектерді өңдеу үшін және тіс пасталарының нашар өткізгіштігін импрегнациялау үшін қолданады.

Ақ қайын қара майы - ақ қайын қабығының құрғақ өнімі. Антисептикалық әсері оның құрамындағы фенолға байланысты. Қара майдың жергілікті қоздыру және кератопластикалық әсері бар, ол инсекцидті әсер етеді. Оны қышыма лишайында қолданады. Ол Вишневский және Вилкинсон майларының құрамына кіреді.

Галоген құрамды препараттар
Бос күйдегі хлор мен йод активті бастериоцидтік әсер көрсетеді.

Атомды хлор вирусқа, қарапайым бактерияларға таңдамалы әсер теді. Оған қышқылға төзімді бактерия түрлері (туберкулез таяқшасы) резистентті.

Хлор суда ергіген кезде хлор сутекті және хлорлы қышқылды түзеді, белокты заттармен байланысқа түсіп; атомдармен хлорды оңай түзеді.

Хлор сутек; хлорлы қышқыл және атомарлы хлор бактериальды торшалардың торша мембранасын бұзып; ақуыздарды денатурацияға ұшыратады.

Хлор қышқылы ыдыраған кезде атомарлы оттегіні түзіп, ферментті тотықтырады. Ақуызды оратада препараттардың антибактерилды қасиеті әлсірейді. Микробқа қарсы әсерден басқа хлор дезодирлеуші әсер көрсетеді, ұлпаларды қамтамсыз етіп ыдаратады, металдардың коррозиясын тудырып, инсектицидті және дегозирлеуші әсер етеді.

Хлорамин – антсиептик ретінде ауыз қуысының шырышты қабықтарын өңдеу үшін (0,25-0,5%), пародонтит кезінде патологиялық тіс-қызыл иек қалталарын емдеу үшін; пульпит және перидонтид кезінде түбірлі өзектерін өңдеу үшін қолданады.

Хлоргексиден - грамм теріс және оң бактерия мен саңырауқұлақтарды жояды.

Балалардағы операциялық алаңды өңдеу үшін және нәрестелерді шомылдыру үшін қолданылады. Ірің бар жерде белсенділігін сақтайды.

«Дистрил», «Сибиколорд» - спирт ерітіндісі түріндегі элементарлы йод; люголь ертіндісі бактериоцидтік белсенділігімен қамтамасыз етілген. Іріңді кокктарға әсер етуші сулема ертіндісінен жоғары.

Медицина тәджірибесінде спирт ертінділерімен қоса, сулы ертінділер қолданылады.



Йодинол – тонзилит, іріңді отит, ринит, трофикалық жара және күйіктер кезінде қолданылады. Бұл преапрат поливенил спиртінде белсенді молекулярлы йод болады, ол йодтың босатылуын тежеп, оның ұлпалармен қатынасын ұзартады.

Йоданат – йод ертінідісінің сулы кешені, сыртында белсенді заттар орналасады. Операциялық алаңды өңдеу үшін қолданылады. Препараттың екі компонеті де бактериоцидтік әсер көрсетеді, стрептококк; стафиллококк; саңырауқұлақатарды және көкіріңді таяқшаны тежейді.

Стоматологияда спирт ертіндісі және люголь ертіндісі, иодинол стоматиттерді емдеу үшін қолданылады. Самай-жақ буындарының артриті мен периодониттерде спирт ертінділі йодтың, йодинолдың йонофарезі жүргізіледі. Остемиелитте және инфекциялық жараларды емдеген кезде йодтың органикалық препараттары қолданылады, себебі йод баяу босап ұзақ әсер етеді.



Тотықтырғыштар
Тотықтырғыштардың әсер ету механизмі белоктарды атомарлы оттегімен тотықтыруға негізделген. Тотықтырғыш әсерге анаэробты микроорганизмдер (сіреспе, газды гангрена) сезімтал болып келеді.

Органикалық қосылыстардың жанында тотықтырғыштардың микробқа қарсы белсенділігі төменедейді. Тотықтырғыш ретінде сутек тотығын келесі преапараттар ретінде қолданылады: Пергидрольдің құрамында (27-31%) сутек тотығы бар. Ұлпалармен жанасқан кезде сутек тотығы пероксидтің әсерінен ыдырап атомарлы оттегін тузейді. Егер жарада ірің немесе қан болса, онда ыдырау каталазды түрде жүріп, молеклярлы оттегін түзеді, ал ол жарадағы инфекция мен іріңді механикалық тазаруына септігін тигізеді. Қан тамыры қан кетулерден, сутегі тотығы қан тоқтату әсерге ие. Оны қуыстарды (плевральды жатыр) жуу үшін қолданбайды, себебі молекулярлы оттегі ұсақ тамырларға еніп, эмболия туғызуы мүмкін.

Сутегі тотығы теріні, шырышты қабатты және жараны қоздырмайды, оның ертініділерін стоматиттерді, гингивиттерді, іріңді жараны, пиодермитті, нәрестелердің күлбіреулерін емдеу үшін қолданылады.

Стоматологияда стоматит кезінде ауызын шаяды, гингивит кезінде тіс қызыл иек қалталарына ерітіндіге малынған турунда салады. Кариозды қуыстардың механикалық тазаруы болады.



Калий перманганаты атомарлы оттегіге және марганец тотығына ыдырайды. Атомарлы оттегінің антисептикалық және дезодирлеуші қасиеті бар. Осы ертіндімен стоматит кезінде ауыз қуысын шаяды, терлеген жерлерді өңдейді, инфекциялық және іріңді жараларды, уретраны өңдейді. 2-5% ерітіндісімен күйіктерді емдеуге болады. Күйіктің ерте деңгейінде қолданған кезде көпіршіктердің пайда болуын болдыртпайды. Пайда болған марганец тотығы тығыз қабықша түзіп, жараны инфекциядан қорағап, ыдырау өнімдерінің сорылуын төмендетіп, қозуды әлсіретеді.

Калий перманганаты – асқазанды жууға, уланғанда қолданады.



Ауыр металдардың тұздары
Сынап – белсенділігі жоғары микробқа қарсы зат, улылығы жоғары, қолдануы өте сирек.

Сынап тұздары әртүрлі майлардың құрамына кіріп, дерматологияда паразитті ауруларды, мерезді, пиодермияны, блефориттерді, кератиттерді емдеу үшін қолданылады.

Күміс – күміс нитраты эрозияны, жараларды, грануляцияларды күйдіру мақсатында қолданылады. Концентрациясы төмен ерітінділер байланыстырушы қабынуыға қарсы әсер көрсетеді. Протаргол – байланыстырушы қабынуға қарсы антисептикалық зат, көз тамшылары.

Колларгол – іріңді жараны шаю үшін, іріңді конъюктивтитті және қабынуды емдеу үшін қолданылады. Көп мөлшері кеңірдек қабырғасының артқы бөлігіне түссе, тынысының рефлекторлы тоқтауын туғызады.

Мырыш сульфаты – көз тамшылары.

Мырыш тотығы күрделі официналды майлардың құрамына кіріп қабынуға қарсы және құрғатушылық қасиетке ие болады.

Висмут – гастроэнтерологияда кеңінен қолданылады.

Бояғыштар
Метилен көгі – этакредин лактат тері жамылғысы мен шырышты қабықтарды алдын-алу және емдік мақсатта өңдеуге қолданылады. Бұл заттардың катиондары бактерияның өмірге қажетті сутегіні ығыстырады. Соңында бактериостатикалық немесе бактериоцидтік әсер туындайды, бірақ ол тек грамм оң бактерия мен саңырауқұлақтарға әсер етеді.

Метилен көгі және оның өнімдері қалпына келіп тотығу-тотықсыздану үдеріс жүйесінің қайтымды үдерісі болып есептеледі. Оны синил қышқылымен уланғанда қолданады. Егер синил қышқылымен және цианидпен ересек адам уланса көк тамыр ішілік 10-20 мл 1% метилен көгін, сульфаниламид 1 мл 1% ертініділерін енгізеді. Метилен көгі бактериостатикалық әсер тудырады. Оны су және спирт түрінде шығарады. 1-2% ертінідісін пиодерияны және фурункулезды, ересектерде стоматитті емдеуде қолданады.

Әсер ету спектрі кең: саңырауқұлақ, дифтериялық таяқша, стафилококк, әсер етуі баяу және ұзақ.

Этакридин лактаты (риванал) – грамм оң кокктарға әсер етеді. 0,1-0,2% ерітіндісіне тампонмен сүлгілерді малып, сіңіреді. Конъюктивитте 0,1% ертіндісімен шаяды.



Қышқыл мен сілтілер
Қышқылдардың микробқа қарсы белсенділігі жоғары, бірақ көп мөлшерде болса, ұлпалардың қайтымсыз деструкциясын туғызуы мүмкін.

Бор қышқылы – 5% ерітіндісін терінің әртүрлі зақымдауларында микробқа қарсы зат ретінде қолданылады. Тері немесе шырышты қабаттар арқылы сіңсе, жоғары уытты әсер көрсетеді, әсіресе бала ағзасына. Келесі әсерлері байқалады: қабынуға қарсы, антибактериалды, саңырауқұлаққа қарсы. Көрсеткіштері: стоматит, хейлит, гингивит.

Бор қышқылы ұнтақ, май, сулы және спирптті ертінділер ретінде қолданылады.

Нәрестелер мен балалараға қарсы көрсеткіш, себебі тері мен шырышты қабықтарға еніп, ауыр интоксикация туғызып өлімге әкеледі .

Бор қышқылы ұлпаларға жиналып, кейін тез қан сарысуына еніп, тамырлардың шеткері қарсылығын төмендетіп, тамыр таратқыш затарға жауаптылығын әлсіретеді, нефротикалық әсер тудырады.

Салицилат қышқылы – терілік фунгицид ретінде қолданылады. Негіздер эпидермисті қоздырып, жұмсартады, муцин мен тығыз шырышты ыдыратады. Теріге жаққанда ақуыздармен қосылып іркілдек терең енетін альбумидтерді тудырады.



NaHCO3 – ауызды шаяды, негіз реакциясы әсерінен тығыз қабыну эксудаты еріп ұлпаларды қоздырып, трофикасын жақсартып, жергілікті ацедоздың төмендеуіне және ісіктің жойылуына әкеледі. Сілті эпидермис пен шашты жұмсартады, майларды ыдыратып эмульгирлейді. Оларды балалардың тері ауруларын емдеу үшін қолданады.

Оны хирург қолын залалсыздандыруға және металды инструменттердегі майларды ыдыратуға пайдаланады.


Альдегидтер

Уротропиннің сулы ертінідісі сілтілі реакциясы бар. Микробқа қарсы әсері: қышқыл ортада формальдегид және аммиакқа ыдырайды. Формальдегид ақуыздардың дегидратациясы мен коагуляциясын тудырады. Жергілікті әсері: құрғатады, тұтқырлатады, залалсыздандырады.


Детергенттер

Уыттылығы төмен, қоздырмайды, регенерацияны стимулдейді. Олар диссоциацияланған иондарға бөлінеді. Микробқа қарсы белсенділігі диссоциацияланушыларға жатады. Олар бөлінеді: катион және анион.

Катионның белсенділігі жоғары.

Катиондар торша беткейінде жиналады, торша қабырғасының өткізгіштігін өзгертеді, азотты және фосфорлы алмасуды бұзады, бактериалді торшалардың лизисын тудырады.

Көрсеткіштер: іріңді жара, залалсыздандыру.

АНТИБИОТИКТЕР

Химиялық құрылымы бойынша немесе паразитарлы қоздырғыштарға әсер ету белсенділігі бойынша химио – терапевтік заттар келесі топтарға жіктеледі.



  1. Антибиотиктер.

  2. Сульфаниламидтер.

  3. Синтетикалық антимикробты препараттар.

  4. Саңырауқұлақтарға қарсы заттар.

  5. Вирустарға қарсы заттар.

  6. Туберкулезге қарсы заттар.

  7. Мерезге қарсы заттар.

  8. Протозойларға қарсы заттар.

  9. Гельминттерге қарсы заттар.

Антибиотиктер микроорганизмнен түзілетін, сонымен қатар микроорганизмнің өсуін тежейтін немесе жоятын химиялық заттар болып табылады.



ЖІКТЕЛУІ

I.Химиялық

Барлық бета – лактамды пенициллиндер

цефалоспориндер

карбопенемдер

монобактамдар

Басқа антибиотиктер: тетрациклиндер

аминогликозидтер

макролидтер

хлорамфеникол (левомицетин)

линкозаминдер

рифампицин
II. Микробқа қарсы белсенділігі бойынша


Бактериостатикалық және бактериоцидті
Мысалы: бактериостатикалық антибиотиктер - тетрациклиндер,

макролидтер, левомицетин

Бактериоцидті антибиотиктер: пенициллиндер, цефалоспориндер

т.б.бета-лактамдар
III. Әсер ету механизмі бойынша:
а) торша қабырғасының синтезін тежейтін

(бета-лактамдар, гликопептидтер)

б) цитоплазмалық мембрана қызметінің ингибиторлары

(аминогликозидтер, полиенді, саңырауқұлақтарға қарсы антибиотиктер)

в) нуклеин қышқылы және ақұыз синтезінің ингибиторлары

(макролидтер , линкозаминдер, тетрациклиндер, хлорамфениколдар)

г) РНК синтезінің ингибиторлары (рифампицин)
IY. Әсер ету спекторы бойынша:


  • әсер ету спекторы тар бұл антибиотиктер, тек шектелген микроорганизм топтарына әсер етеді, мысалы: бензилпенициллин

  • әсер ету спекторы кең бұл антибиотиктер көптеген микроорганизмдер топтарына әсер етеді.

Мысалы: тетрациклиндер, левомицетиндер

Y.Торша ішілік қоздырғыштарға әсер ету қабілеті бойынша:

Липофилді және суда еритін антибиотиктер.



Липофилді антибиотиктер торша ішіне еніп, торша ішіне және торша сыртына да әсер ету қасиеті бар.

Оларға жататындар: макролидтер, линкозаминдер,

тетрациклиндер, рифампицин.

Суда еритін антибиотиктер тек торша сыртына әсер етеді.

Оларға жататындар: барлық бета-лактамдар, аминогликозидтер



АНТИБИОТИКТЕРДІҢ БІРІКТІРУ ҚАҒИДАЛАРЫ

Біріктіру терапиясын суперинфекция пайда болуға қауыпы болғанда, ағзадағы резистентілікті және препараттардың уытты әсерін төмендету үшін қолданылады.

Препараттарды мына қағида бойынша біріктіреді :

бактериостатикалық + бактериостатикалық

бактериоцидті + бактериоцидті немесе

суда еритіндерді + суда еритіндермен

липофилділерді + липофилділермен
Мысалы: бактериоцидтілерді+ бактериоцидтілермен

цефалоспориндер + аминогликозидтер

стрептомицин + рифампицин

бактериостатиктерді+ бактериостатиктермен

макролидтер + тетрациклиндер
Тетрациклинмен левомицетиндерді біріктіруге болмайды себебі, уытты әсердің пайда болу қауыпылығы жоғарылайды.
Антибиотиктермен емдегенде жағымсыз әсерлері:
1Антибиотиктердің микробқа қарсы әсерлесуімен байланысты.

Мысалы: кандидоздар, витаминоздар, антибиотиктерге резистентілігінің байқалуы.

2.Ағзаның жеке сезімталдығына байланысты, гиперсезімталдық түрінде бөртпелерден басталып анафилактикалық шокқа дейін.

Микробқа қарсы жағымсыз әсеріне байланысты емес эффектілері

нейротоксикалық әсері: бас ауру бас айналу, парестезиялар

асқазан ішек жолдарының бузылыстары: ауыз арқылы тағайындалған

антибиотик салдарынан, асқазанның шырышты қабатының тітіркенуі.

ототоксикалық әсері: 8 жүп бас ми жүйкенің зақымдалуы.

( аминогликозидтер, левомицетиндер)

гепатотоксикалық әсері: тетрациклиндер дәрілік гепатитке әкеледі.

нефротоксикалық әсері: I – ші үрпақтағы цефалоспориндер,

аминогликозидтер

Барлық липофилді антибиотиктер, соның ішінде тетрациклиндер тератогенді болып келеді.
Бета – лактамды антибиотиктер

Пенициллиндер, цефалоспориндер

Монобактамдар, карбопенемдер

Барлық бета – лактамды антибиотиктердің әсер ету мехенизмдері: бактериоцидтік әсер ету механизміне ие, әсер ету нысанасы болып бактериядардың пенициллин байланыстырушы ақұыздары болып табылады,олар бактерия торша қабырғасының негізгі компоненті биополимер пептидогликанның соңғы кезеңіндегі ферменттік ролін атқарады.

Пептидогликан синтезінің тежелуі бактериялардың жойылуына әкеледі (микроб қабырғасындағы синтез компонентін тежейді).Барлық бета-лактамды антибиотиктер суда ериді, көбейетін бактерияларға тек торша сыртынан әсер етеді.


Пенициллиндердің жіктелуі


1. Табиғи: бензилпенициллин натрий тұздары,

бензилпенициллин новокаин тұзы,

феноксиметилпенициллин, бициллин 1, 5

2. Пеницилиназаға резистенті пенициллиндер:

метициллин, оксациллин,

клоксациллин, флуклоксациллин,

диклоксациллин



3. Аминопенициллиндер: ампициллин, амоксициллин,

бакампенициллин, пивампенициллин



4. Көк таяқшыларға қарсы: карбенициллин, тикарциллин, азлоциллин,

мезлоциллин, пиперациллин



5. Пенициллиндер және бета-лактамаза ингибиторлары

ампициллин + сульбактам (уназин)

амоксициллин + клавулон қышқылы (аугментин, амоксиклав)

тикарциллин + клавулон қышқылы (тиментин)

пиперациллин + тазобактам (тазоцим)

Фармакокинетикасы: Феноксиметилпенициллин, амоксициллин, ампициллин пероралды қолданғанда турақты емес болып келеді.Жартылай синтетикалық пенициллиндарді пероралды қолдануға болады. Бензилпенициилин және бициллиндерді парентералды енгізуге болады, бициллин депо турінде кездеседі.Көптеген пероралды тағайындалған пенициллиндер толық сіңіріледі, ал амоксициллин толық сіңіріледі.Табиғи пенициллиндер феноксипенициллиндер және пеницилиназаға турақты пенициллиндер асқазанда тамақ болғандықтан сорылуы төмендейді, себебі асқазаның қышқыл ортасында препараттардың әсері жойылады, сондықтан препараттарды 30 – 60 мин тамаққа дейін немесе 3 – 4 сат. тамақтан кейін енгізіледі.

Барлық пенициллиндер плацентарлы тосқауыл арқылы өтеді, бірақ тератогенді әсер көрсетпейді.Сүйек тініне, цереброспиналды сүйықтыққа енуі төмен, бірақ қабыну үдерісі орын алғанда енуі жоғарлайды.Зақымдалмаған препараттардың көпшілік бөлігі зәрде көрінеді, негізгі шығарылу жолы шумақтық экскреция арқылы болып табылады.

Табиғи пенициллиндер


Әсер ету спекторы: А,В,С топтарындағы стрептококктар, пнвмококктар, теріс кокктар, гонококктар,менингококктар,анаэробты клостридилер,бозғылт спирохета, оба таяқшасы. Табиғи пенициллиндер стафилакокктарға әсер етпейді, себебі олар пенициллинді жоятын бета-лактамаза пенициллиназа ферментін түзеді.

Бензилпенициллин натрий тузы тек парентералды енгізіледі, себебі ақұызбен байланыспайды сондықтан 4 сағ. әсер етеді.Феноксиметилпенициллин пенициллиннен айырмашылығы, ол асқазанда тұз қышқылымен жойылмайды сондықтан энтералды енгізуге болады, бірақ белсенділігі төмен.


2. Пеницилиназаға турақты пенициллиндер
Бүл препараттардың әсер ету спекторы табиғи пеницилиндерге уқса, бірақ антимикробты белсенділігі бойынша басым.Олар стафилакокктардың бета-лактамазаларына түрақты.5 – 15 % стафилакокктар метициллин және оксациллинге түрақты.Метициллинді қолдануға болмайды, себебі 10 – 20 % науқастарда интерстициалды нефритке әкеледі.Оксациллин метициллинге қарағанда сіңірілуі жақсы.Оксациллинді 1 рет ішке қолданғанда жоғары концентрация пайда болмайды , сондықтан клоксациллин, диклоксациллин немесе флуклоксациллин пероралды тағайындауға болады.
3. Аминопенициллиндер
Ампициллин, амоксициллин, бакампенициллин, пивампенициллин

Микробқа қарсы әсері кең спекторлы.Табиғи пенициллиндер әсер ететін микробтарға белсенділігі жоғары (энтерококктарға белсенді, бета-лактамазадан түзетін стафилакокктарға белсенді емес) Грам теріс бактерияларға, ішек таяқшасына, протейлерге, салмонелаға, шигеллаға, гемофилді таяқшаға белсенділігі жоғары.

Амоксициллин ампициллинге қарағанда ауыз арқылы жақсы сіңіріледі.

қанда, зәрде, қақырықта концентрациясы жоғары сіңірілуі жақсы


Көк таяқшаларға қарсы препараттар.

Әсер ету спекторы кең көк таяқшаларға қоса барлық микрбтарға әсер етеді, бірақ бета-лактамаза әсерінен жойылады.



Көк таяқшаларды жою әсеріне қарағанда келесі ретте орналасқан:

азлоциллин

пиперациллин

мезлоциллин

тикарциллин

карбенициллин

монотерапия ретінде қолдануға болмайды, себебі үйренгіштік тез дамыды.
Көрсеткіштері :


  1. Бактериалды менингит (жоғары дозада бензилпенициллин).

  2. Сүйек буын инфекциялары staph. Aureus шақыратын (флуклоксациллин).

  3. Тері және жумсақ тіндердің инфекциясы stept. Piogenus шақыратын.

  4. Фарингиттер step. Piogenus шақыратын (ауыз арқылы феноксиметилпенициллин).

  5. Ортаңғы қулақтың отиті (амоксициллин).

  6. Жоғары тыныс жолдарының созылмалы обструктивті аурулары бар науқастардағы бронхиттер.

  7. Зәр шығару жүйесінің аурулары Е. Соli шақыратын (ауыз арқылы амоксициллин)

  8. Гонорея (амоксициллин + басқа антибиотиктер).

  9. Мерез (пенициллинің новокаин тұзы бұлшық етке).

  10. Эндокардит strept. Viridas шақыратын (бензилпенициллин + аминогликозидтер).

  11. Көк таяқшалардың әсерінен ауыр инфекциялар (пиперациллин к/т).

Кері әсерлері : Пенициллиндер қауыпсыз қатардағы препараттарға жатады, бірақ:

  1. Жоғарысезімталдық байқалады себебі пенициллинің метаболиті пенициллин қышқылы монореакцияның өрлеу гаптены болып табылады.

  2. Жартылай синтетикалық пенициллиндер, аминопенициллин тобы ауыз арқылы ішкенде дизбактериозға әкеледі.

  3. Нефрит метициллинде болуы мүмкін.

  4. Бензилпенициллин натрий тұздары гипернатриемияны көрсетуі мүмкін, қорытындысында ағзада су усталып, ісіну, қан қысымының жоғарлауы, гипокалиемия болуы мүмкін.

Нұсқау : пенициллиндерді аминогликозидтермен немесе фторхиналондармен біріктіруге болады , себебі олар бактериоцидті, антимикробты препараттар болып табылады.

Цефалоспориндер

I – ұрпақты

цефазолин, цефалексин, цефадроксил



II – ұрпақты

Парентералды: цефуроксим (зиннат, кетоцеф)

Пероралды: цефуроксим аксетил, цефаклор.

III – ұрпақты

Парентералды: цефотаксим (клафоран)

цефтриаксон (роцефин)

цефтазидим (фортум)

цефоперазон (цефобит)

IY – ұрпақты

Парентералды: цефепим, (максипим)

Цефпиром

Цефалоспориндер барлық бета-лактамды препараттармен бірге торша қабырғасындағы компоненттің синтезін тежейді, олар пенициллиндарге уқсас бактериоцидтік және суда еритін антибиотиктер болып табылады.



Пенициллиндерден ерекшелігі:

2 – 5 % пациентерде аллергиялық үдерістер байқалады.

Микроорганизмдердің төзімділік жиілігі төмен.

Әсер ету спекторы кең.

Фармакокинетика: Цефалоспориндердің басым бөлігі көк тамырға енгізіледі, себебі сорылуы төмен. Адекватты терапевтік деңгейі жұлын ми сүйықтығында қабыну болған кезде тек цефалоспориндердің III – ұрпағында байқалу мүмкін.

Цефазолин – сүйекке жақсы енеді,элиминация түтікшелі секреция немесе шумақтық фильтрация арқылы жүреді.Тек цефтриаксон асқазан ішек жолдарында өт арқылы шығарылады.


I – ұрпақтағы цефалоспориндер

Әсер ету спекторы: грам өң кокктарға, бір қатар грам теріс бактерияларға әсері бар.Препаратты ішке енгізеді, 90 – 95 % сіңіріледі, зәр арқылы шығарылады, тіндерге жақсы енеді, ГЭТ арқылы өткізгіштігі төмен.


Кемшіліктері:

1.Бета – лактамазамен жойылады.

2.Әсер ету спекторы тар.

3.Бүйрек патологиясы бар науқастарға байқап тағайындау керек.


II – ұрпақтағы цефалоспориндер

Грам теріс бактерияларға, анаэробты бактерияларға белсенділігі жоғары, бета – лактамазаға түрақты.Цефуроксимның жартылай шығарылу кезеңі ұзақ, ГЭТ арқылы жақсы өтеді, иммундық бузылыстары бар науқастар және қарт адамдардың госпиталды инфекцисы кезінде қолдынылады.Цефуроксим аксетилді пероралды күніне 2 рет тағайындалады, жақсы сорылады, бета – лактамды түзетін микроорганизмдерге белсенділігі жоғары.


III – ұрпақтағы цефалоспориндер

Әсер ету спекторы кең, грам теріс бактерияларға, көк таяқшалаларға, белсенділігі жоғары.Грам теріс бактерияларға, бета – лактамазаға түрақты.ГЭТ арқылы жақсы өтеді.Цефатоксим жұлын ми сүйықтығына жақсы өтеді.Цефтазидим pseudomonas aereginosa- белсенді.Цефтриаксонның жартылай шығарылу кезеңі ұзақ, күніне бір рет тағайындалады, қанда жоғары концентрация құрайды.Гонореяда жоғары әсерлі, сүйекке жақсы енеді, өт арқылы шығарылады.


IY – ұрпақтағы цефалоспориндер

Әсер ету спекторы кең, грам оң микроорганизмдерге белсенді, бета – лактамазаға тұрақты.

Көрсеткіштері:


  1. Септицемия (цефуроксим, цефотоксим к/т)

  2. Пневмония микроорганизмдердің сезімталдығы болса (цефуроксим, цефотоксим к/т).

  3. Өт шығару жолдарының аурулары.

  4. Зәр шығару жүйесінің аурулары, әсіресе жүкті әйелдер,басқа антибиотиктерге сезімталдығы жоқ науқастарға.

  5. Синуситтер (цефодроксил ауыз арқылы)


Кері әсерлері:

Дисульфурамды үдерістер, қызару, тахикардиямен көрінеді, цефамандол және цефпиразонды ішімдікпен бірге қолданғанда. Цефамандол және цефпиразон витамин К-ға антогонист болып келеді, содықтан қан кету және гипопротромбинемияға әкелуі мүмкін.аллергиялық үдерістер, 2 % жағдайларда к/т енгізген кезде ауырсыну және флебиттер дамуы мүмкін.



Карбопенемдер

Имипенем + циластатин

Әсер ету механизмдері пенициллиндер және цефалоспориндер ұқсас. Бета – лактамазаға тұрақты, грам теріс пенициллин түзүшілерге, грам оң микроорганиздарге,анаэробтарға, көк таяқшалыға белсенді.

Фармакокинетикасы: менингит кезінде жұлын ми сүйықтығына енеді, гломулярлы фильтрация жолымен шығарылады. Целастатинмен біріктіріліп беріледі, себебі целостатин имипенемнің бұзылуынан және оның уытты метаболит түзүінен сақтайды.



Кері әсерлері: Жүрек айну, құсу, диарея, дәрілік заттардың жоғары концентрацисы тырыспаға әкелуі мүмкін.
Монобактамдар

Азтреонам (азактам) пенициллиндер және цефалоспориндердей әсер етеді. Бета – лактамазаларға тұрақты, пенициллин цефалоспорин препараттарына аллергиясы бар науқастарға альтернативті препарат болып табылады.

Аэробты микроқоздырғыштарға қатысты әсері жоғары. Зәр арқылы шығарылады, уытты әсері жоқ,флебиттер және терінің бөртпелеріне әкелуі мұмкін,кей жағдайларда бауыр көрсеткіштерінің өзгерістеріне әкелуі мұмкін.

БАСҚАДА АНТИБИОТИКТЕР
Макролидтер

Табиғи: Эритромицин

Жартылай синтетикалық: кларитромицин (клацид)

азитромицин ( сумамед)

спирамицин ( ровамицин)

деритромицин(динабак)

медикамицин

Эритромициннің әсер ету спектрі пенициллинге ұқсас тар спектірлі болып келеді

Барлық жартылай синтетикалық пенициллиндердің әсер ету спектрі кең.

Макролидтер липофильді антибиотик болып келеді торша сыртылық және торша ішілік әсер етеді. Макролидтер 50S бактериалды рибосомамен қайтымсыз байланысып, транслокация ұрдісін А аймағынан Р аймағына тежейді және қорытындысында ақ уыз синтезі тежеледі.


Фармакокинетикасы:

Эритромицин ас қазан сөлімен бұзылады, осыған байланысты қапталған таблетка тұрінде шығарылады. Кларитромицин және азитромицин ас қазан сөлімен бұзылмайды, және тез сіңіріледі.

Эритромицин жұлын-ми сұйықтығынан басқа ағзадағы барлық сұйықтыққа енеді,және макрофагтарда жиналып бауырда мөлшерленеді.Қабыну ұрдісі эритромициннің тіндерге енуін кұшейтеді. Эритромицин белсенді метаболизмге ұшырап Р-450 цитохромды тежейді.



Азитромицин нейтрофилдарда, макрофагтарда фибробластарда жиналып метаболизмге ұшырамайды.

Кларитромицин метаболизмге ұшырайды, бірақ оның метаболттері антибиотикалық белсенділікті сақтайды. Ол теофиллин және карбомазепиннің метаболизмін өзгертеді. Кларитромицин бүйрек арқылы шығарылады, эритромицин және азитромицин өт арқылы шығарылады.

Көрсеткіштері: Атипиялық (хламидиозды, легионелезды пневмония) пневмониясы, стрептококкты инфекциясы, фарингит,тонзиллит, скарлатина,сұзег, көк жөтелі барнауқастарды, амбулаторлы тұрде круппозды пневмонияны емдеу ұшін қолданылады. Эритромицинді жұкті әйелдерге қолдануға болады.

Кері әсерлері:

Эритромицинге диспепсиялық көріністер тән.

Эритромицинді бауыр қызметінің бұзылыстары бар адамдарға тағайындауға болмайды,себебі бауырда жинақталады. Эритромицин,кларитромицин , теофиллиннің, карбомозепиннің ,астемизолдың, циклоспориннің варфариннің метаболизмін тежейді.


АМИНОГЛИКОЗИДТЕР


I – ұрпақты: стрептомицин, канамицин тек туберкулезды науқастарды емдеуге қолданады.

II – ұрпақты: гентамицин грам теріс бактерияларға, ішек таяшаларға, көк іріңді таяшаларға, стафилакокктарға белсенділігі жоғары, гемофилді таяқшаға әсері төмен,стрептококктарға, невмакокктарға,энтерококктарға,анаэробтарға мүлдем әсер етпейді.

III – ұрпақты: нетилмицин,(нетромицин)

тобрамицин (бруламицин)

амикацин

Гентамициннің әсер ету спектрі кең, гентамицинге резистенті микробтарғада әсер етеді



Фармакологиялық әсерлері: бактериостатикалық

Ұлкен дозада бактериоцидтік әсер көрсетеді

Суда жақсы ериді, торша сыртылық әсер етеді.

Әсер ету механизмі: Аминогликозидтер торша мембранасы арқылы белсенді өтіп, бактериялардың 30 S бактериалды рибосомаларының арнайы рецепторларының бір немесе бірнеше ақ уыздарымен қайтымсыз байланысып,и-РНК комплексінің тұзілуін бұзады, қорытындысында РНК –ң қате саналуы болып және полирибосоманың жұмыс жасамайтын ақ-уыздары тұзіліп,олар ыдырап ақ-уыз тұзеуге қасиеттерін жоғалтады (бактериостатикалық әсер). Соңында аминогликозидтердің тасымалдануы кұшейіп,олар мембрананың кұшті бұзылуына әкеледі және торшаның өлуі болады( бактериоцидтік әсері).Осыған байланысты аминогликозидтер бета –лактамазалармен синергист болуы мұмкін.

Фармакокинетика: Барлық аминогликозидтер тек қана парентералды жолмен енгізіледі,себебі АІТ нашар сіңіріледі,жұлын ми сұйықтығы арқылы нашар өтеді.Ұлкен концентрацияда олар бұйректің милық қабатында,құлақтың эндо-перилимфаларында жиналады , олардың барлығы плацентарлы барьер арқылы жақсы өтеді,және амниотикалық сұйықтықта жиналуы мүмкін.Амногликозидтер метаболизге ұшырамайды,бұйрек арқылы гломерулярлы фильтрация жолы арқылы сыртқа шығарылады.
Кері әсерлері:


  1. Ототоксикалық әсер- қайтымсыз саңраулыққа әкелуі мүмкін.

  2. Нефротоксикалық әсер- бұйректің кішкене зақымдалуынан ауыр.

  3. Ауыр жедел некрозға дейін әкелуі мүмкін.

  4. Жүйке-бұлшық ет параличі- ұлкен дозаларды енгізгеннен кейін.



Аминогликозидтермен +фуросемидті қосып беруге болмайды
Тетрациклиндер:

Тетрациклин, доксициклин, миноциклин.

Антибиотиктер кең спектрлі әсері бар көк іріңді таяқшаларға, протей, вирустардан басқа ,барлығына әсер етеді. Липофильділер осыған байланысты хламидий, микоплазма ,рикетсия , холера вибрионы, спирохеттер, актиномицидтерге әсерлері белсенді.
Әсер ету механизмі: Тетрациклиндер 30 S бактериалды рибосомамен байланысып т-РНК-ң А аймағымен м-РНК байланысуын тежейді соңында ақ-уыз синтезі тежеледі.
Фармакокинетикасы:Барлық тетрациклиндер бірдей әсер етеді,бірақ пероральды енгізгеннен кейін толығымен сіңірілмейді . Диетадағы сұт тағамдары сіңірілуді төмендетеді себебі олар сіңірілмейтін хелатты комплекс тұзеді.

Тетрациклиндердің сіңірілуі 2-3 валенті катиондардың қосылысуымен төмендейді (мысалы: Алмагель немесе темір препараттары). Тетрациклиндер бауыр,бұйректе көк бауырда,теріде жиналады.

Миноциклин миға қабыну болған кезде жақсы өтеді,барлық тетрациклиндер плацентарлы барьер арқылы жақсы өтеді ұрықтың тіндерінде және тістеріндн жиналуы мүмкін. Препараттардың көптен бөлігі қайта АІТ сорылуы мүмкін жіне зәр арқылы шығарылады.

Қолдануға көрсеткіштері: Тетрациклиндер 1 қатардағы препараттар болып табылады. Рикетсиозды,хламидиозды,микоплазмалық инфекцияларда бруцеллез, холера оба, қолданылады.
Хлорамфеникол (левомецитин) ІІ қатардағы топтың препараттары болып табылады,ауыр инфекцияларды емдеу ұшін.

Кең спектрлі әсер етуші антибиотик,грамм (-), грамм (+), кокктарға әсер етеді, грам (-) бактерияларға, анаэробтарға, рикетсияларға, көк іріңді таяқшаға,

туберкулез таяқшасына әсер етпейді.
Әсер ету механизмі: Бактериостатикалық, липофильді антибиотик, транспептидазалық ұдерісін тежейді,яғни бактериалды рибосоманың 50пептидилтрансфераза ферментінің белсенділігін бұзады, ақ уыз синтезі бұзылады. Бұл препарат тек басқа антибиотиктерге тұрақтылық дамыған кезде ғана қолданылады, себебі бактериостатикалық сипаттамасы, емдеу барысында тұрақты түрлерінің дамуына әкелуі мүмкін.10 күндей ғана тағайындалады, себебі препараттың уытты әсері жоғары.
Фармакокинетикасы: Хлорамфеникол ауыз арқылы тағайындалады, толық және жылдам сіңіріледі, максималды концентрациясы 2 сағаттан кейін дамиды. Парентералды тағайындауға болады (левомецитин сукцинат). Жүлын ми сүйықтығымен қоса ағзадағы тіндерге сіңіріледі.Қан сарысуында 50 % ақұыздармен әсерлеседі, 10 % өзгерісіз зәр арқылы шығарылады, қалғаны бауырда инактивацияға үшырайды.
Көрсеткіштері: Левомецитиннің уытты әсерінің болуына байланысты, клиникалық қолданылуы шектелген,аса қауыпты инфекцияларда қолданылады.

Кері әсерлері: диспепсиялық көріністер, гепатотоксикалық өзгерістер, фотосинсибилизациялық анемия, агранулоцитоз, нәрестелердің тыныс алыының бузылуы, невриттер, бозғылт коллапс (жүрекке уытты әсері).

ЛИНКОЗАМИНДЕР
Линкомицин, клиндамицин (далацин) жатады.

Линкомицин липофилді антибиотик (торша сыртына және торша ішіне) бактериостатикалық әсер етеді.

Әсер ету механизмі: 50 S бактериалды рибасомалармен қайтымды байланысып, ақұыз синтезін тежейді, А аймақтан Р аймаққа транслокация үрдісі бүзылып , пептидті байланыстың түзілуі жойылады.Анаэробты микроорганизмдерге әсер етуіне байланысты клиндомицин линкомицинге қарағанда бір неше рет белсендірек, жәнеде ішке тағайындалғанда жақсы сіңіріледі.Препараттар липофилді болғандықтан сүйек тініне (тістің сүйекті қүысына), өтке жақсы енеді, ГЭТ арқылы өтпейді.Линкомицин құрсақ қуысының анаэробты инфекцияларында, өкпе іріңдігінде, стафилакоккты инфекцияларда, газды гангренада, және сіреспені емдеуде қолданылады.

Әсер ету спекторы: стафилакокктар, стрептококктар, клостридилер, газды гангрена қоздырғыштары, дифтерия, сіреспе қоздырғыштары.

Кері әсерлері: дисбактериоз (ауыз арқылы болса), псевдомембранозды колит.

Линкомицин ампициллин, карбенициллин, цефалоспорин, канамицинмен біріктіруге болмайды. Клиндамицинді ішек перистальтикасын тежейтін препараттармен бірге тағайындауға болмайды, сонымен қатар бір шприцте В тобындағы витаминдермен, эуфиллин, глюконат кальции, магни сульфатпен біріктіріп қөлдануға болмайды.




САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРҒА ҚАРСЫ ЗАТТАР
Саңырауқұлақтарға қарсы дәрі-дәрмектер немесе антимикотиктер, өте кеңінен тараған әр түрлі химиялық қосылыстардан тұратын табиғи және химиялық синтездік жолымен алынатын патогенді саңырауқұлақтарға қарсы белсенділігі бар арнайы заттар. Химиялық құрылымына байланысты оларды бірнеше топтарға бөледі, олар белсенділік спектрі, фармакокинетикасы және әр түрлі саңырауқұлақты инфекциялар кезінде клиникалық қолданылуы бойынша айырмашылықтары болады.

Соңғы уақыттарда жүйелік микоздардың, оның ішінде адамға қауіп төндіретін түрлері кеңінен таралуының көбеюімен, ол ең алдымен әр түрлі дәрежедегі иммуноссиясы бар науқастардың санының артуына байланысты саңырауқұлақтарға қарсы дәрі-дәрмектерді қолдану қажеттілігі артуда. Одан басқа жиі инвазивті медициналық процедураларды және күшті кең спектрлі антибиотиктерді қолданудың да маңызы бар.


1. Патогенді саңырауқұлақтармен шақырылатын ауруларды емдеуде қолданылатын заттар
- жүйелік немесе терінің микоздары кезінде (кокцидомикоз, паракокцидомикоз, гистоплазмоз, криптококкоз, бластомикоз)

антибиотиктер – амфотерицин В, микогептин

имидазол туындылары – миконазол, кетоконазол

триазол туындылары – итраконазол, флуконазол



- эпидермомикоздар (дерматомикоздар) кезінде

антибиотиктер – гризеофульвин

N-метилнафталин туындылары – нитрофунгин

Йод препараттары – йодтың спирттегі ерітіндісі


2. Шартты-патогенді саңырауқұлақтармен шақырылатын аурулар кезінде қолданылатын заттар (кандидомикоздар)

антибиотиктер – нистатин, леворин, амфотерицин

имидазол туындылары – миконазол, клотримазол

Бис-төрттік аммоний тұздары – декамин


Саңырауқұлақтарға қарсы дәрі-дәрмектердің құрылысы бойынша жіктелуі

Полиендер:

Нистатин Леворин Натамицин Амфотерицин В


Азолдар:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет