Жедел ларингит көмей шырышты қабығының қабынуы


Жедел ревматикалық аурулар



бет11/11
Дата18.08.2023
өлшемі56.7 Kb.
#476124
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Тыныс алу ағзалары және Жүрек қан тамыр жүйесі аурулары

Жедел ревматикалық аурулар

Ревматизм - дәнекер тінінің, көбінесе жүрек-қан тамыр жүйесін зақымдайтын, жүйелі қабынушылық ауруы. Дерттің ерекшелігі – оның қайталанып тұруы (рецидивтер) және үдей түсетіндігі. Дер кезінде, тиімді жолмен емделмесе, ауру жүрек қақпақшаларын зақымдайды, миокардта дистрофиялық жағдайларды туғызып, бала жүрегінің қызметі мен бүкіл қанайналымының бұзылуына әкеліп соқтырады.
Себептері: Ревматизмнің басталуы А – тобының β - гемолиздық стрептококқтың жұғуына байланысты. Мектеп-интернат, жанұя, әскери казармаларда стрептококктың бір ғана штаммы ұялайтыны анықталып, сол штаммға байланысты көмекей бездерінің қайталама қабынулары болса, оның ревматизмге әкелетіндігі дәлелденді.
Патогенезі: Ревматизмнің ағымы ағзада аллергиялық реакциялар дамуымен өте тығыз байланысты. Ревматизмнің клиникалық белгілері стрептоккоктық жұқпалардан бірден емес, 2-3 жұмадан кейін пайда болатыны - ол аллергиялық ауру екінінің көрсеткіші. Жарақаттанатын мүше - дәнекер тіні, сондықтан ауырудың белгілері де әр түрлі болады. Көбінесе жүрек зақымдалады, өйткені стрептококк антигендері мен жүрек жасушалары антигендері жалпылай ұқсас болады. Сондықтан стрептококка қарсы шығарылған иммундық денелердің жүрек жасушаларына да зақымдайтын әсері (қайшылас әсерлер) бар.
Клиникалық көріністері: Ревматизмен мектеп жасындағы балалар жиі ауырады. Аурудың бірінші шабуылы көбінесе қатты түрде басталады; әлсіздік, дене қызуының жоғарлауы, интоксикация пайда болады. Осымен қатар буын ісіну белгілері - полиартрит не артралгия кездеседі. Ерекшеліктері: ірі буындардың қабынуы, симметриялық зақымдану, ауру белгілері тез басылу, тиісті дәрі бергенде – белгілердің бірден азайып, жойылуы. Ауру белгілерінің бәрі де өте қатты болады (ісіну, қызару, ауыру, буын ыстығының жоғарлауы, қимылының бұзылуы. . Шабуыл өткеннен кейін ешқандай буындар пішінінің өзгеруі қалмайды. Ауырған балалардың 80-85% полиартрит өткен соң, жүрек қабыну белгілері - кардит шығады. Ең жиісі – миокардит, эндокардит, эндомиокардит.
Эндокардит кезінде ең жиі зақымданатын митралдық қақпақша, сирегірек –қолқа қақпақшасы. Негізгі белгісі - қатты естілетін, үрлеген сарынды систолалық шу, дене қызуы 38-39 С, баланың жағдайы нашар; тершендік, жүрек тұсының ауырсынуы.
Қолқа қақпақшаларының эндокардитінде Боткин нүктесінде диастолалық шу және одан 2-3 см жоғарырақ естіледі. Осы шу жүректің сол жақ шегіне және сол қолтық асты аймағына өткізіледі. Аорталық қақпақша зақымданған кезде төс сүйектің сол шегі бойынша «құйылған» диастолалық шу естіледі.
Миокардит ошақты және диффузды болады. Ағымы өте ауыр. Белгілері: баланың жалпы жағдайы нашарлау, тәбеті төмендеу, ентікпе, дене қызуының сәл көтерілуі (субфебрилитет), жүрек үсті ауырсыну, түсі бозаруы. Жүректің жиі соғуы (тахикардия), қан қысымы төмендеуі, жүрек үшінда нәзік систолалық шу естілуі кездеседі.
 Перикардит-ревматизм ауруының өрнеу дәрежесі жоғары болғанда орын алады. Фиброзды перикардитте - жүректің ауырсынуы пайда болады, жүрек соғуы жиі, қан қысымы төмен, жүрек шекарасы кеңейген, жүрек ұшы тұсында систола кезінде перикардтың уйкеліс шуы естіледі. Диффузды перикардит кезінде баланың хал-жағдайы нашарлап, уытталу белгілері өсе бастайды. Баланың түсі сұр, еріндері көкшіл, мойын көк тамырлары ісінеді, ентікпе пайда болады, бала амалсыз жағдайда отырады. Жүрек көлемі кеңейеді, бұрында жақсы естілетін шулар естілмей қалады, жүрек – қан тамыр жетіспеушілігі пайда болады. Рентгенологиялық бақылауда – жүрек көлеңкесі трапеция түрлі, кең, шайқалу амплитудасы нашар.
Кіші хорея ревматизмнің жиі кездесетін түрі. Ол нерв жүйесінің зақымдануы. Ауруың басталуы баяу. Ауру балада эмоциялық беріксіздік, жыламсыраушылық, ұйқысының бұзылуы пайда болады. 1-2 жұмадан кейін хореяның негізгі белгілері пайда болады: гиперкинездер (керексіз шамадан артық қимылдар пайда болуы), бұлшықеттердің әлсіздігі, қимылдар координациясының және эмоциялық сфераның бұзылыстары. Гиперкинездерге байланысты бала бет-аузының қисайюы, тыржитуы пайда болады, бала өз бетімен тамақ іше алмайды, жазуы өзгереді. Қимылдары ырғақсыз, тұла бойы бойынша шашыранқы, өте тез шапшаңдықта жасалады. Ауыр жағдайларда бала аяғында тұруы бұзылады, жүре алмайды, тіпті төсекте жатқанда - бір қалыпты жағдайда тұрақты жата алмайды. Гиперкинездер жұтқыншаққа жетсе - баланың жұтынуы және сөйлеуі бұзылады. Қіші хорея кезінде бала жүрегінің біртоға зақымдануы пайда болады, дене қызуы қалыпты, лабораторлық көрсеткіштері өзгерістері көп емес. Қазіргі кезде кіші хореяның сүртілген түрлері кездеседі, осы кезде балада бөлек-бөлек әлсіз айқындалған орталық жүйке жүйесінің зақымдануы кездеседі. Хорея 2-3 айға созылады, ем жасалмаса, онан да ұзақ уақытқа кетеді.
Полиартрит – ол буындардың көптік зақымдануымен сипатталатын ревматизм түрі. Көбіне орта көлемді буындар зақымданады. Негізгі белгілері – буындардын жылжымалы және симметриялық зақымдануы, олар ісінкі, ыстық, өте ауырсынғыш болады. Буын үстіндегі тері қызыл түсті, қатайған. Буындар ревматизмінің еркшелігіне емдеген кезде ауырсынудың тез қайтуы және пішінінің өзгерудің жоқтығы (деформациялар) жатады. Қазіргі кездегі аурудың ағымында ең жиі кездесетін белгісі - буындар ауырсынуы (полиартралгиялар) жатады.
Тері зақымдануы қазіргі заманда өте сирек кездеседі.
Ревматизмнің ағымына байланысты белсенді және белсенді емес фазалары кездеседі. Ревматизм диагнозын қоюда Кисель-Джонс–Нестеров сипаттамаларын қолданған жөн. Олар:

  1. Негізгілері: кардит, полиартрит, хорея, аннулярлық әритема, ревматизм түйіншектері, ревматизм анамнезі (стрептококк жұқпасымен байланыс).

  2. Қосымшалары:

а. клиникалық – дене қызуы жоғарлау, әлсіздік, терлегіштік, мұрыннан қан ағу, абдоминалды синдром,
ә. лабораторлық: лейкоцитоз, ЭТЖ артуы, С - реактивті ақуыз шығуы, ЭКГ, ФКГ, ЭХОКТ, рентгендегі өзгерістер.
Белсенді фазаның ұзақтығы 10-12 ай.
Белсенді ревматизм ағымына байланысты жедел (2 ай), жеделдеу (3-4 айға дейін), созылынқы (5-6 ай), қайталмалы (1 жылдан аса) және жасырын (латентті) түрлерін ажыратады.
Емі: Жедел фазасында тек ауруханаларда емдеу. Емдеу комплексті түрде өтуі керек: а. қимыл - қозғалыс тәртібін сақтау, ә. дәрі-дәрмекпен емдеу, б. созылмалы инфекция ошақтарын емдеу.
Қимыл-қозғалыс тәртібі жеке тағайындалады, физикалық белсенділігі уақытша шектеледі. Белсенділіктің ІІ-ІІІ дәрежесінде бала 1-2 жұма қатаң төсек тәртібін сақтайды, содан кейін тағы да 2-3 жұма төсек тәртібінде болу тиісті. 1-1,5 айдан кейін баланы аяушылық тәртіпке көшіреді. Бір тәртіптен екінші тәртіпке көшіргенде клиникалық, лабораторлық және жүктемелі функциялық сынақтар көрсеткіштерін есепке алынады.
Диетасы құнды, дәрумендерге және калий тұздарына бай болады. Аурудың жедел кезеңінде түз және сұйықтық көлемі азайтылады, № 10 диета белгіленеді. Жүрек тапшылығы дамыған кезде – диетада жеңілдететін күндер белгіленеді.
Медикаменттік ем үш бағытта жүргізілуге тиіс: стрептококке қарсы ем, қабынуды басуға арналған ем, иммундық патологиясын төмендететін ем.
Сондықтан, стрептококке қарсы емінде 10-14 күн бойы калий не натрий тұзды бензилпенициллин тағайындалады, мөлшері -1 200 000-1 500 000 ХБ. Кейіннен 2-4 жұма бойы баланың жасына сай «Бицилин-5» 75000-150000 ХБ көлемінде беріледі. Қазіргі кезде ауыз арқылы тағайындалатын пенициллин туындысымен де баланы емдеуге болады: он күн бойы 1-1,5 граммнан амоксициллин беріледі. Пенициллинді көтере алмаған балаға 250-500 мг-нан 4 рет тәулігіне макролидтер тағайындалады (эритромицин, азитромицин, рокситромицин, кларитромицин) немесе ауыз арқылы берілетін цефалоспориндер (цефалексин, цефиксим, цефаклор). Стрептококкты жұқпаның алдын алуында және этиотропты емінде бүгінгі күндері томицид дейтін дәрі ұсынылған.
Қабынуды басуға арналған дәрілер арасында негізгі рөлі стероидты емес препараты -салициллаттар немесе индол (индометацин, метиндол, вольтарен, диклофенак) препараттарына беріледі. Стероидты емес дәрілер белсенді ревматизмде кең қолданылады. Қазіргі уақытта ацетилсалицил қышқылының орташа дозасы 3-4 г тәулігіне, өте сирек 5 г/тәулігіне тағайындалады.
Қабынуға қарсы стероидты дәрілер (преднизолон) де қолданылады. Преднизолонның жоғары қөлемді дозаларында калий препараттары беріледі («Панангин», «Аспаркам», калий оротаты).
Антигистаминді препараттар: тавегил, диазолин, пипольфен және т.б., поливитаминдер тағаындалады.
Симптомдық ем жүрек гликозидтері, диуретиктер, кардиотропты дәрілермен өткізіледі.
Хореяда - толық психикалық және физикалық тыныштықты сақтау өте маңызды. Хореямен ауыратын балаларға негізгі еміне қосымша седативті дәрілер және транквилизаторлар (диазепам және хлорпромазин) пайдалану ұсынылады. Хореяның ауыр асқынулары мен ауыр неврологиялық салдары сирек кездеседі.
Организмге стрептококк әсерін төмендетуге бағытталған іс-әрекеттер қатарында - балаларды шағын сыйымдылық палаталарға орналастыру, палаталарды желдету және ультракүлгін сәулелерімен сәулелендіріп тұру, жеке бас гигиенасы шараларын қатаң түрде сақтау жатады. Сонымен қатар, созылмалы тонзилитті анықтау және консервативті емін жүзеге асыру қажет, керек болған жағдайда-хирургиялық ем. Жұқпаның созылмалы ошақтарын жою керек.
Алдын алу: Біріншілік алдын алуда стрептококкты жұқтыру мүмкіншілігін азайтуға арналған шаралар жатады (баланы шынықтыру, спортпен шұғылдану, қалыпты тамақтану, таза ауада көп уақыт болу), жоғарғы тыныс жолдарының белсенді стрептококкты инфекциясын (тонзиллит, фарингит) уақытылы диагностикалау және емдеу, созылмалы тонзиллиті бар балаларды диспансерлік тізімге алу, қан және зәр анализдерін уақытында тексеріп тұру.
Екіншілік алдын алуға жыл бойы өткізілетін бициллинопрофилактика жатады. Алғашқы үш жылда жыл бойы балаға алдын алу мақсатпен бициллин еңгізіліп тұрады. Келесі екі жылда тек күз-көктемде ғана «Бициллин-5», ацетилсалицил қышқылы, дәрумендер тағайындалады.
Аурудың күнделікті алдын алуы баспада, созылмалы тонзиллиттің жеделденуінде, жедел респираторлы ауруларда өткізіледі. Бициллиннің алуына қарамай, балаға он күн бойы антибиотиктер және қабынуға қарсы дәрілер беріледі. Айтылғаннан басқа күн тәртібін тиімді ұстау, жеткілікті түрде ақуыз, С, Р дәрумендерін беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет