«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Дата30.06.2016
өлшемі92.33 Kb.
#168607
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы «11» наурыздағы

№ 217     қаулысымен

                                                                  бекітілген

 

 



«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық

қамсыздандыруды тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

 



1.    Жалпы ережелер

 

1. «Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).



2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

3) үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау туралы ақпарат беру бөлігінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі



 

4.                   Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1)  көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап,  сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні ішінде;

2)  құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.

5.   Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

6.   Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды (бұдан әрі – материалдық қамсыздандыру) тағайындау туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

7.   Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

15)   көрсетілетін қызметті беруші – www.enbek.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүргізіледі;

16)   ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады;

3) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚО-ға:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

3) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімінің анықтамасы);

4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;

5) мүгедектігі туралы анықтама;

6) банктегі шоттың болуы туралы құжат;

7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.

 Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;

порталда: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

         Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіде – көрсетілетін қызметті алушыға тіркелген күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны;

ХҚО-да  – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы:

1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні көрсетілген өтініш;

2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттарды алатын күні (уақыты) мен орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіліп қолхат беріледі;

портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

 

  



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының,  ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандардың және қалалар әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына  беріледі.



Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің және Астана және Алматы қалалары облыстық маңызы бар аудандар және қалалар әкімдіктерінің (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесіне жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде  немесе әкімдікте шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алатын мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе әкімге жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым ХҚО басшысына мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша және телефондар арқылы жіберіледі.

ХҚО кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін ХҚО басшысына жіберіледі.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

  

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде  электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

 

13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:



1) Министрліктің – www.enbek.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;

2) ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

 

  



«Үйде оқитын мүгедек балаларға

материалдық қамсыздандыруды

тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

1-қосымша

 

 



                    Нысан

 

 Жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген          мемлекеттік ұйымның басшысы



______________________________________________

(жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік ұйым басшысының Т.А.Ә.)

 

 ӨТІНІШ

Тегі ____________________________________________________________________

Аты ______________________________________________________________

Әкесінің аты________________________________________________________

туған күні _________________________________________________________

мүгедектігі_________________________________________________________

үйінің мекенжайы ____________________________________________________

телефоны ___________________________________________________________

жеке басын куәландыратын құжаттың № _____  ___   жылғы  ____ _________

жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде) _________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

тағайындауға құжаттарды қабылдауды сұраймын.

 

 Мынадай құжаттардың көшірмелерін қоса беріп отырмын:



 

1 _____________________________            2 ______________________________

3 _____________________________            4 ______________________________

5 _____________________________            6  ______________________________

7 _____________________________            8 ______________________________

9 _____________________________          10 ______________________________

 

 Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындауға қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.



 ___________________________

              (өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы)

 20__ ж. « ___»  ______

 

 Құжаттарды қабылдады:



______________________

 (лауазымы, Т.А.Ә. және қолы)

20__ ж. «___» _____

«Үйде оқитын мүгедек балаларға

материалдық қамсыздандыруды

                                                             тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін

                                                                         қызмет стандартына

                                                                        2-қосымша

 

 

 

 АНЫҚТАМА


 

_____________________________________________________________ берілді,

                                        (оқитын және тәрбиеленетін баланың Т.А.Ә.)

ол шын мәнінде _______________________________________ № ___ мектептің                     

                                                      (мектептің атауын көрсету )

«___»  сыныбында жеке оқу жоспары бойынша үйде оқиды.

Анықтама талап еткен жеріне ұсыну үшін берілді.

____________________ №  ____ мектеп директоры  Т.А.Ә.__________________ (мектептің атауын көрсету)                                                                           (аты-жөні және қолы)

 

М.О.


_________________________

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет