Жұбан және Желтоқсан 1986 жылы желтоқсанның 31-де Қазақстан Жазушылар Одағында



жүктеу 67.63 Kb.
Дата09.07.2016
өлшемі67.63 Kb.
Жұбан және Желтоқсан
1986 жылы желтоқсанның 31-де

Қазақстан Жазушылар Одағында

Қазақстан Компартиясы Орталық

Комитетінің бірінші хатшысы

Г.В.Колбинмен кездесудегі сөзі

(текст шағындалып берілді)
Маған бұл кездесу туралы хабарлағанда, мен өзімнің шешендік өнерім мен олимпиадалық ұстамдылығыма онша сеніңкіремей, осы мінбеден айтқым келетіннің кейбірін асығыс қағазға түсіріп алдым. Мен ойлаймын дұрыс па әлде аңғырттық па, білмеймін, ә4гіме тек риясыз, мейілінше ашық, адам, жүрекжарды болуы, бірдеңеден қателесіп кетем бе және бір-бірімізге жакдай қаламыз ба деген әйеншектенусіз болуы керек, алайда мүндай жағдайда көбінесе үндемей қалған немесе көлгірсіген, ыққа жығылғыш, істен гөрі ұрандар туралы көбірек сөз қозғайтын адамның ұтатыны бізге түсінікті.

Шындыққа шақыра отырып, шындыктын үстінеи карауға болады, сынды өрістетуді қызу жақтай отырып, сыннан таза, тыс гұруға болады. Жақсы да жөн сөздің бәрі жақсы әрі дұрыс істің міндетті кепілі бола алмайды. Көбінесе солай болып келді де.

Биязылап айтсақ, көптеген қиғаш құбылыс тура жазушылардың көз алдында өтіп жатты. Бірақ баспасөз жүзінде, міибеден айтуға біздің, қазақстандық әдебиетшілердің азаматтық ерлігі жетпегенін мойындауымыз қажет.

Біздің көптеген кітабымыздың коньюнктуралығы, өмірдің өткір проблемаларынан алшақ тұруы біздің қоғамдық позициямыздың енжарлығына байланысты деп ойлаймын. Бұған бірсыпыра дәрежеде мыналар ықпал етті: адамдардың қалыпты, қорғанышты ойларынан сәл-пәл ауытқу-суреткерлерге (тек қана оларға емес) әртүрлі сипаттағы таңбалар жапсыруға, оларға бейсаясаттық, мәселені түсінбеу, бояуды қоюлату секілді айыптар тағуға әкеп соқты. Орын алған ұят, абыройсыз фактілерді мен, міне, сол үшін есіме алдым, біреудің кір-қоқысын сапырыстыру үшін емес, болашақ үшін есіме алдым. Өйткені табыспен ілгері жылжу үшін, жүрер жолдағы кедергіні алып тастау керек. Оны тудырушы себепті жоймайынша, жауыздықгы құрта алмаймыз.

Біздің саяси-тәрбие жөне идеологиялық жұмыстардың деңгейіне заңды көп талап-тілегіміз бар. Оның стереотиптілігі, пәрменділігінің аздығы, реалды шындықтан, адамдардың толғанысы мен қиналысынан қол үзуі, адамгершілік-идеялық өлшем позициясын әлсіретуте және кейде қолдан беруте әкеп соғады.

Айтылғанның қасіретті көрсеткіштрінің бірі - желтоқсанның 17-сі мен 18-де Алматы каласында болған нәрсе. Мен біздің көпұлтты еліміздің халықтарының және ең алдымен ұлы орыс халқының бауырластығынсыз қазақтардың тіршілігін көз алдыма елестете алмаймын. Өзімнің бүкіл өмірбаяныммен, өзімнің алғашқы жолымнан соңғы жолыма дейінгі бүкіл шығармашылдығыммен осы бауырластыкты бекемдеуге ұмтылдым. Басқа нанымға мені ешқашан ешкім де иліктіре алмайды. Бірақ, естігенімдей, өртсөндіруші машиналарды-су атқылағышты, қабаған иттерді, көп қатпарлы резеңке тоқпақтарды сұрқия арандатудың құрбаны болған жас жігіттер мен қыздарға қарсы ойланбастан шұғыл ала жүгіруді қолдаймын десем, онда өз арымның алдында, сіздердің барлықтарыңыздың алдарыңызда ақ-адал болмас едім. Мені мына мәселелер толғандырады: өкімет органдары тәртіпті қалпына келтіруге көмек көрсетуге шақырғадардың жан жуасытушы құралдармен каруланғандардың барлығы етегіне намаз оқыған интернационалист екеніне біздің көзіміз жете ме? Олардың арасында тәртіпсіздікке қатысушыларды ызаландырып, ашындыру үшін жағдайды пайдаланған және соның салдарынан ұлтаралық алауыздықты қоздырған жаны да, қолы да таза емес адам болмады ма екен?! Көзімсн көргендсрдің айтқанындай, 17-18 жастағы қыздарды шашынан сүйреп сабаған солар емес пе екен? Ақырында, сонан кейінгі күндері қалалық транспорта, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тіл гигізу мен қоқанлоқы жасау солардан шыгып отырған жоқпа екен? Мен сондай ұят оқиға оның артынша не болғанын естігенде, жасырып кайтейін, осы күнге дейін өмір сүргеніме өкіндім. Иә, мен кез-келген қоғамға қарсы бой көрсетулерді түбірінен қиып отыруды толық жақтаймын, өйткені демократия анархия емес. Солай болғанмен де, тіпті кінәлілерді де оған деген сенімнен айырмау керек. Біз олардың жасағанына ғана емес, сондай-ақ олардың азаматтық болашағы үшін де жауаптымыз.

Алматыда болған оқиғаға баға берілді. Сонымен қатар, менің ойымша, Казақстан Компартиясы Орталық Комитетіне, Колбин жолдас, Сіздің өзіңізге республикада интернационалдық тәрбие және ұлтаралық қатынастар мәселесі қалай шешіліп жатқанын әлі де мұқият, сан қырлы талдау керек. Біз-тың-жүз ұлт планетасы дейміз, ол дүрыс деп ойлаймын. Не десек те әдемі әрі әлуетті естіледі. Ал солардың әрқайсысы қалай тұратьны туралы кім ойланды екен? Саны қаншалыкты аз болғанымен, олардын көпшілігі өзінін ұлттық мектебі, балалар бақшасы, кітабы, баспасөз органдары болуын қалайтыны туралы ше? Қазақтардан, орыстардан, ұйғырлардан, корейлер мен немістердсн баска сол жүз тілділердің қайсысында ондай жағдай бар'. Мен кейбіреулер астық өткізуге немесе өндірістік жоспар секілді ұлттық дәстүрлер мен мәдениеттің қырларын тегістеуді, тілдсрді деформациялауды шапшаңдатуға ұмтылуда деген ойды маңыма жолатпаймын, Барлық проблема біздің қоғамдық құрылыс әр ұлттың тұрғын санына қарамай әр мәдениеттің гүлденуіне жасап отырған қисапсыз мүмкіндікті пайдалана алмауымыздан барып туындайтынын жай ғана атап өткім келеді.

Мен - қазақпын. Өз халқымды мақтан етемін. Маған оның көп катпарлы тарихы кымбат, ал оның бүгінгі күні одан да қымбат. Осы бүгінгі күн үшін ол басқа халықтармен бірге революция және совет өкіметін орнату жолдарынан абыроймен өтті, халқының жартысына жуығын жұтқан қасіретті ашаршылықты басынан өткерді, совет өкіметі өсіріп-жеткізген жас зиялыларынан айырған 37 жоне 38 жылдардың трагедиясын бастап кешті. Бірақ бір рет және біржолата таңдаған жолынан оны ештеңе айыра алмады. Соғыс жылдарында қазақтар Отанымыздың адал әрі қаһарман қорғаушыларының бірі болды. Осы ер, кеңқолтық, жомарт, өршіл, әрі кәдімгі аңкау, ұлттық шектеушілік мүлде жат халық өзінің кеңдігін тың игеру кезінде де көрсетті. Тыңға сан түрлі адамның келгені ешкімге құпия емес, оның ішінде бұрыңғы қылмыскерлср де ақша қуған уақытша құлқынын тойдырушылар да болды. Осындай адамдардың байырғы халықгың ұлттық намысына тиетін ірі әрекеттер жасағаны аз емес. Бірақ, қазақгардың партия шақырып отырған істің ұлылығын түсінуіне ұстамдылығы жетті.

Қазір баскаша жағдай орнады. Республикада ұлттық арасалмақ өзгерді. Бұның өзі тындағы көп жерде қазақ мектебінің саны күрт кеміп кетуіне әкеп соқты, ал кдлалардағы істің жайын айтпаса да болады. Тіпті Алматыдағы қазақ мектептерінің саны, егер қателеспесем, екеу не үшеу. Ал, балалар бақшасының мәселесі бұдан да өткір. Және де ана тілін меңгеру дәл осы балалар бақшасынан басталатыны бізге белгілі. Кейбір қазақ ауылдары, тіпті кей жердегі аудан орталықтарының әлеуметтік жағдайлары тең емес. Тында - әдемі жаңа үйлер, ал бұларда-тоқал тамдар, оларда - асфальт жолдар, ал бұларда - бабаларынан қалған баяғы керуен жолы .

1972 жылы біз, бір топ жазушы, Жангелдин ауданында болып, бір кезде кала болған қазақ сахарасындағы революция бесігі аталған оның орталығы Торғайдың қораш күйін көріп жағамызды ұстадық. Сол кезде онда, совет өкіметі құрылғанына 55 жыл болғанда, тіпті телеграф байланысы жоқ еді. Ал олай болатын себебі мынау екен: бұрын бұл аудан қараған Қостанай облысының басшылары, қазақтар бәрібір ата жұртынан ешқайда кетпейді, сондықтан ең алдымен жағдайды келімсектерге жасау керек деп ұйғарыпты. Қазақгардың ұстамдылығы мен бекзаттығын осындай көзқараспен сынауға бола ма екен? Айтқандайын, осының бәріне, әлбетте, республика басында отырған құрметті «ұлт басшыларының» ризашылығымен жол берілді.

Қандай ұлтқа жатпайық, біздер-жазушылар үшін өте бір ірі мәселе ол өзіміз жазып жүрген, өзіміз оқып жүрген ана тілінің проблемасы. Онсыз біздің өмір сүруіміздің мәні жоқ. Сонымен бірге біз тілдердің өзара байланысын, өзара баюын құптаймыз. Орыс тіліне қарап мен былай деймін:

.... Ты выгоды не ищешь хмурым днем,



Не видишь в криках о себе резона.

Ты чтишь язык- пусть говорят на нем,

Хоть тысяча людей, хоть миллионы.

БІрақ саяси алыпсатарлар, біздің ұлттық мешелдері өздерінің мансаптық құлшыныстарында кейде ақылға қонымсыз іске дейін барды. Отыз жыл бұрын олардың Волга, Орал өзендерінің, Орал қаласының тағы басқалардың қазақша атауларын ресми қолданудан шығарып тастауға қолдары жетті. сіздер жақсы білесіздер, мәселен, елдің зердесінен Пугачев көтерілісін өшіру үшін, Жайық сөзін қолдануға II Екатерина тыйым салған. Енді, міне 250 жыл өткен соң оған екінші рет-бұл жолы Қазақстан терминологиялық комиссиясы тыйым садды. Бірақ халық ондай тыйымға құлақ аспады: оларды ежелгі қазак. атауларымен атап келеді.

Соңғы айтарым, кейдс тіпті басшы жолдастардың қазақ жастарының республика жоғары оку орындарындағы (ЖОО) саны, айталық, орыс студенттерінен қөп екен дегені кінәлағандай, тиісті министрлікке ескерткендей естіледі. Ал, олар Қазақстанда көп болмағанда қайда болмақ? Алыстағы қазақ ауылдарындағы оқушылар, орыс гілін меңгермеген шопандар мен механизаторлардың балалары Мәскеу, Ленинград, Куйбышев, Новосібір немесе Украина ЖОО-да конкурстық сынақтардан өте ала ма?

Бұның бәрі ұсақ-гүйек емес, тіршілік мәселелері лениндік ұлт саясатының мәселелері. Оны көзге ілмеу дегеніміз - советтік өмір шындығына ерікті немесе еріксіз түрде шіркеу түсіру.



Біздің әрқайсымыздың айтар сөзіміз бар. Көкейде жүрген мәселе көп. Бірақ Сіздің құрметті Колбин жолдас, аддыңызда көп кездесу және біздің көпұлтты даңқгы Республиканың өміріне тереңірек бойлауға көп мүмкіндігіңіз бар. Сан салалы табыс тілеймін Сізге!


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет