Жедел бүйрек жетіспеушілігін диагностикалау критерийлері


Науқасқа көктамырішілік енгізу кезінде ентігу, АҚ төмендеуі, жүрек айнуы, бас айналу пайда болды. Осы жағдайдағы мейірбикенің тактикасын анықтаңыз



бет19/48
Дата21.05.2024
өлшемі122.1 Kb.
#501634
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48
Жедел б йрек жетіспеушілігін диагностикалау критерийлері

46. Науқасқа көктамырішілік енгізу кезінде ентігу, АҚ төмендеуі, жүрек айнуы, бас айналу пайда болды. Осы жағдайдағы мейірбикенің тактикасын анықтаңыз:
а)енгізуді жалғастыру, дәрігерді шақырмау
б)енгізуді жалғастыру және дәрігерді шақыру
в)енгізуді тоқтату және дәрігерді шақыру
г)көктамырдан шығу және дәрігерді шақыру
д)қан қысымын өлшеу, дәрігерді шақырмау
47. Өкпе қатерлі ісігімен науқастың басты мәселесі:
а)безгек
б)салмақ қосу
в)бас ауруы
г)өкпеден қанкету
д)жүрек соғысы
48. Науқас М., кенеттен естен танып қалды. Қарашықтары кеңейген. Тері жабындысы бозғылт- сұр түсті. Ұйқы артериясында пульсі және тыныс алуы жоқ. ЭКГ-да тұрақты емес, тез деформацияға ұшыраған, биіктіктері, ені және толқын формалары әр түрлі, жиілігі минутына 600 шамасындай жоғары амплитудалы фибрилляция. Берілген жағдайдың себебін көрсетіңіз:
а)қарыншалар фибрилляциясы
б)қарыншалар дірілі
в)қарыншалық аритмия
г)қарыншалық тахикардия
д)жыпылық аритмия
49. Гепатобилиарлы жүйенің аурулары кезіндгі тері қышуы негізделген:
а)гипербилирубинемиямен
б)гиперхолестеринэмиямен
в)қандағы өт қышқылы құрамының жоғарылауымен
г)қандағы мочевина деңгейінің жоғарылауымен
д)гиперурикемиямен
50. Әйел 39 жаста, скринингты тексеріс өткізуде. Жүрек тұсында сирек қысқа уақытты қанжар сұққандац ауырсынуларды байқайды. Салмағы 90 кг және бойы 170 см, 7 жыл бойы күніне 1 пашкеден темекі шегеді, физикалық жаттығулармен шұғылданбайды. Соңғы тексеріс 8 жыл бұрын болды. Анасы 48 жас шамасында миокард инфарктысын өткерді. Бірінші ретте қандай диагностикалық тексеріс жүргізу қажет?
а)кеуде торының рентгенограммасы
б)физикалық жүктемемен тестілеу
в)ЭКГ
г)сарысу холестерині
д)жалпы қан анализі
51. "Науқас Н., 21 жаста, беттегі ісінулерге, бас ауруына, белдің қақсап ауырсынуларына, зәрдің аз бөлінуіне шағымданды. Өзін 3 күн бойы ауру сезінеді. 2 апта бұрын баспамен ауырған.
Объективті: дене қызуы 37,7°С. Бет, табан және балтыр ісінуі. Терісі бозғылт. Тыныс алуы везикулярлы. Жүрек тондары ырғақты, тұйықталған. Пульсі минутына 84. АҚ 165/100 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Пастернацкий симптомы екі жақты әлсіз оң. Болжамалы диагноз:"
а)жіті пиелонефрит
б)несеп-тас ауруы
в)бүйрек туберкулезы
г)бүйрек амилоидозы
д)жіті гломерулонефрит


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет