Жазаны өтеуді ерекше режимнен қатаң режимге ауыстыру



жүктеу 27.5 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі27.5 Kb.
Жазаны өтеуді ерекше режимнен қатаң режимге ауыстыру

( үзінді)

Бұрын бірнеше рет сотты болған С. Өскемен қалалық № 2 сотының 2006 жылғы 23 наурыздағы үкімімен ҚР ҚК 259-бабы 2-бөлігіне сәйкес 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға соттал-ған.

ҚР ҚК 13-бабы 3-бөлігінің «б» тармағы негізінде сотталушының әрекеттерінде қылмыстың аса қауіпті қайталануы танылып, жазаны ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалған.

2006 жылы 18 қаңтарда өте ірі мөлшердегі есірткі затын (героин) иеленгені және сақтағаны үшін С. кінәлі деп танылған.

Шығыс Қазақстан облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі алқасының 2006 жылғы 10 мамырдағы қаулысымен, үкім өзгеріссіз қалдырылған.

Сотталған С. өз шағымында кінәсін дауламай, істеген әрекетіне өкінетінін және денсаулығының нашар екендігін ескеріп, жазасын жеңілдетуді сұраған.

С-ның қылмыс жасағандағы кінәсі, сот отырысында зерттелген және үкімде көрсетілген дәлелдемелермен толық анықталған. Сотталушының қылмыстық әрекетіне заңды баға берілген.

Алайда, сотталушының әрекетіндегі қылмыстардың қайталануы дұрыс анықталмағандықтан, оған жазасын өтеп жатқан түзеу колониясының режимі де дұрыс тағайындалмаған.

Сот оның екі рет ауыр қылмыс үшін сотты болғанын негізге алып, ҚР ҚК 13-бабы 3-бөлігінің «б» тармағына сәйкес қылмыстардың аса қауіпті қайталануы деп қате тұжырымдаған.

Іс материалдарынан анықталғандай, С. 1986 жылы кәмелетке толмай тұрған кезінде қылмыс жасағаны үшін сотталған. Сондықтан ҚР ҚК 13-бабы 4-бөлігіне сәйкес, бұл соттылық қылмыс-тың қайталануын тану кезінде ескерілмейді.

С. 1990 жылы ауыр қылмыс жасағаны үшін (Қаз.ССР ҚК 133-бабы 2-бөлігі) сотты болған және 1994 жылы ірі көлемде мемлекет мүлкін ұрлауға оқталғаны үшін Қаз. ССР ҚК 15-бабы, 76-бабы 4-бөлігімен сотталған. Алайда, 1995 жылы 12 мамырда Қаз.ССР ҚК 76-бабына өзгерістер енгізіліп, атал-ған қылмыс Қаз.ССР ҚК 76-бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмыс құрамына ауысты. Қаз.ССР ҚК 76-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс, Қаз.ССР ҚК 7-1-бабына сәйкес ауыр қылмыс санатына жатады. Әйтседе, ҚР ҚК 5-бабына сәйкес, аталған қылмыстық әрекет ҚР ҚК 175-бабы 2-бөлігінде көрсетілген ауырлығы орташа қылмыстық әрекеттерге сай келеді.

Алайда, Қаз.ССР Қылмыстық кодексі орташа ауырлықтағы қылмыс деген түсінікті қарастырмаған. Атал-ғандардың негізінде және ҚК 5-бабына сәйкес, С-ның 1994 жылғы ұрлық жасағаны үшін соттылығын ауыр қылмыс деп есептеуге болмайды, бұл соттылықты қасақана жасаған қылмысқа жатқызу керек. 1995 жылғы 14 тамыздағы үкімде көрсетілген С-ның қыл-мыстық әрекеті, 1994 жылғы 20 желтоқсандағы үкім шығарылмай тұрып жасалған, түпкілікті жазасы Қаз.ССР ҚК 37-бабы 3-бөлігінің тәртібімен айқындалып, қылмыстардың жиынтығы бойынша белгіленген.

Демек, 1994 жылғы 20 желтоқсандағы және 1995 жылғы 14 тамыздағы шығарылған үкімдер бір соттылық деп есептеледі.

С. соттылығы жойылмаған бір ауыр және бір қасақана жасаған қылмысы бола тұрып, ҚР ҚК 259-бабы 2-бөлігінде көзделген ауыр қылмысты жаңадан жасаған.

Мұндай жағдайда оның әрекетіндегі қылмыстың қайталануы ҚР ҚК 13-бабы 2-бөлігінің «а» тармағына сәйкес, қылмыстың қауіпті қайталануы болып танылуы керек, ол жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуі тиіс.

Жаза сотталушыға заң талаптарына сәйкес тағайындалған.



ҚР ҚК 259-бабы 2-бөлігінің санкция-сы 3 жылдан 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады, С-ға 3 жыл 6 ай мерзім бас бостандығынан айыру жазасы тағайындал-ған. Сондықтан оған ҚР ҚК 55-бабында көрсетілген жазаны жеңілдететін мән-жайларды қолдануға негіз жоқ. Осы айтылғандардың негізінде, ҚІЖК 467-бабы 6-бөлігінің 2-тармағын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы, С-ға қатысты Өскемен қаласы № 2 сотының үкімін және Шығыс Қазақстан облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі алқасының қаулысын өзгертіп, ҚР ҚК 13-бабы 2-бөлігінің «а» тармағы негізінде С-ға қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеуді тағайындады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет