Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы


Модальділік концептінің морфологиялық репрезентациясы



бет25/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   85
Жұбаева монография

Модальділік концептінің морфологиялық репрезентациясы

Модальділік – әлі де сыры ашыла қоймаған, көп талас тудырып жүрген салалардың бірі. Ғалымдар модальділік мәндерін түрліше сипаттайды. Модальділік ұғымын ғалымдар екі бағытта қарастырады: бір бағыт В.В.Виноградовтың сөйлесім мазмұнының шындыққа қатысы туралы тұжырымдарын басшылыққа алса [137], екінші бағыт функционалды бағыттағы еңбектерге негіз болған. Модальділікке функционалдық тұрғыдан анықтама берген ғалымдардың бірі – А. Фрей. Ғалым модальділікті сөйлеуші факторы тұрғысынан сипаттайды [138, 157-б.]. Ғалымның ойларын функционалды морфологияға қатысты Н.А. Слюсарева әрі қарай дамытқан. Автор сөйлесім мазмұнының сөйлеушінің коммуникативті діттеміне байланысты болатынын айта келіп, модальділікті білдіруде сөйлеуші тілдік құралдарды пайдаланатынын айтады [139, 48-49-б.]. Ю.С. Степанов та модальділікке антропоөзектік тұрғыдан сипаттама берген. Семиологиялық грамматика тұрғысынан, модальділік «ақиқат болмыстың сөйлесім субъекті, «мен» сөйлеуші тұрғысынан сипатталады. Ол тілдік құралдардың көмегімен белгілі бір тіл үшін объективті, жалпылық сипат алады [140, 241-б.]. А.В.Бондарко модальділіктің қандай ерекшеліктері сөйлеушінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретінін нақтылаған [103]. Ғалым функционалды грамматика ұстанымдарына сәйкес, модальділікті «сөйлеуші тұрғысынан сөйленім мазмұнындағы пропозитивті негіздің ақиқат шындыққа қатысын шынайылық/жалғандық сияқты белгілер бойынша айқындайтын актуалды категориялар жиынтығы» ретінде сипаттайды [101, 59-б.].


Қазақ тілінің этнограмматикалық ерекшелігі ойдың кесімді/кесімсіз берілуі сияқты коммуникативті құрылым арқылы беріледі. Қазақ тілінде кесімді құрылымдар сирек қолданылады. Бұл қазақ халқының ұлттық болмысымен, табиғатымен байланысты. Мұндай ұлттық этнограмматикалық ерекшелік қазақ тіліндегі «мүмкін», «шығар», «қайдам» сияқты тілдік қолданыстардың жиі кездесуінен көрінеді. Бұл – ұлтымыздың барды жоққа шығармайтын, сәті келмеген істі жазмыштың ісі деп білетін мойынұсынғыштық, «сабыр түбі сары алтын» деп білетін ұстамдылық, біреудің көңіліне тимеу, жұмсартып сөйлеу, кешірімшілдік сияқты ұлттық мінезінің (болмысының) тілдік көрінісі болып табылады. Ал орыс тілінде кесімді құрылымдар жиі қолданылады. Мұндай тілдік құрылымдар орыс халқының менталитетін, ұлттық ерекшелігін сипаттайтын этнограмматикалық бірліктер болып табылады. Олай болса, ойды жеткізу, сөйлеу актісі, қарым-қатынас жасау кезінде де әрбір ұлттың табиғи болмысы, менталитеті, дүниетанымы, мәдениеті т.б. ерекшеліктері нақты көрініс тауып отырады.
Қазақ тіл білімінде модальділік категориясын антропоөзектік тұрғыда зерттеуге арналған еңбектерге модаль сөздерге байланысты А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Ы.Маманов, С.Исаев, Е.Жанпейісовтің [140], рай категорияларына байланысты К.Ищановтың [141], модальді сөйлемдерге арналған А.Н.Нұрмаханованың [142], О.Төлегеновтің [143], етістіктің модальдік құрылымдарына байланысты Қ.Мамаділовтің [144], сондай-ақ бұйрық және қалау райларының мағыналық реңктеріне, тұлғалық жүйесі мен семантикалық ерекшеліктеріне арналған Л.С.Дүйсембекованың [145], Б.Ж.Доскееваның [146] еңбектерін атауға болады.
О.Төлегенов модальділікке мынадай сипаттама береді: «Сөйлемдердің шындық туралы мазмұнының айтушы көзқарасы тұрғысынан тұжырымдалуына байланысты білдіретін айрықша грамматикалық мағынасы сөйлем модальділігі делінеді. Сөйлем модальділігі, біріншіден, айтушының жалпы шындыққа деген объективті көзқарасына, екіншіден, айтушының баяндау мазмұнына деген субъектінің көзқарасына негізделеді, үшіншіден, сөйлемнің жалпы шындыққа байланысты модальділігі өзіндік тәсіл жүйеде беріледі» [143, 21-23-б.]. Сөйлеушінің ақиқат шындыққа қатынасы сөйлеуде түрлі амалдар, формалар арқылы көрінеді. Сөйленім мазмұнындағы бұл мағына модальдік мағына деп аталады да, бұл мағынаны білдіретін амалдар, формалар – модальдік амалдар, модальдік формалар деп аталады [143, 51-52-б.]. Н.Г.Шаймерденова модальділікті білдіретін лексикалық құралдардың модальді семаны берудегі қызметін сөз етсе [147, 14-б.], Қ.Мамаділов етістіктің модальдік құрылымдарын міндеттілік, болжал, мүмкіндік мағыналарын білдіруіне байланысты жіктейді. Зерттеуші модаль сөздер құрылым жасауда кез келген етістікпен тіркесе бермей, тұлға таңдайтынын, етістіктің модальдік құрылымдары баяндауыштың құрамында тұрып қана модальдік мағыналарды білдіретінін айтады [144, 25-61-б.].
Модальділік сөйлеуші, тыңдаушы, сөйленім мазмұны мен ақиқат шындық сияқты коммуникацияның негізгі факторларының өзара қатынасын айқындаудан туындайды. Сөйлемге тән негiзгi белгiлердiң бiрi – модальдiлiк екенін айта келіп, Т.Ермекова: «Сөйлем пiкiрдi болмысқа қатынасы тұрғысынан ғана айтып қоймайды, ол пiкiрге сөйлеушiнiң қатысын, көзқарасын да қоса бiлдiредi. Соған сәйкес объективті және субъективті модальділік деп бөлінеді. Объективті модальділік ашық райдың үш шағында көрінетін реалды іс-әрекетті де, қалау, бұйрық, шартты райлар формалары мен қажеттілік, тілек, күмән тәрізді модаль мәнді сөздер арқылы берілетін ирреалды іс-сапаны да білдіреді. Субъективті модальділікте сөйлеушiнiң сөйлемде айтылған ойды құптауы, құптамауы, сенуi, жормалдауы т.б. белгілері күшейту, экспрессивті бағалау тұрғысында беріледі. Сөйлемдегі модальділіктің негiзгi көрсеткiштерi рай категориясы, модаль сөздер мен демеулер болады», – деп жазады [148, 86-б.].
Модальділік концепті коммуникация факторларының арасындағы түрлі қатынастарды (шынайылық, жалғандық, ерік, күдік, сенім, мақұлдау, сұрақ, бұйрық т.с.с.) білдіреді. Модальділік концепті тілдің түрлі деңгейлерінде (просодикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік) репрезентациялануы мүмкін.
Морфологиялық жолмен берілетін рай концепті жалпылау когнитивті механизмінің негізінде модальділік негізгі концепті арқылы қалыптасады. Модальділік негізгі концептінің мазмұнында жалпылану арқылы шынайылық, жалғандық сияқты сипаттар түзіледі. Ол сипаттар шынайы болмыспен сәйкес келу, шынайы болмыспен сәйкес келмеу сияқты түрде көрініс тауып, морфологиялық жолмен берілетін «рай» концептіне негіз болады. Рай категориясы морфологиялық репрезентацияның тілдік механизмі ретінде көрінеді. О.Төлегенов модальділік категориясы қазақ тілінде морфологиялық (рай жұрнақтары), лексика-синтаксистік (баяндауыш компоненті ретінде жұмсалатын айрықша модаль сөздер мен кейбір демеуліктер), интонация-синтаксистік тәсіл арқылы жасалатынын көрсетсе [133, 24-б.], қазақ тіліндегі мүмкіндік модальділігінің функционалды-семантикалық өрісін арнайы қарастырған С.Құлманов модальділік грамматикалық тәсілмен де, лексикалық тәсілмен де беріле алатынын, модальділік грамматикалық тәсілмен берілгенде, грамматикалық категория – рай категориясы жасалатынын айтады [149, 21-б.].
Модальділік категориясы рай категориясымен салыстырғанда, әлдеқайда ауқымды болып келеді. Модальділік пен рай категориясы өзара тең түспейтінін, сондықтан оларды екі бөлек қарастыру қажеттігін айта келіп, Н.Т.Сауранбаев: «Рай категориясы мен әрекеттің шындыққа қатынасын білдіру арасында дәлме-дәл келушілік, толық сәйкестік болмайтынын тура айтуымыз керек. Рай басқа да грамматикалық категория тәрізді қазіргі дамыған тілдерде ойлаудың тілдегі ұзақ уақыт бойы абстракцияланушылық әрекеті арқылы орныққан таза тілдік категория болып есептеледі», – дейді [150, 257-б.]. С.Исаев рай категориясы етістіктің модальдік мәнінің бірден-бір грамматикалық категориялық көрсеткіші боғанмен, етістіктің барша модальдік мәнін толық қамти алмайтынын айтады [34, 193-б.].
«Рай» концепті сөйлеушінің ақиқат шындыққа қатынасы туралы тілдік білімдеріне негізделеді. Концептінің жіктелімдік деңгейі оның сөйлеуші мен тіл жүйесіне бағытталуымен байланысты. Сол арқылы сөйлеуші қандай да бір райдың көмегімен жағдаятты шынайы не жалған болмыс түрінде көрсете алады. Мысалы: - Ай, ай! Ана ақ шелек тағы қалды! ­– деп түйе басын тартқан биеші Дүйсенбай кейіп, баж ете түскенде, көш жетелеп келе жатқан Тұрсын бұрылып аялдайын деп еді, Қара бәйбіше одан жаман шарылдап:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет