4. Адьективті құрылымдардағы инфинитив
Бұл функциядағы инфинитивті қарастырмас бұрын атауына назар
аударайық. «Адьектив» сөзі ағылшын тілінің «adjective» - «сын есім» деген
мағынаны білдіреді. Сондықтан бұл құрылымды сын есімді құрылымдардағы
инфинитив деп атауға болады. Бұл құрылымдағы инфинитив өздік және
ырықсыз етістерде қолданылады. Ағылшын тілінде өздік етіс active voice, ал
ырықсыз етіс passive voice деп аталады. Мұндай құрылымдағы инфинитив
көбіне «қажеттілік» деген мағынаны береді. Мысалы: New zoo for children at
Victoria Park London to be opened in 1966 is proposed by the Greater London
Council’s Park Comitee – Үлкен Лондонның муниципалитетіндегі саябақ
комитеті 1966 жылы ашылуға тиісті Виктория паркінде балаларға арналған
жаңа хайуанаттар бағын құруға ұсыныс жасады. Дәл осы сөйлемді басқаша
етіп аударуға болады. Мысалы: New zoo for children at Victoria Park London to
be opened in 1966 is proposed by the Greater London Council’s Park Comitee –
Үлкен Лондонның муниципалитетіндегі саябақ комитеті 1966 жылы
Виктроия саябағында балаларға арналған жаңа хайуанаттар бағын ашуды
ұсынды. Бұл сөйлемнен біз инфинитивтің адьективті немесе сын есімді
құрылымында кейбір жағдайда модальдік мағынадан ауытқитынын көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |