Жедел есебінің талдамалық жазбасы



Дата25.02.2016
өлшемі81.8 Kb.
#25267


Стратегиялық жоспарын іске асыру туралы

жедел есебіне қосымша

Жедел есебінің талдамалық жазбасы
2014-2018 жылға арналған Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігінің стратегиялық жоспары (бұдан әрі - СЖ) 7 стратегиялық бағыттарын көздейді (13 мақсат, 55 міндет және 244 іс-шара), 2015 жылдың қорытындысы бойынша 69 нысаналы индикаторлар (НИ) және 191 тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне (ТНК) қол жеткізу көзделген.

Статистикалық деректердің уақытша аспектілерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы ҰЭМ Статистика комитетімен 9 НИ мен 33 ТНК бойынша статистикалық деректері 2016 жылдың 2, 3-тоқсандарында жарияланатын болады.

Осыған орай, деректері бар жедел есептілігіне 60 НИ және 158 ТНК кіреді. 2015 жылдың соңында (60-дан 57 НИ) 95%-ға және (158-ден 139 ТНК) 88%-ға жетті.

2015 жылы жоспарланған 3 НИ-ға қол жеткізілмеу туралы.

1) Көлік қызметтерінің НКИ-і, алдыңғы жылға қарағанда %, жоспар – 106%, факт – 105,5%.

Қол жеткізілмеудің себебі:

Негізгі себептері:

- мұнай тасымалдаудың төмендеуі, теміржол көлігінен құбыр арқылы тасымалдауы;

- 2014 жылдың нашар егісінің экспорттауының төмендеуі;

- РФ экспорттық көмір тасымалдаудың төмендеуі.


2) Транзиттік бағыттағы жүк тасымалдарының көлемін ұлғайту, жоспар – 18 млн.тонна, факт – 15,25 млн.тонна.

Қол жеткізілмеудің себебі:

Сұраныстың төмендеуінің себебі, Қазақстан транзиттік ел болып шығуында, өңірдегі экономикалық ахуалына байланысты болды.

Солай, 2015 жылы: глобалды экономикадағы құрылымының өзгеруі (геоэкономикалық суперциклдың аяқталуы); дүниежүзілік қаржы жүйесінің тұрақсыздығы (валютаның көбісі тұрақсыз); халықаралық қатынас жүйесіндегі өзгеріс процестері (өзара қысу тетіктері қолданылады – сауда кедергілері және экономикалық санкциялар).


3) «Байланыс» саласы физикалық көлемінің индексі (өткен жылға қарағанда), жоспар – 102%, факт – 100,6%.

Қол жеткізілмеудің себебі:

2015 жылдың тамызындағы теңгенің АҚШ долларына шаққанда еркін жүзу курсын енгізу жеке тұтынудың аз жағына өсу қарқынына әкеліп соқтырды.

Одан басқа, инвестициялық телекоммуникациялық құрылғылардың импортына бағаның өсуі,тұтыну несиелері бойынша несие беру шарттарының қатаюы биснес пен халық жағынан ішкі сұраныстың азаюына әкелді.


2015 жылы жопарланған 19 ТНК қол жеткізілмеу туралы.

1) Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндiрiсiнiң НКИ-i, жоспар – 97,0%, факт – 96,7%.

Қол жеткізілмеудің себебі:

Жоспарға қол жеткізілмеуі ішкі нарықта дайын металлургиялық өнімге деген сұраныстың төмендігімен байланысты.


2) Түсті металлургияның экспорты, жоспар – 82%, факт – 78,9%.

Қол жеткізілмеудің себебі:

2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда түсті метал бағасының төмендеуімен байланысты: алюминий 74%-ға, мыс 69%-ға, қорғасын 86%-ға, цинк 65%-ға, титан 77%-ға.
3) Машина жасау өнiмi өндiрiсiнiң НКИ-i, жоспар – 75%, факт – 70,4%.

Қол жеткізілмеудің себебі:

Рубль бағамының күрт құлдырауы Ресейден жаңа және бұрын падйдаланылған автомобильдер импортының қарқынды өсуін тудырды, ол ресми дилерлердің сату, оның ішінде қазақстандық автомобильдердің сатылуының төмендеуіне алып келді.
4) Автокөлік құралдарының, олардың бөлшектерінің, керек-жарақтары мен қозғалтқыштарының өндірісіндегі ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі,
жоспар – 95%, факт – 42,7%.

Қол жеткізілмеудің себебі: Автокөлік құралдарының, олардың бөліктерінің, керек-жарақтары және қозғалтқыштары өндірісі көлемінің және ЖҚҚ төмендеуіне байланысты өндірістік еңбек төмендеді.


5) Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісіндегі қамтылғандар саны, жоспар – 1,8 мың адам, факт – 1,7 мың адам.

Қол жеткізілмеудің себебі:

2015 жылы «АгромашХолдинг» АҚ-да 49 адам орны, «Агротехмаш» ЖШС-да 65 адам жұмыс орындары қысқартылды.
6) Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісіндегі ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі, жоспар – 70%, факт – 42,9%.

Қол жеткізілмеудің себебі:

Республикалық және жергілікті бюджеттердің, бизнес-жоспарлардың, квазимемлекеттік саланың секвестрленуіне байланысты сұраныстың қысқаруына, ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынушылардың сатып алушылық мүмкіндіктерінің кемуіне байланысты.
7) Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісіндегі шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемі, жоспар – 116,9%, факт – 53,1%.

Қол жеткізілмеудің себебі:

Ауыл шаруашылығы техникаларының шикізат емес экспорты көлемінің төмендеуі сұраныстың қысқаруына, ауыл шаруашылығы техникаларын тұтынушылардың сатып алушылық мүмкіндіктерінің кемуіне байланысты.
8) Тау-кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісінде қамтылғандар саны, жоспар - 6 мың адам, факт – 5,8 мың адам.

Қол жеткізілмеудің себебі:

2015 жылы «АЗТМ» АҚ-да 77 адам орны, «Казцинкмаш» ЖШС-да 196 адам жұмыс орындары қысқартылды.
9) Мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісінде жалпы қосылған құны, жоспар – 108%, факт – 74,3%.

Қол жеткізілмеудің себебі:

Жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан сұраныстың қысқаруына байланысты. Бар мұнай кенорындарының кеңеюінің, сондай-ақ жаңаларының ашылуының жоқтығынан өндіріс көлемінің айтарлықтай төмендеуіне әкеліп соқтырады. Осы ретте, сондай-ақ ахуалдың ғаламдық көлемін ескере отырып, кәсіпорындардың экспорттық әлуеті төмендеді.
10) Мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісінде қамтылғандар саны, жоспар – 5 мың адам, факт – 4,6 мың адам.

Қол жеткізілмеудің себебі:

2015 жылы «Белкамит» ЖШС-да 71 адамға, «ЗКМК» АҚ-да 177 адаморны, «Омега» ҚЗ» АҚ-да 44 адам жұмыс орындары қысқартылды.
11) Мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісінде ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі, жоспар – 80%, факт – 61,2%.

Қол жеткізілмеудің себебі:

Өндіріс көлемінің және ЖҚҚ төмендеуіне байланысты өндірістік еңбек төмендеуі байқалады.
12) Мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісінде шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемі, жоспар – 70%, факт – 61,3%.

Қол жеткізілмеудің себебі:

Шикізат емес экспорттың төмендеуі сұраныстың қысқаруы, мұнайгаз саласына арналған машиналар және жабдықтарды тұтынушылардың сатып алушылық мүмкіндіктерінің кемуі ресей рублі бағамының құлдыруына байланысты.
13) Жиһаз өндірісінің НКИ-і, жоспар – 100%, факт – 97,4%.

Қол жеткізілмеудің себебі:

Бұл 2015 жылғы қаңтар-қараша айлары үшін келесі өнім түрлерімен байланысты өндіріс көлемінің төмендеуімен байланысты:бастысы металл тірегімен арнайы орындық үшін жиһаз 21,5%-ға, ағашты кеңсе жиһазы 22,7%-ға ең негізгі себебі өнімге тапсырыс берудің төмендеуі.
14) Жыл сайынғы минералды тыңайтқыштар өндірісінің көлемін 3 млн. тоннаға жеткізу, жоспар – 600 мың тонна, факт – 441,9 мың тонна.

Қол жеткізілмеудің себебі:

«Чилисай Кемикалс» ЖШС-нің жобасын 2018 жылғы және «Каспий Азот» ЖШС-нің күрделі тыңайтқыштарды өндіру жобасын іске қосуын белгісіз мерзімге шегіндіруіне байланысты. 2015жылы «Чилисай Кемикалс» ЖШС және «Каспий Азот» ЖШС жобаларының әрқайсысы бойынша 100 мың тоннадан күрделі минералды тыңайтқыштарды өндіруі жоспарланған..
15) Апатты ұңғымалардың жабылған саны, жоспар – 10 шара, факт – 9 шара.

Қол жеткізілмеудің себебі:

2015 жылда жоспарланған 10 ұңғымалардан 9 жабылған, 1 ұңғымада жұмыстар Оңтүстік Ембі ұңғымасының 16 метр тереңдікте жұмыстар аяқталмауда.
16) ИКАО санатына ие әуежайлар саны (қауіпсіздікті арттыру), жоспар – 14 дана, факт – 13 дана.

Қол жеткізілмеудің себебі:

2015 жылы Петропавл қ. әуежайының ИКАО санатын иеленуі жоспарланған.

Осы әуежайдың ұшу-қону сызбасын қайта құру бойынша жұмыстарды 2010-2014 жылдарға арналған ҚР Көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасына сәйкес (2010 жылғы 30.09. № 1006 ҚР ҮҚ) 2013-2014 жылдары атқару жоспарланған.

2014 жылы ҚР бюджетінен қаражат бөлінді. Жоба құны 6,1 млрд. теңгені құрайды. Сонымен қатар, 2015 жылы ҚР Үкіметінің қорынан құрылыстың басталуына 4 млрд. теңге бөлінді, қаражаттың недәуір болмауынан жобаның іске асырылуы толық аяқталмаған.

Осыған байланысты, Петропавл қ. әуежайы ИКАО санатына иеленбеген.


17) Халықаралық әуе қатынастары санының ұлғаюы, жоспар – 100 дана,
факт – 87 дана.

Қол жеткізілмеудің себебі:

Ағымдағы маусымда 2015-2016 жж. күзгі-қысқы навигацияда қазақстандық нарықтан тікелей әуе қатынастары кетіп, нәтижесінде жабылып қалды.

Туристік белсенділіктің, өндіріс пен сауданың төмендеуіне байланысты қазақстандық және шетелдік авиакомпаниялар күту ұстанымында және Қазақстанға/нан жаңа әуе қатынастарын ашу бойынша жоспарды іске асыруға белсенді емес болып отыр.


18) Ұлттық теңіз сауда флоты қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының порттарынан Каспий теңізіне құрғақ жүктерді тасымалдау көлемінің үлесі, жоспар – 15%, факт – 9,6%.

Қол жеткізілмеудің себебі:

2015 жылдың қорытындысы бойынша Ақтау порты арқылы құрғақ жүктерді тасымалдау көлемі 1 884 мың тоннаны құрады. Соның ішінде қазақстандық кемелермен 180 мың тонна жүк тасымалданды (9,6%).

Берілген көрсеткішке қол жеткізілмеудің себептері төмендегідей:

Қазақстандық жүк жөнелтушілер/экспортерлар өздернің өнімдерін Ақтау портының ҒОВ талаптарына сай жүзеге асырады. Яғни, жүк Ақтау портының айлағында сатылғандықтан ары қарай жеткізілу портына (ирандық порттар) сатып алушылармен жеткізіледі.

Өз кезегінде, көбіне ирандық компаниялар ирандық кемелерді кірелейді, ал қазақстанық кемелерді кірелеу үшін ирандық заңнама бойынша оларға кірелеудің 15%-ы көлемінде баж салығын төлеу міндетті.


19) Ауылдық елді мекендерде әмбебап байланыс қызметтерімен қамтылған абоненттер саны: - жергілікті телефон байланысының қызметтері, жоспар – 968 328 абонент, факт – 964 655 абонент.

Қол жеткізілмеудің себебі:

Балама телекоммуникация қызметтерін ұсынатын ұялы байланыс операторлары желілерінің белсенді дамуы, соынмен қатар ұтқырлығы жағынан абоненттер үшін стационарлық құрылғыларға қарағанда едәуір тиімді болып табылатын топтамалық шешімдер; дауыс байланысына сұраныс көбінесе әртүрлі интернет – қосымшаларды пайдалану есебінен қанағаттандырылады (үйде пайдаланған кезде).
76 бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін 688 362 351,3 мың теңгеден, жыл жоспары бойынша 688 780 251,7 мың теңге немесе 99% жұмсалды. Игерілмеген қаражат сомасы 417 900,4 мың теңгені құрады.
2015 жылға арналған бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Ішкі аудит департаменті Министрліктің 34 ведомстволық бағынысты ұйымдарында бақылау іс-шаралар өткізді.

Бақылауға қамтылған бюджет сомасы 231 528 305,5 мың теңге, соның ішінде есепті кезеңдегі қаражат 38 007 852,1 мың теңгені құрады.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 7 042 079,9 мың теңгені құрады.

Есепті кезеңде жасалған жалпы бұзушылықтар сомасы 271 185,5 мың теңгені, оның ішінде: - 242 948,5 мың теңге - бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану бұзушылықтар; - 5 332,2 мың теңге - бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік қателіктерде; - 22 904,8 мың теңге - қабылданбаған мерзімдері, мемлекеттік сатып алу туралы ҚР Заңын орындау рәсімдерін тәртібі, бюджет қаражатын мемлекет және алушыларға залал (зиян) зиянға, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.



Стратегиялық жоспарды сапалы іске асыру үшін 2015 жылға арналған операциялық жоспарын іске асыру туралы есепті жүзеге асыру барысы уақтылы, үздіксіз мониторинг жүргізілді.
______________________



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет