Аугментин (амоксациллин + клавулон қышқылы) жартылай синтетикалық, әсер ету спектрі кең пенициллин болып табылады (кесте 2). Ол грам оң және грам теріс бактерияларға, бета-лактамаза түзетін штамдарға белсенді болып келеді . Бактерицидтік әсер көрсетеді. Препараттың құрамына кіретін клавулон қышқылы амоксациллинді бета-лактамазаның әсеріне тұрақты ете отырып, әсер ету спектрін кеңейтеді .
Пациент-дің ерекшеліктері
|
Этиологиясы
|
Препараттар
|
Таңдау
|
Альтернативті
|
|
Анаэробтар:
Porphyromonas spp.
A.actinomycetemcomitans
|
Доксициклин
Амоксициллин/ клавуланат
|
Спирамицин + метронидазол
Цефуроксим + метронидазол
|
Нейтропения бар науқастардағы периодонтит
|
A.actinomycetemcomitans
C.micros
Fusobacterium spp.
|
Цефоперазон/
сульбактам
± АГ
|
Пиперациллин/
тазобактам
Имипенем, меропенем
Барлық ±АГ
|
Курс 10 күн.
|
Кесте 3. Периодонтит
Линкомицин: линкозамин тобындағы антибиотик болып табылады. Әсер ету қызметінің ерекшелігі бойынша анаэробты бактериялардан пайда болған инфекцияларға бағытталған. Сонымен қатар линкомицин грам оң позитивті кокктарға белсенді әсер етеді. ОЖЖ-ден басқа ағзадағы барлық тіндерге таралады. Қабыну үрдісі болмасада, сүйек тіндеріне енеді. Линкомицин ағзада тотығу метаболизміне ұшырап, белсенді емес метаболиттер түзеді. Өт немесе зәр арқылы гломерулярлы фильтрация жолымен шығарылады. Препарат бүйрек немесе бауыр жетіспеушілігі кезінде кумуляцияға ұшырайды. Кері әсерлері: терідегі аллергиялық үдеуістер, псевдомембранозды колит.
4.3. Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілік заттар
Ауыз қүысының шырышты қабатының кандидозы, глюкокортикоидтардан кейінгі дисбактериоз, антибиотиктер немесе цитостатиктер қабылдағаннан кейін пайда болады.
Итраконазол (орунгал) триазол туындысы болып табылады. Әсер ету механизмі: итраконазол С-14 альфа диметилаза Р450 цитохромына әсер етіп, нәтижесінде саңырауқұлақтардың мембранасының негізгі стероиді болып табылатын ланостеролдың эргостеролға диметилденуін тежейді. Бұл саңырауқұлақтардың мембранасының қызметін бұзады,және олардың өткізгіштігін жоғарлатады. Итраконазолдың саңырауқұлақтарға қарсы белсенділік спектрі кең: асперогиллез, кандидоз, коксидоидомикоз, дерматофиттер.
Итраконазол асқазан ішек жолдарында жақсы сіңіріледі, ас, оның биотүсімділігін жоғарлатады. Ол қанның сарысуындағы ақүызбен әсерлесіп, май, сүйек және барлық тіндерге енеді. Көрсеткіштері: стоматиттер, кандидоз. Кері әсерлерлері: жүрек айну, құсу, гипокалиемия , қан қысымның жоғарлауы, ісіну, бас ауру.
Флуконазол ( дифлюкан ) триазол туындысы болып табылады, итраконазолға қарағанда ОЖЖ-ге жақсы енеді.
Әсер ету механизмі итраконазолға ұқсас болып келеді. Флюконазолды әр түрлі беткейлі және жүйелі микоз түрлерінде , энтералды және парентералды қолданылады. Бүйрек үсті безіндегі стеройдтардың синтезін тежемейді және гепатотоксикалық әсері жоқ.
Клотримазол (кандибене, канестен ) имидазол тобындағы саңырауқұлақтарға қарсы препарат болып табылады. Саңырауқұлақты жойғыш әсері саңырауқұлақтардың торша мембранасындағы эрготеролдың жойылуымен байланысты. Дерматофиттер ашытқы саңырауқұлақтарына бактериоцидттік және трихомонадциттік әсер көрсетеді. Тек жергілікті қолданғанда әсері тиімді. Көрсеткіштері: кандидоздар, стоматиттер. Кері әсерлері: жергілікті аллергиялық үрдістер дамуы мүмкін.
4.4. Вирустарға қарсы дәрілік заттар
Вирустарға қарсы дәрілік заттарды герпесте, жедел және созылмалы афтозды стоматиттерде, некрозды ойық-жаралы гингивиттерде қолданады.
Бонафтон - вирусқа қарсы препарат болып табылады. Көрсеткіштері: белдемелі герпес және қарапайым вирустардан пайда болған жақ - бет аймағының аурулары. Кері әсерлерлері : бас ауру, диспепсиялық бұзылыстар.
Теброфен - вирусқа қарсы препарат болып табылады. Көрсеткіштері: белдемелі герпес және қарапайым вирустардан пайда болған жақ - бет аймағының аурулары.
Флореналь - ауыз қуысының шырышты қабатының және тері жамылғысының вирусты зақымдалуы.
Хелепин- герпестің дезоксирибонуклеин қышқылы құрамдас, вирустарға қарсы белсенді қасиеті бар зат.
5. Метаболизм, регенерация және иммунитетті күшейтетін дәрілік заттар
Витаминдер - бүл препараттарды ауыз қуысының шырышты қабаттары жарақаттанған, эрозивті, ойық- жаралы, некрозды зақымдалуында, тістің қатты тіндерінің және пародонт ауруларында, жақ - бет аймағындағы тіндердің жарылуы, күюы кезінде операциядан кейін жараларды емдеу үшін комплексті терапия түрінде, кең қолданылады. Витаминдердің қолданылуы басқа медицина саласында қолданылуымен ерекшеленбейді. Жергілікті, ретинолды, токкоферолды қолданады, рутин, галаскорбин, фоль қышқылын, холикальциферолды ішке қолданады, ал аскорбин қышқылын және перидоксинд ішкеде және иньекция түрінде тағаындайды.
Регенерацияны және метаболизмді жоғарлататын дәрілік заттар. Актовегин - торша метаболизімін белсендіреді, яғни торшаға глюкозаның және оттегінің келуін жоғарлатады, нәтижесінде торша ішілік үрдісінің утилизациясы жоғарлайды. Бүл үрдістер аденозинттрифосатфаттің метаболизімін жоғарлатып, торшаның энергетикалық құндылығын жоғарлатады. Екінші ретті әсері, қанмен қамтамасыз етуі жоғарлайды. Көрсеткіштері: ауыз қуысының эрозивті ойық- жаралы зақымданулары, жазылмайтын жаралар, парадонттың қабыну аурулары, операциядан кейінгі кезеңдегі репаративті үрдістерді күшейту үшін.
Солкосерил - бұзау қанынан жасалған депротеинизирленген экстракт, антигенді қасиеті жоқ. Шырышты және тері қабаттарының зақымдалуында регенерация және эпителизация үрдісін тездетеді. Көрсеткіштері: Ауыз қуысының эрозивті ойық- жаралы зақымдалуы, жазылмайтын жаралар, парадонттың қабыну аурулары, операциядан кейінгі кезеңдегі репаративті үрдістерді тездету үшін.
Иммуномодуляторлардың шығу тегі. Әр турлі ауруларда әсер ету қасиеті , әр бағытта болғандықтан, бактериалды, вирусты, инфекциялар салдарынан пайда болатын екіншілік иммунды жетіспеушілік және қарапайым тәсілдермен емдеуге көнбейтін жағыдайларда емдеу үшін қолданады.
Имудон - ауыз қуысындағы іріңді қабыну үрдістерін емдеуге арналған , құрамында бактериялардың лизатор қоспасы бар, ауыз қуысындағы тіндердің жергілікті иммунитетін жоғарлататын препарат болып табылады. Көрсеткіштері: пародонт тіндерінің және ауыз қуысындағы катаралды және іріңді қабыну үрдістері, операцияға дайындық, тіс протездерінен пайда болатын ойық жаралары. Қолданылуы : тәулігіне 6-8 таблеткадан (таблетканы ауызда толық ерігенше үстап түру қерек). Жедел қабынуларды емдеу үшін курсы 10 күн, созылмалы қабынуларды емдеу үшін курсы 20 күн.
6. Аллергияға қарсы дәрілік заттар
Глюкокортикоидтар - гидрокортизон. Әсер ету механизмі :
-
алып торша мембранасының орнына келуі,
-
нысана торшаларының аллергиялық үрдістегі, аллергендермен аллергия
медиаторының сезімталдығын төмендетеді.,
-
гистаминопексия пайда болады (гистаминді байланыстырады).
Гистаминге қарсы препараттар: дифенгидрамин (димедрол),
клемастин (тавегил )
лоратидин (кларитин)
Әсер ету механизмі: Н1 рецепторларын тежей отырып, гистамин үрдісін әлсіретеді.
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ
ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАРЫ
-
Ретинол (А-витамині):
-
суда еритін зат
-
рахитте қолданылады
-
трофикалық ойық жаралардың жазылуын белсендіреді
-
«кальциферол» атты синоним
-
спазмофилияда қолданылады
-
Эргокальциферол (Д 2 – витамины):
-
микроағзалардың әсерінен тоқ ішекте пайда болады
-
гемеролопия кезінде қолданылады
-
белсенді антиоксидант болып табылады
-
ағзада кальций және фосфор алмасуын реттейді
-
ультракүлгін сәулелерінің әсерінен бұзылады
-
Пиридоксин ұшін тән ( В 6-витамины):
-
аминоқышқылдардың алмасуына әсері бар
-
кардиодепрессивті әсерге ие
-
лейко- және әритропоэзді тежейді
-
бауырда протромбиннің түзілуін белсендіреді
-
күн сәулесінің әсерінен теріде белсенді түрі пайда болады
-
Аскорбин қышқылы (С – витамині):
a) глюкокортикоидтардың түзілуін белсендіреді
b) капиллярлардың өткізгіштігін жоғарлатады
c) тотығу-тотықсыздану процесстерінің белсенділігін тежейді
d) бауырда протромбиннің түзілуін белсендіреді
e) лейко- және эритропоэзді тежейді
-
Аскорбин қышқылы (С-витамины):
a) капиллярлардың өткізгіштігін жоғарылатады
b) глюкозаның тотығуын күшейтіп, көмірсу алмасуын белсендіреді
c) тотығу-тотықсыздану процесстерінің белсенділігін тежейді
d) бауырда протромбиннің түзілуін белсендіреді
e) лейко- және эритропоэзді тежейді
-
Аскорбин қышқылы (С-витамины):
a) капиллярлардың өткізгіштігін жоғарылатады
b) ағзаның қалыптасу мүмкіндігін күшейтеді
c) тотығу-тотықсыздану процесстерінің белсенділігін тежейді
d) бауырда протромбиннің түзілуін белсендіреді
e) лейко- және эритропоэзді тежейді
-
Фолий қышқылы:
a) пиримидиндер түзілуіне қатысады
b) цианокобаламиннің түзілуіне қатысады
c) лейкоз кезінде қолданылады
d) көмірсу алмасуына қатысады
e) лейко- және эритропоэзді тежейді
-
Фолий қышқылы:
a) пуриндер түзілуіне қатысады
b) цианокобаламиннің түзілуіне қатысады
c) лейкозда қолданылады
d) көмірсу алмасуына қатысады
e) лейко- және эритропоэзді тежейді
-
Ферменттік препараттарға жатады:
a) фибринолизин
b) Пиридоксин
c) Цианокобаламин
d) фолий қышқылы
e) эргокальциферол
-
Ферментті препараттарға жатады:
-
кристалдық трипсин
-
Пиридоксин
-
Цианокобаламин
-
фолий қышқылы
-
эргокальциферол
-
Сульфаниламидтер:
-
дигидрофолатредуктаза белсенділігін тежейді
-
парааминобензой қышқылымен бәсекелеседі
-
ақ-уыздың рибосомалық түзілуін бұзады
-
тіндік тыныс алу ферменттерінің белсенділігін тежейді
-
микроорганизмдердің жасуша қабырғасының құрылымын бұзады
-
Сульфаниламидтер:
-
дигидрофолатредуктаза белсенділігін тежеушілер
-
ақуыздардың рибосомалық түзілуін бұзады
-
тіндік тынысалу ферменттерінің белсенділігін тежейді
-
микроорганизмдердің жасуша қабырғасының құрылымын бұзады
-
микроорганизмдердің жасушасындағы дигидрофилийқышқылының түзілуін бұзады
-
Ципрофлоксацин:
-
цефалоспориндерге жатады
-
ісікке қарсы әсерлі
-
бактериялық ДНК-гидразасын тежейді
-
микроорганизмдердің жасуша қабырғасын бұзады
-
ПАБҚ-мен бәсекелеседі
-
Фторхинолондарға жатады:
-
нитрофуран (фурациллин)
-
нитроксолин
-
ципрофлоксацин
-
налидикс қышқыл
-
сульфаметоксазол
-
Фторхинолондарға жатады:
-
нитрофуран (фурациллин)
-
нитроксолин
-
налидикс қышқыл
-
норфлоксацин
-
сульфаметоксазол
-
Фторхинолондарға жатады:
-
нитрофуран (фурациллин)
-
нитроксолин
-
офлоксацин
-
налидикс қышқыл
-
сульфаметоксазол
-
Нитрофуранның туындыларына жатады:
-
нитрофуран (фурациллин)
-
фталилсульфатиазол (фталазол)
-
сульфаметоксазол
-
ципрофлоксацин
-
офлоксацин
-
Нитрофуранның туындыларына жатады:
-
фуразолидон
-
фталилсульфатиазол (фталазол)
-
сульфаметоксазол
-
ципрофлоксацин
-
офлоксацин
-
Нитрофуран туындыларына жатады:
-
нитрофурантион (фурадонин)
-
фталилсульфатиазол (фталазол)
-
сульфаметоксазол
-
ципрофлоксацин
-
офлоксацин
-
Жергілікті әсер ету ұшін қолданылады:
-
нитрофуразон
-
фталилсульфатиазол
-
сульфакарбамид
-
ципрофлоксацин
-
офлоксацин
21. Жергілікті әсер ету ұшін қолданылады:
-
сульфацетамид
-
фталилсульфатиазол
-
сульфокарбамид
-
ципрофлоксацин
-
офлоксацин
22. Айқын бактериоцидтік әсерге ие:
-
сульфакарбамид (уросульфан)
-
сульфаэтидол (этазол)
-
нитроксолин
-
офлоксацин
-
тетрациклин
23. Айқын бактериоцидтік әсерге ие:
-
ко-тримаксозол (бактрим)
-
сульфакарбамид (уросульфан)
-
сульфаэтидол (этазол)
-
нитроксолин
-
тетрациклин
24. Айқын бактерицидтік әсерге ие:
-
нитрофуран (фурациллин)
-
сульфакарбамид (уросульфан)
-
сульфаэтидол (этазол)
-
нитроксолин
-
тетрациклин
25. Пенициллиндер тобындағы антибиотиктер барлық әсерге ие,біреуінен басқа :
-
бактерицидтік әсер етеді
-
Д-аланинмен бәсекелесіп , жасуша қабырғасының түзілуін бұзады
-
жүктілік кезінде қауіпсіз
-
аллергиялық реакцияларды туғызады
-
туберкулез таяқшаларының көбеюін тоқтады
26.Тетрациклиндер барлық әсерге ие, біреуінен басқа:
-
бактериостатикалық әсер
-
бактерицидтік әсер
-
микроорганиздердің жасушасындағы ақуыз түзілуін бұзады
-
кең спектрлі әсері бар
-
кандидоз туғызуы мүмкін
27.Антибиотик-макролидтер:
a) кең спектрлі әсері бар
b) бактерия қабырғасының құрылымын бұзады
c) левомицетин және стрептомицин
d) эритромицин және олеандомицин
e) кең спектрі әсерге ие
28.Антибиотик-макролидтер:
a) кең спектрлі әсері бар
b) рибосомада транслокация процессін тежейді
c) бактерия қабырғасының құрылымын бұзады
d) левомицетин және стрептомицин
e) кең спектрлі әсерге ие
29.Антибиотик-макролидтер:
-
кең спектрлі әсері бар
-
грам оң микроорганизмдерге қарсы әсері белсенді
-
бактерия қабырғасының құрылымын бұзады
-
левомицетин және стрептомицин
-
кең спектрлі әсерге ие
30. Цефалоспориндер:
-
микроорганизмдердің жасуша қабырғасының құрылымын бұзады
-
тыныс алуды тежейді
-
ақуыз түзілуін төмендетеді
-
рибосомадағы транслокация процессін төмендетеді
-
бактериостатикалық әсер көрсетеді
31. Бета-лактамды антибиотиктерге барлығы жатады, біреуінен басқа:
-
монобактамдар
-
тетрациклиндер
-
пенициллиндер
-
цефалоспориндер
-
карбопенемдер
32. Бета-лактамды антибиотиктерге барлығы жатады, біреуінен басқа:
-
монобактамдар
-
аминогликозидтер
-
пенициллиндер
-
цефалоспориндер
-
карбопенемдер
33. Аминогликозидтер:
-
улы әсері төмен
-
ототоксикалық, нефротоксикалық. әсері бар
-
рибосоманың үлкен суббірлігіне әсер етеді
-
микроорганизмдердің жасуша қабырғасының қызметімен құрылымын бұзады
-
тыныс алуды тежейді
34. Аминогликозидтерге тән:
-
улы әсері төмен
-
рибосоманың кіші суббірлігіне әсері бар
-
рибосоманың үлкен суббірлігіне әсер ететі
-
микроорганиздердің жасуша қабырғасының қызметімен құрылысын бұзады
-
тыныс алуды тежейді
35. Аминогликозидтерге жатады:
-
оксациллин
-
метациклин
-
левомицетин
-
гентамицин
-
доксициклин
36. Ақуыз түзілуін тежейтін антибиотик,біреуінен басқа:
-
тетрациклин
-
хлорамфеникол (левомицетин)
-
ампициллин
-
олеандомицин
-
стрептомицин
37. Антибиотиктер топтары:
-
фторхинолондар
-
нитрофурандар
-
ГИНК туындылары
-
цефалоспориндер
-
сульфаниламидтер
38. Цитоплазмалық мембранаға әсерін беретін антибиотиктер:
-
тетрациклиндер
-
ампициллин
-
полимиксиндер
-
стрептомицин
-
эритромицин
39. Цитоплазмалық мембранаға әсерін беретін антибиотик:
-
тетрациклин
-
ампициллин
-
стрептомицин
-
эритромицин
-
амфотерицин В
40. Цитоплазмалық мембранаға әсерін беретін антибиотик:
-
тетрациклин
-
ампициллин
-
стрептомицин
-
эритромицин
-
нистатин
41. Полиенді антибиотиктердің әсер ету механизмі:
-
бактериялардың жасуша қабырғасын зақымдау
-
цитоплазмалық мембранасындағы стериндермен (фосфолипидтер) байланысу
-
рибосоманың үлкен суббірлігіне әсері
-
микроорганизмдердің жасуша қабырғасының қызметімен құрылымын бұзады
-
тыныс алуды тежейді
42. ДНК -құрамдас вирустарға әсер етеді:
-
идоксуридин
-
ремантадин
-
оксалин
-
амантадин (мидантан)
-
интерферон
43. ДНК -құрамдас вирустарға әсер етеді:
-
ремантадин
-
ацикловир
-
оксолин
-
амантадин (мидантан)
-
интерферон
44. ДНК-құрамдас вирустарға әсер етеді:
-
ремантадин
-
ацикловир
-
оксолин
-
видарабин
-
интерферон
45. Жүйелі микоздарда қолданылады:
-
калий йодиді
-
нистатин
-
эритромицин
-
гризеофульвин
-
кетоконазол
46. Полиенді антибиотиктерге жатады:
-
амфотерицин В
-
ампициллин
-
тетрациклин
-
миконазол
-
клотримазол
47. Беткейлі микоздарда қолданылады:
-
гризеофульвин
-
тетрациклин
-
амфотерицин В
-
микогептин
-
декамин
48. Беткейлі микоздарда қолданылады:
-
кетоконазол
-
тетрациклин
-
амфотерицин В
-
микогептин
-
декамин
49.Беткейлі микоздарда қолданылады:
-
клотримазол
-
тетрациклин
-
амфотерицин В
-
микогептин
-
декамин
50.Шырышты қабаттың және терінің санырауқұлақтармен зақымдалуында белсенді:
-
амфотерицин В
-
тербинафин
-
нистатин
-
полудан
-
леворин
51.Шырышты қабаттың және терінің санырауқұлақтармен зақымдалуында белсенді:
-
гризеофульвин
-
тербинафин
-
нистатин
-
полудан
-
леворин
52.Шырышты қабаттың және терінің санырауқұлақтармен зақымдалуында белсенді:
-
клотримазол
-
тербинафин
-
нистатин
-
полудан
-
леворин
53.Интерферонға тән:
-
қысқа мерзімді
-
жасуша ішілік енетін вирустармен түзіледі
-
ағзада тұрақты
-
ДНК-полимеразаны тежейді
-
РНК түзілуін тежейді
54.Интерферонға тән:
-
вируспен зақымдалған торшадан түзіледі
-
жасуша ішілік енетін вирустармен түзіледі
-
ағзада тұрақты
-
ДНК-полимеразаны тежейді
-
РНК- түзілуін тежейді
55. Интерферонға тән:
-
қысқа мерзімді
-
жасуша ішілік енетін вирустармен түзіледі
-
гриппті алдын алу үшін
-
ДНК-полимеразаны тежейді
-
РНК түзілуін тежейді
56. Вирустың өнімдерін тежейді:
-
ацикловир
-
мидантан
-
полудан
-
метисазон
-
ремантадин
57. Ацикловир:
-
РНК түзілуін тежейді
-
ДНК полимеразаны тежейді
-
тек сыртқа қолданылады
-
гриппте қолданылады
-
ЖИТС- те қолданылады
58.Ацикловир:
-
РНК түзілуін тежейді
-
ДНК полимеразаны тежейді
-
тек сыртқа қолданылады
-
гриппте қолданады
-
герпес ауруларында қолданылады
Достарыңызбен бөлісу: |