Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы


Бір заттың түрлі белгілерінің интенсивтілік деңгейін салыстыру



бет76/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   85
Жұбаева монография

Бір заттың түрлі белгілерінің интенсивтілік деңгейін салыстыру Мысалы: Заманың түлкі болса, тазы боп шал, Дәуренің аз да болса қазы боп қал, Дегендей аума-төкпе замана ғой. Иә, сондай амалымыз азырақ бар (Қ.Бекхожин, Дала комисс.). Алдамшы көріністер, әсіресе, шаршау, әлсіреу, қорқыныш, үрей секілді психикалық әсер салдарынан немесе айналадағыларға сенімсіздікпен қараудан, көңіл күйінің бұзылуы кезінде жиірек бой көрсетеді (ҚҰЭ). Бұл мән негізінен семантикалық және мәнмәтін факторларының көмегімен түзіледі. Мұнда көбінесе салыстыру мәнін үстейтін гөрі, қарағанда, салыстырғанда сияқты шылаулар мен етістіктер қатысады.
Мәнмәтін факторының әсерінен «салыстыру» концепті актив қолданысқа түсіп, қарсы қою мәні пайда болады. Ол морфологиялық жолмен берілетін «белгі мөлшері» концептінің «заттың салыстырмалы белгісі» сипатымен тоғысып, концептуалды мазмұн құрайды.
Бір заттың қандай да бір белгісінің әртүрлі кездегі интенсивтілік деңгейін салыстыру Салыстырмалы шырай көрсеткіштері морфологиялық жолмен берілетін «белгі мөлшері» концептін актив қолданысқа түсіре отырып, оның мазмұнында «заттың салыстырмалы белгісі» мәнін актуалдандырады. Ол қосымша лингвистикалық факторлардың көмегімен әрі қарай нақтылана түседі. Мысалы: Тапқырлыққа қайран қалып қана қоймаймыз, лирикалық кейіпкер тұлғасын бұрынғыдан да айқынырақ танып, алғаусыз сүйсінеміз (Ж.Әбдірашев, Парасат.). Мұнда мәнмәтін мен семантикалық факторлар қосымша фактор ретінде қатысады. Мәнмәтін факторына сәйкес сөйлем-сөйлесім құрамында мезгіл үстеулері (енді, бұрынғыдан да, қайта, бұрын т.с.с.) және мезгіл мәнді зат есімдер (қыстағыдан, жаздағыдан т.с.с.), мезгіл бағыныңқы сөйлемдер қатысады. Сол арқылы заттың қандай да бір белгісінің бұрынғы және кейінгі сипаттары өзара салыстырылады. Морфологиялық репрезентацияда мәнмәтін және семантикалық факторлардың ықпалымен «салыстыру» концепті актив қолданысқа түсіп, оның мазмұнында «сәйкессіздік», «қарсы қою» мәндері пайда болады. Олар морфологиялық жолмен берілетін «белгі мөлшері» концептінің «заттың салыстырмалы белгісі» сипатымен тоғыса отырып, концептуалды мазмұн құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет