«ждэ кзх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Жарғыға негізделумен әрекет ететін Директоры Раисов Ришат Мырзағазыұлы мырзаның танытуымен, бұдан әрі



бет1/4
Дата11.07.2016
өлшемі0.6 Mb.
#190176
  1   2   3   4
Кеден одағының аумағында жеткізу қызметін көрсету жөніндегі

____________________ келісімшарт


Алматы қ. 2012 ж. «____»______________

«ЖДЭ КЗХ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Жарғыға негізделумен әрекет ететін Директоры Раисов Ришат Мырзағазыұлы мырзаның танытуымен, бұдан әрі «Орындаушы» деп

аталумен, бір тараптан және ______________________________________________________________,

_____________________________________________________________________ негізделумен әрекет

ететін ___________________________________________________ танытуымен, бұдан әрі «Тапсырыс

беруші» деп аталумен екінші тараптан, бірге «Тараптар» деп аталумен мазмұны төмендегідей осы Келісімшартты жасасты:


  1. Келісімшарттың тақырыбы

    1. Орындаушы жөнелту бекетінен жеткізу бекетіне дейін Тапсырыс берушінің жөнелтілімін/жолжүгін жеткізуді ұйымдастыруға міндетті, ал Тапсырыс беруші Осы Келісімшартпен белгіленген тәртіпте және көлемде көрсетілген қызметтің төлемін төлеуге міндетті.

    2. Жеткізу қызметін көрсету тәртібі осы Келісімшартпен және «ЖДЭ КЗХ» ЖШС-ның 2012 жылғы «______» _______________ бұйрығымен бекітілген Жөнелтілімдерді жеткізу қызметтері ұсыну ережесімен (Келісімшарттың № 1 қосымшасы) реттеледі.

    3. Осы келісімшарт пен оның барлық Қосымшалары www.jde.kz сайтында танысу үшін емін-еркін қарауға арнап жарияланған, Келісімшарттың және оның барлық Қосымшаларының мәтіндері Орындаушының кеңселеріндегі тақшаларда жайғастырылған. Осы Келісімшарт Орындаушының көпшілікке арналған офертасы болып табылады (ҚР АК 395 б.) және оған Тапсырыс берушінің қолы қойылған сәттен бастап, не жөнелтілім/жолжүгі жеткізуге арнап берілген сәттен және Жөнелтушінің көлік құжатына қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді.

  1. Жалпы ережелер

    1. Осы Келісімшартта қолданылатын ұғымдар:

«Тапсырыс беруші» – Орындаушымен жеткізу қызметін ұсыну жөніндегі келісімшартын жасасқан және өзінің мүддесі үшін Орындаушы өзіне қызмет көрсететін тұлға (Жөнелтуші, Алушы, Төлеуші);

«Төлеуші» – Орындаушыға жеткізу қызметінің ақысын төлеген тұлға. Төлеуші ретінде Жөнелтуші, Алушы не үшінші тұлға шығып отыруы мүмкін;

«Жолжүгі», «Жөнелтілім» – Орындаушы өзінің жеткізілуін ұйымдастыратын мүлік;

«Жөнелтуші» – жолжүгін жеткізуге арнап ұсынған тұлға;

«Алушы» – көліктік құжатта Орындаушыдан жөнелтілімді/жолжүгін қабылдауға уәкілетті тұлға ретінде көрсетілген тұлға;

«Көлік құжаты» – тауар-көлік жүкқұжаты (бұдан әрі ТКЖ) және/не автокөлікпен жеткізу жағдайдагі жөнелтілімді/жолжүгін қабылдау-тапсыру акті.



    1. Жеткізу тәсілі, қолданылатын көлік түрі және жолжүгінің жүру бағыты Орындаушының қалауы бойынша белгіленеді. Жеткізу бекетінде жолжүгін беру орнын да Орындаушы өзінің жүкті тиеу-түсіру аумағының және қоймаларының орналасқан жеріне қарай өз бетінше таңдайды.

    2. Орындаушының прайс-парағының жарамдылық мерзімін Орындаушының өз бетінше белгілейді. Тапсырыс беруші Прайс-парақтарындағы ақпаратпен Орындаушының кеңсесінде және жүк тиеу кешендерінде, www.jde.kz сайтында, сондай-ақ 8-727-390-69-09, 8-727-380-42-36 анықтама телефондары бойынша таныса алады.

    3. Егер Тапсырыс беруші жолжүгінің Жөнелтушісі және (не) Алушысы болып табылмаса, ол осы Келісімшарттың Тапсырыс берушінің, Жөнелтушінің, Алушының құқықтары мен міндеттеріне қатысты шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді және аталмыш тұлғалардың әрекеттері мен Орындаушының қызметінің ақысын төлеу үшін жауапкершілікте болады.

2.5. Тараптар жеткізудің ерекше шарттары туралы келісімге (Келісімшарттың № 5 қосымшасы) қол қою жағдайда Орындаушының төмендегідей заттардан тұратын жолжүгін жеткізуі мүмкін деп келісті:

  • жол жүру жағдайда өздеріне ерекше қарауды қажет ететін тауарлар;

  • өздерін тасымалдау шарттары қолданыстағы нормативтік актілермен белгіленбеген тауарлар;

  • орамасы Жеткізудің ерекше шарттарындағы «Ыдысқа қатысты үлгілік талаптарға» сай келмейтін, яғни, Орындаушы жеткізілетін өздерінің сақталуы мен сапасына қатысты жауапкершіліктен босатылатын тауарлар. Бұл жағдайда тауар-көлік жүкқұжатында «Жеткізудің ерекше шарттары» деген тиісті белгі соғылады.

  1. Есеп айырысу тәртібі

    1. Орындаушының қызметі осы Келісімшарт бойынша осы Келісімшарттың 1.1-т. сәйкес ұсынылатын негізгі және Прайс – парақтарында көрсетілген қосымша қызметтерге бөлінеді.

    2. Орындаушы ұсынған қосымша қызметтердің көлемі көлік құжатында тіркеледі. Тапсырыс беруші келесі жағдайларда Орындаушының арқалаған шығындарын төлеп беруге міндетті:

  • жолжүгін тегін сақтау мерзімін асыру,

  • Тапсырыс берушінің тапсырмасын орындауға байланысты қосымша қызметтер туындаған жағдайда.

    1. Осы Келісімшарт бойынша ұсынылған негізгі қызметтердің құны ҚҚС есебімен Орындаушының жолжүгін қабылдау күніне қатысты күшінде болған №1 Прайс-парағының 1-бөліміне және № 3 Прайс-парағының 1-бөліміне сәйкес түрде анықталады.

    2. Қосымша қызметтердің құны ҚҚС есебімен Орындаушының қызмет көрсету шоты ұсынылған күнге қарсы қолданыста болған № 1 Прайс-парағының 2-бөліміне, № 2 Прайс парағына, № 3 Прайс-парағының 2-бөліміне, № 4 Прайс-парағына және № 5 Прайс-парағына ссәйкес түрде есептеледі.

    3. Тапсырыс беруші ұсынылған қызмет көрсету шотының ақшасын ол ұсынылған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде, алайда қалай болғанда да жолжүгінің жеткізу бекетіне келіп жеткен күнінен кешіктірмей төлейді. Қосымша қызметтердің бағасы өзгерген жағдайда Орындаушы шотты ұсынуға құқылы, ал Тапсырыс беруші шоттың ақшасын қызмет көрсету шоты ұсынылған сәтте қолданыста болған өзгертілген бағаларды көрсетумен төлеуге міндетті.

    4. Төлемді үшінші тұлға төлеген жағдайда Тапсырыс беруші ТКЖ-ға Төлеуші туралы ақпараттың енгізілуін қамтамасыз етеді және бұл туралы Орындаушыға жазбаша хабарлама береді (Келісімшарттың № 4 қосымшасы).

    5. Орындаушы жеткізу бойынша қызмет көрсету актісін береді және осы Келісімшартқа сәйкес көрсетілген қызметтің бағасына шот-фактура жазып береді. Орындаушының Есептік саясатына сәйкес, қаржылық құжаттарды ресімдеу жағдайда көлік құралының жөнелтілу бекетінен шыққан күні жеткізудің негізгі қызметін көрсетудің күні болып саналады.

    6. Осы Келісімшарт бойынша есеп айырысулар қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, Орындаушының кассасына қолма-қол ақша салу не Орындаушының есепшотына не оның жазбаша тапсырмасы бойынша үшінші тұлғалардың есепшотына қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады. Орындаушының есепшотына ақшалай қаражат түскен уақытта ақшасыз колма-қол есеп айырысу арқылы қызметті төлеу бойынша Тапсырыс берушінің міндеті орындалған болып саналады. Қызметтің бағасын анықтау жағдайда дөңгелектеу математикалық ережелер бойынша бір теңгеге дейінгі дәлдікпен жүргізіледі.

    7. Қызметтердің бағасының өзгергені туралы Орындаушы Тапсырыс берушіні қызметтердің жаңа бағалары енгізілетін күннен бұрынғы 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ақпаратты www.jde.kz мына сайтында жариялау арқылы хабарлауы тиіс.

    8. Орындаушының қызметтеріне қатысты тарифтер ҚҚС есебімен теңгемен көрсетілген.

  1. Тараптардың жауапкершілігі

    1. Орындаушының жауапкершілігі:

      1. Осы Келісімшарт бойынша міндеттерді орындамағаны не тиісті түрде орындамағаны үшін Орындаушы Қазақстан Республикасының заңнамасымен ескерілген негіздемелер мен көлемде жауапкершілікте болады.

      2. Орындаушы жолжүгінің жоғалғаны, кем шығуы, зақымдалғаны (бүлінгені) үшін төмендегідей мөлшерде жауапкершілікте болады:

        1. Орындаушының құндылығы жарияланбаған күйінде жеткізуге арнап қабылдаған жолжүгінің жоғалғаны не кем шыққаны үшін – жолжүгінің құжатпен расталған бағасының көлемінде, алайда жоғалған жолжүгінің не кем шығуы анықталған жолжүгінің әр килограмы үшін 10 000 теңгеден аспайтын көлемде.

        2. Құндылығы жарияланған жолжүгінің жоғалғаны не кем шығуы үшін – жолжүгінің жарияланған құндылығының көлемінде не жолжүгінің жетіспейтін бөлігіне пропорционал болып келетін жарияланған құндылығы бөлігінің көлемінде. Егер Орындаушы жарияланған құндылықтың шынайы бағадан асырылғанын дәлелдесе, онда өтемақы шынайы бағасының көлемі бойынша төленеді.

        3. Орындаушының жеткізуге арнап қабылдаған жолжүгінің зақымдалғаны (бүлінгені) үшін:

  • құндылығы жарияланбаған жолжүгін жеткізу жағдайда жолжүгінің шынайы (құжатпен расталған) бағасы түскен сома көлемінде, алайда әр 1 кг-на ары кеткенде 10 000 теңге;

  • Құндылығы жарияланған жолжүгін жеткізу жағдайда – жолжүгінің бағасы өзіне төмендеген құжатпен расталған сома көлемінде, ал зақымдалған жолжүгін қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда – жарияланған құндылығы көлемінде. Егер Орындаушы жарияланған құндылығының шынайы бағадан жоғары екенін дәлелдесе, онда өтем шынайы баға көлемінде жүзеге асырылады.

      1. Жолжүгінің шынайы бағасы келтірілген шығынды өтеу туралы талапты қойған тұлғамен расталады. Бағасы Келісімшартта не сатушының ақысы төленген шотында көрсетілген бағаға негізделумен анықталады. Егер ұсынылған құжатта нарықтық бағадан едәуір жоғары жолжүгінің бағасы туралы мәліметтер келтірілсе, Орындаушы шығынды осындай талап қанағаттандырылған күні жөнелтілім беруге арнап ұсынылған жерде осыған ұқсас тауардың орташа бағасына негізделумен өтейді.

      2. Жолжүгі жоғалған, кем шыққан, зақымдалған (бүлінген) жағдайда Орындаушы шығынды өтеумен қатар жеткізу қызметінің ақысын толығымен не жолжүгінің жоғалған, кем шыққан не зақымдалған (бүлінген) бөлігінің санына пропорционал түрде төлейді.

      3. Орындаушы алдын-ала болжай алмаған және өздеріне жол бермеу оған байланысты болмаған, Тапсырыс берушіге байланысты болған жағдайларда жөнелтілім затының сақталу жауапкершілігінен босатылады.

      4. Орындаушы келесі жағдайларда ыдыстың ішіндегі заттың сақталу жауапкершілігінен босатылады:

  • жолжүгін ішіндегі затқа қол жеткізу іздерінсіз ыдысы бүлінбеген күйінде беру;

  • Тапсырыс беруші нұсқау бермеген жағдайда, не жолжүгінің қасиеттерін, оны жеткізу шарттарын дұрыс көрсетпеген жағдайда, не Тапсырыс беруші Орындаушыға хабарлауға міндетті болған және өздерінің хабарланбауы жеткізу барсында жолжүгінің сақталуына әсер етуі мүмкін болған өзге түрдегі мәліметтердің болмауы.

4.1.7. Орындаушы осы Келісімшарттың 2.5-т. сәйкес ерекше шарттармен жеткізуге ұсынылатын, жолжүгіндегі мүліктің сапасына үшін жауапкершілкте болмайды.

4.1.8. Орындаушы келесі жағдайларда міндеттерді орындау мерзімінің бұзылғаны үшін жауапкершілкте болмайды:



  • жолжүгін кеден және өзге мемлекеттік органдары, сондай – ақ «РТЖ» ААҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ кідірткен жағдайда;

  • Тапсырыс беруші не Жөнелтуші Алушы туралы қате деректерді көрсеткен жағдайда (көлік құжатында жазылады).

4.1.9. Осы Келісімшарт бойынша міндеттерді орындау мерзімін бұзғаны үшін Орындаушы Тапсырыс берушіге егер кейінгісі мұны жазбаша түрде талап етсе мерзімін кешіктірген әр күні үшін көрсетілген қызмет бағасының 0,1% көлемінде тұрақсыздық айыппұлын төлейді. Жеткізу мерзімі №1 Прайс-парағының 1-бөлімінде және №3 Прайс-парағының 1-бөлімінде белгіленген.

4.1.10. Жөнелтілімдердің жеткізу мерзімі көлік құралының жолға шыққан күнінен бастап саналады. Жеткізу мерзімі, егер жолжүгінің жеткізілуі ерекше температуралық режимді қажет етіп отырса не габариттік емес және габариттен тыс шығатын жөнелтілімдерді жеткізген жағдайда Орындаушының Прайс-парақтарында көрсетілген мерзімдерден өзгешеленуі мүмкін.



    1. Тапсырыс берушінің жауапкершілігі:

      1. Көлік құжатында жолжүгінің сипаттамалары туралы жалған, дәл емес не толық емес мәліметтер көрсетіліп, автокөлікпен жеткізу кезіндегі жолжүгін тапсыру шарттары бұзылған жағдайда, егер соның нәтижесінде үшінші тұлғалардың жолжүгі және/не Орындаушының мүлігі бүлінсе, Тапсырыс беруші (Жөнелтуші жазбаша түрде бас тартқан жағдайда) үшінші тұлғалардың шығынын өтеуді қоса алғанда, Орындаушыға келтірілген шығын үшін жауапкершілікте болады. Шығынды өтеу тараптардың келісімі бойынша, заңнамаға қайшы келмейтін кез-келген әдіспен жүзеге асырылады.

      2. Егер Жөнелтуші жолжүгін жеткізуге арнап тапсырған кезде:

  • Заңды тұлғалар – құны 1 500 000 теңге және одан асатын соманы, не егер жолжүгіндегі мүліктің құны 1кг 50 000 теңгені және одан асатын соманы құраса;

  • Жеке тұлғалар – құны 750 000 теңге және одан асатын соманы, не егер жолжүгіндегі мүліктің құны 1кг 5 000 теңгені не одан асатын соманы құраса (жеке (тұрмыстық) қажеттіліктер үшін), жолжүгінің құнын жарияламаған болса, алайда шағымталаптық жағдай туындаған кезде оның құны осы тармақта көрсетілген мағынаны құрайды деп мәлімдесе, онда Жөнелтуші (ол бас тартқан жағдайда Тапсырыс беруші) Орындаушының жазбаша талабы бойынша жолжүгінің құнының 10% көлемінде кейінгісіне айыппұл төлеуге міндетті. Айыппұл төленгенше Орындаушы Тапсырыс берушінің жолжүгін өзінде ұстауға құқылы.

      1. Егер құрамында жарылғыш, радиоактивті, химиялық белсенді, улы, тез жанатын, уытты, өздігінен тұтанатын заттары бар жолжүгін, МЕМСТ 19433-88 халықаралық стандартына сәйкес қауіпті жүктерді, сонымен қатар тасымалдануы арнайы жылжымалы құрамды не арнайы құрылғылар мен технологияларды не Орындаушының арнайы рұқсат-қағаздарының (лицензияларының) болуын қажет ететін тауарлар мен заттарды Орындаушының келісімінсіз жеткізуге тапсырылса, Тапсырыс беруші (Жөнелтушінің жазбаша түрде бас тартуы жағдайда) мына көлемде Орындаушының алдында жауапты:

  • Орындаушының және/не үшінші тұлғалардың мұндай жолжүгін жеткізуді қабылдауға, жеткізу мен өңдеуге байланысты туындаған барлық құжатты расталған шығындарын өтеу,

  • Орындаушының жазбаша түрдегі талабы бойынша төленетін жолжүгін жеткізу бойынша негізгі қызметтердің екі есе құны көлемінде айыппұл. Айыппұл төленгенше Орындаушы Тапсырыс берушінің жолжүгін өзінде ұстауға құқылы.

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес тасымалдауға тыйым салынған заттарды жеткізуге арнап ұсынғаны үшін Тапсырыс беруші (Жөнелтуші жазбаша бас тартқан жағдайда) Орындаушының жазбаша талабы бойынша негізгі қызметтердің он есе бағасы көлемінде айыппұл төлейді және соған орай Орындаушының туындаған барлық шығындарын өтейді.

  1. Дауларды шешу тәртібі

    1. Тараптардың арасында осы Келісімшартты түсіну, оны қолдану не оны орындауға қатысты кез-келген дау туындаған жағдайда Тараптар мұндай дауды келіссөздер арқылы шешу үшін барлық қисынды шараларды қабылдайтын болады.

    2. Осы Келісімшарттан туындаған шағымталаптарды ұсынудың алдында Орындаушыға міндетті түрде шағым білдіру қажет.

    3. Шағым жазбаша түрде ұсынылады. Жолжүгінің жоғалуы, кем шығуы не зақымдалуы (бүлінуі) туралы шағымға шағым айту құқығын растайтын құжаттар мен жіберілген жолжүгінің саны мен бағасын растайтын құжаттар қосылуы тиіс.

    4. Шағымталаптық тәртіппен реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының сот органдарында қаралуы тиіс.

    5. Тараптар өздерінің қатынастарын реттеуге арнап қолданылатын құқыққа Қазақстан Республикасының құқығы атады деген келісімге келді,.

    6. Егер осы Келісімшарт бойынша тараптардың міндеттемелерді орындамауы не тиісті түрде орындамауы өздерін тараптар не алдын-ала болжап, не қисынды шаралармен бетін қайтара алмаған төтенше сипаттағы жағдайдың нәтижесінде, осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған жойқын күш жағдайларының әсерінің салдарынан орын алған болған болса олар соған қатысты жауапкершіліктен босатылады.

  2. Қорытынды ережелер

    1. Осы Келісімшарт 2012 жылдың 01 маусымынан бастап не Жөнелтуші жолжүгін жеткізуге арнап берген және көлік құжатына қол қойған сәттен бастап күшіне енеді. Осы Келісімшарт 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшінде болады. Орындаушы Келісімшарттың жекелеген тармақтарының мазмұнын не Жөнелтілімдерді жеткізу қызметін көрсету ережесінің барлық мазмұнын бір жақты өзгертуге құқылы, алайда оларды енгізгенге дейін www.jde.kz сайтында 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Тапсырыс берушіге бұл жайлы хабарлауы тиіс. Осы Келісімшарттың күші 2012 жыл бойы жеткізуге арнап қабылданған жолжүгінің барлық жөнелтілімдеріне тарайды.

    2. Осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін соған қатысты барлық алдын-ала жүргізілген келіссөздер, қатынас хаттар, алдын-ала келісімдер мен ниеттері туралы хаттамалар заңды күшін жоғалтады.

    3. Осы Келісімшартқа арналған барлық толықтырулар мен өзгертулер олар жазбаша түрде жасалып, оларға тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойып және мөртаңбалардың бедерімен куәландырылған жағдайда ғана күшінде болады.

    4. Осы Келісімшарт өзінде (көрсетілетін қызметтердің тізбесіне байланысты) түрлі келісімшарттардың, соның ішінде көліктік экспедициялау, тасымалдау, сақтау, тексеру, тапсырма беру және т.б. келісімшарттарының элементтері қамтылған дербес азаматтық – құқықтық келісімшарт болып табылады.

    5. Осы Келісімшарт бірдей заңды күшіне ие үш данада әзірленген. Бір данасы Тапсырыс берушіге, екі данасы Орындаушыға беріледі.

    6. Осы Келісімшарттың және Келісімшарт бойынша шарттарды орындау шеңберіндегі өзге құжаттардың факсимильді көшірмелерін Тараптар құжаттардың түпнұсқаларын алған сәтке дейін заңды күші бар деп таниды. Осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейінгі екі аптаның ішінде Тараптар Келісімшарттың қол қойылған алғашқы даналарын (факсимильді көшірмелерін емес) бір-біріне ұсынуға міндеттенеді.

    7. Орындаушының жұмысына қатысты барлық мәселелерді, наразылықтар мен ұсыныстарды Тапсырыс берушіге мына телефондар арқылы білдіруге 8-727-390-69-09, 8-727-380-42-36 не www.jde.kz сайтында жедел хабарласу желісі бойынша өтінішті толтыруына болады.




  1. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

«Орындаушы»:

«ЖДЭ КЗХ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ҚР, 040706, Алматы облысы, Іле ауданы,

Первомайский кенті, № 12 Іле тас жолы

Тел.: /727/ 390 69 09, 380 42 36

СТТН: 090400227930 БСН: 111140019683

Банкілік деректемелер:

ЖСК: KZ46914398914BC32637 (KZT)

ЖСК: KZ96914643914BC30545 (RUB)

«Сбербанк России» АҚ ЕБ филиалында, СТТН: 600900568934 БСК: Sabrkzka

БСН: 060441002422 КҰБЖ 281098330843
«Тапсырыс беруші»:

Заңды мекенжайы:

Индекс __________________ мекенжайы ____________________________________________



Пошталық мекенжайы:

Индекс __________________ мекенжайы ____________________________________________

Телефон _________________________________, факс _________________________________

Электрондық поштаның мекенжайы ________________________________________________

СТТН ______________________________________, БСН_______________________________

ЖК куәлігінің нөмірі _____________________________________________________________

ЖСК _______________________________________ БСК _______________________________

Банк ___________________________________________________________________________



9. Тараптардың қолдары

ОРЫНДАУШЫ:

«ЖДЭ КЗХ» ЖШС

Раисов Р.М.

_________________________________

«____»_____________________2012 ж.


ТАПСЫРЫС БЕРУШІ:

_________________________________________

_______________________________________

________________________________________

«_______»________________________2012 ж.


2012 ж. «______»___________________

№________________________ Жеткізу қызметін көрсету келісімшартының

1 қосымшасы

(2012ж. «25» маусым № 11 бұйрығымен бекітілген)



Жөнелтілімдерді жеткізу қызметін көрсету

ЕРЕЖЕЛЕРІ


  1. Жалпы ережелер

    1. Осы ережелерде жөнелтілімдерді жеткізу, соның ішінде оларды қабылдау, өңдеу және беру қызметін көрсетуді ұйымдастыру тәртібі белгіленген.

    2. Орындаушымен Келісімшарт жасасқан Тапсырыс берушіге, яғни өзіне Жеткізу қызметін көрсету келісімшарты мен осы Ережелердің қағидалары тарайтын тұлғаға Келісімшартқа қол қою арқылы Орындаушымен Келісімшарт жасасқан тұлғалар, сондай-ақ тауар-көліктік жүкқұжатына не жолжүгінің өзге көліктік құжатына қол қою арқылы Орындаушымен Келісімшарт жасасқан тұлғалар жатады.

Жеткізу қызметін көрсету келісімшарты және осы Ережелер (Келісімшартқа қосымша болып табылатын) көпшілік қолды оферта, яғни көпшілікке арналған ұсыныс болып табылады, мұнда ұсыныс жасап отырған тұлғаның келісімшартты ұсыныста көрсетілген шарттармен соны қалайтын кез-келген тұлғамен жасасуға деген ниеті байқалатын келісімшарттың барлық елеулі шарттары қамтылған.

Клиенттің Келісімшартқа не жолжүгінің көліктік құжатына қол қоюы акцепт болып табылады, яғни офертада көрсетілген ұсынысты толығымен және шартсыз түрде қабылдауын (Келісімшарттың және Орындаушы ережесінің шарттарымен келіседі) білдіреді.



    1. Жолжүгін жеткізуді ұйымдастыру үшін Орындаушы келісілген шарттардың негізінде арнайы ұйымдардың қызметі мен технологияларын пайдаланады. Тартылған тұлғалардың қызметіне Орындаушы үшін жауапкершілікте болады, егер тартылған тұлғалардың жеке жұмыстары мен қызметтері Тапсырыс берушінің тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылса, оған Орындаушы үшін жауапкершілкте болмайды.

    2. Жеткізу қызметін көрсету Келісімшартында және Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар:

«Тапсырыс беруші» – Орындаушымен жеткізу қызметін көрсету Келісімшартын жасасқан және сол мүддеде Орындаушымен қызмет көрсетілетін тұлға (Жөнелтуші, Алушы, Төлеуші).

«Төлеуші» – Орындаушыға жеткізу қызметіне төлем төлеген тұлға. Төлеуші Жөнелтуші, Алушы не үшінші тұлға болып табылуы мүмкін;

«Жолжүк», «Жіберу» – Орындаушы осыған қатысты жеткізуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын мүлік;

«Жөнелтуші» – жолжүгін жеткізуді ұсынған тұлға;

«Алушы» – Орындаушыдан жөнелтілімді/жолжүгін қабылдауға уәкілетті ретінде, көлік құжатында көрсетілген тұлға;

«Көлік құжаты» – тауар-көлік жүкқұжаты (бұдан әрі ТКЖ) және/не автокөлікпен жеткізу жағдайда жөнелтілімді/жолжүгін қабылдау-тапсыру акті.



    1. Жеткізу тәсілі, көліктің қолданылатын түрі және жолжүгінің жүру бағыты Орындаушының ыңғайына қарай анықталады. Белгіленген бекетте жолжүгін беру орнын Орындаушы өзінің жүкті тиеу-түсіру аумағының және қоймаларының орналасқан орнына байланысты өз еркімен таңдайды.

    2. Жеке жөнелтілімдерді жеткізуді ұымдастыру жағдайда Орындаушы және Жөнелтуші не Орындаушы және Алушы белгіленген орынға жеткізуді ұйымдастыруда Орындаушының техникалық және технологиялық мүмкіншіліктерінің барында жеткізудің және (не) жолжүгін берудің (Алушының қоймасы, нақты мекен жай бойынша жолжүгін жеткізу және т.с.с.) нақты орнымен келісуге құқылы. Мұндай жағдайда көлік құжатында жеткізудің және (не) берудің мекенжайын көрсете отырып тиісті белгі жасалынады.

    3. Орындаушыға Жөнелтушіден және Алушыдан өзара қарсы талаптар түссе не жөнелтілімнің сақтықта жеткізілуі үшін маңызы бар жағдайларды нақтылап алу қажеттілігі туса Орындаушы Жөнелтушіден тапсырма алады және оны орындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет