«Жедел медициналық жәрдем»иси и в, внутиривенной инфузушений ий измах остантвки кровообращения.»!»»»»»» пәні бойынша



бет55/124
Дата12.09.2023
өлшемі1.97 Mb.
#477307
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   124
силлабус-каз2012-2013

Жағдайлық есептер

1. 1,5 жасар балада денсаулығының қалыпты фонында , кенет ойнап жүріп тырыспалы жөтел ұстамасы басталды. Мазасызданғанда күшейетін және ұйықтағанда жойылатын ентігу пайда болды. Рентгенограммада: бір жақты эмфизема. Болжам диагнозыңыз:



  1. жалған круп ұстамасы

  2. жіті бронхит

  3. пневмония

  4. тыныс жолдарының бөгде заты

  5. БД ұстамасы

2. 3 жасар баланы тұншығу сезімі, «үрген» тәрізді жөтел, дем алудың қиындауымен ентігу мазалайды. Анамнезінде: жедел ауырған, апта бойында дене температурасы жоғарлаған, мұрыннан бөлінді, буындардағы ауру сезімі, әлсіздік мазалаған. Жалпы жағдайы кенет нашарлаған: жедел тұншығу, «үрлеген» жөтел, дауыстың қарлығуы дамыған. Объективті: бала мазасыз, тыныс алу актысына мойын және кеуде бұлшықеттері белсенді қатысады. Аздаған физикалық жүктеме кезінде дем алу сатысында бұғана үсті, бұғана асты кеңістіктерінің, мойындырық шұңқырының, қабырға аралықтарының, эпигастральды аймақтың тартылуы байқалады. Тері жамылғысы бозғылт. Шулы тыныс алыстан естіледі. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 90 рет, АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?



  1. Жедел бронхит

  2. СӨОА өршуі

  3. демікпелік статус

  4. пневмония

  5. көмей стенозы, компенсацияның толық емес сатысы

3. 3 жасар бала жағдайының ауырлығына байланысты шағымданбайды. Анамнезінде: ата-анасының айтуы бойынша бала жедел ауырған, апта бойында дене температурасы жоғарлаған, мұрыннан бөлінді, буындардағы ауру сезімі, әлсіздік мазалаған. Жалпы жағдайы кенет нашарлаған: жедел тұншығу, «үрлеген» жөтел, дауыстың қарлығуы дамыған. Объективті: бала тежелген, қоршағандарға мән бермейді. Қарашықтарының кеңеюі анықталады. Тыныс алу актысына мойын және кеуде бұлшықеттері белсенді қатысады. Аздаған физикалық жүктеме кезінде дем алу сатысында бұғана үсті, бұғана асты кеңістіктерінің, мойындырық шұңқырының, қабырға аралықтарының, эпигастральды аймақтың тартылуы байқалады. Тері жамылғысы сұр бозғылт. Алыстан естілетін беткей, үзілісті тыныс. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс. Жүрек тондары анық, ырғақты. ЖСЖ 140 рет, АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?


A. жедел бронхит
B. СӨОА өршуі
C. демікпелік статус
D. пневмония
E. көмей стенозы, терминальды сатысы (асфиксия.

4. 2 жастағы бала тамақ ішіп отырып қақалып, көгере бастады. Тынысы шулы, стенозды.Науқас есін жоғалта бастады. ЖЖБ дәрігері тыныс алу жолдарында бөгде заттың тұрып қалуына күмәнданды. Ауруханаға дейінгі кезеңде баланың кеңірдегіне бөгде заттың тұрып қалуына қандай көмек көрсеткіш болады.



  1. ларингоскоп көмегімен бөгде затты алу

  2. бронходилятаторды қолдану, асқазан зондын енгізу.

  3. асфиксия жағдайында тез арада кониктомия немесе трахеостомия, оксигенотерапия.

  4. гормональды дәрілік заттарды және антиоксидантарды бұлшық етке немесе көктамырға енгізу.

  5. ӨЖЖ, тыныстық антиоксидантарды тағайындау.

5. 4 жастағы бала ЖРВИ ауырғанан кейін жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем бригадасын шақырды. Қарап тексергенде инспираторлы ентігу, үргендей жөтел, дауысының қарлығуы анықталды.Бала қозулы, тынымсыз,тыныс алу актісінде мойын және кеуде торшасының бұлшық етттері қатысады. айқын аздаған физикалық күштемеден кейін тыныс шығару кезінде эпигастрия аймағы қабырға аралық, яремни ойық, бұғана асты және үсті кеңістіктің вытяж байқалады.Алыстан естілетін шулы тыныс. Болжам диагноз қойылды: ЖРВИ, ларинготрахеит, 2 дәрежелі көмекей стенозы.
Дұрыс емді таңдаңыз.

  1. преднизолон,седуксен, оксигенотерпия

  2. жылы сілтілі сұйықтық, эуфиллин, оксигенотерпия

  3. седуксен, эуфиллин,оксигенотерапия

  4. жылы сілтілі сұйықтық, эуфиллин, преднизолон

  5. седуксен, жылы сілтілі сұйықтық, оксигенотерпия

3 Блок. Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар


5 сабақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет