Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру



бет35/36
Дата02.01.2022
өлшемі1.82 Mb.
#452323
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру.

Талқылау:
1.Басқа адамдардың пікірін оқығанда қандай сезімде болдыңыз?
2.Қазіргі көңіл - күйіңіз қандай?

ТРЕНИНГ САБАҚ


Тақырыбы: ДОСТЫҚ

Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету,коммуникативті өрісті дамыту.

БАРЫСЫ:

І. Сәлемдесу.

ІІ. Шаттық шеңбері.

- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)

Тренинг ережелерімен таныстыру.

Бі р-бірін сыйлау.

Ұзақ уақыт сөйлемеу.

Көңілді болу.

Танысу тренингі.

Өз есіміңізге сын есім қосып танысайық.

Әдепті -

Үлпілдеген -

Жағымды -

Мейірімді -

Нұрдай -

Оқымысты- Ынталы –Елдос Ажарлы – Расул

Жайдарлы -

Айбатты -

Жақсы -

Ғажайып -

Нұрлы -

ІІІ. «Кел,ойланайық,пікірлесейік»

Енді, балалар, мына өлеңді тыңдап көрелік.
Дос көп еді жүретін сыр ақтарып,

Жандарынан тұратын шуақ тамып.

Домбырамның үні де естіледі,

Достарымның сырлары сияқтанып.


Шын достықтың оттары жалындайды,

Дос қамалдар ешқашан алынбайды.

Дос көңілдер есепке бағынбайды,

Дос жүректер өсекке бағынбайды.


Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

Шын досты қалай білуге болады?

«Досы көпті жау алмайды» деген сөзді түсіндіріңдер?

До стары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?






















V. «Достық.Бірлік» үйін салу.

Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.

Мақал-мәтелдер:


Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.

Досың мың болса да –аз,

Дұшпаның біреу болса да – көп.

Досыңменен дос болғанға шаттан,

Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.

Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.

Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.
VI. Тыныштық сәті.

Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар.

Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досы, оның жалқы қасиеттері туралы ойлаймыз. (2-3 секунд)

Балалар, достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа аты-жөнімізді жазып,ойлаған досымыздың есімін жазайық.


VII. Социометрия әдісі.

Мақсаты: Балалар ұжымдағы өзара қарым-қатынасты анықтау,топ ішінде психологиялық қолайлы жағдай орнату.

Нұсқау: Балалар, сіздерге қазір сұрақтар қойылады.Сол сұраққа осы өз

кластастарыңнан үш есімді жазасыңдар.

Кіммен дос болғың келеді?

Лагерьде қай топта болғың келеді?


VIII. «Жүректен-жүрекке» жылы лебіз білдіру.

Балалар, шаттық шеңберіне келе қойыңыздар. Енді қасымыздағы адамға жүрегіміздегі жақсы жылы лебізді білдірейік.


ІX. Қорытынды.

1. «Қоршаған ортамен қарым-қатынас» тесті

Адамдар тек қана бір-бірімен дос болып қана қоймайды, қоршаған ортамен де дос болады екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет