Магистралдағы май қысымын ұштығы бар иілгіш май түтігі мен монометрден тұратын КИ-4940 құралымен тексереді. Ӛлшеу құралын жағармай магистраліне жалғайды (1-сурет).
сурет. КИ-4940 кұралы: 1 - манометр, 2 - май түтігі, 3 - түтік ұштығы
Моторды қалыпты жылулық күйіне дейін қыздырған соң, магистралдағы май қысымы тексеріледі.
Майлау жүйесі агрегаттарына стендте сынақ жүргізу реті
Вариатордың жағдайы шпинделдің тӛменгі шекті айналышына сай болуы тиіс. Вариаторды басқару маховигін тек мотор жұмыс істеп тұрған кезде бұрауға болады. Бактың ағызу краны ашық болуға тиіс. Дросселді басқару маховигі сағат тіліне қарсы бағытта барынша бұрап шығарылуы керек (2-сурет).
Сорапты сынау
Стендті қосып (түйме 8) маховикті 2 бұрай отырып, тахометр 1 бойынша сорап білігінің айналымы қосымшада кӛрсетілген мәніне жеткізіледі.
сурет. КИ-5278 стендтің схемасы: 1 - тахометр; 2 - вариатор маховигі; 3 - шкала; 4 - ӛлшеу түтігі; 5 - аспаптар қалқаншасы; 6, 7 - дросселдер; 8 - стендті қосу түймесі; 9 - май санауышты косу түймесі; 10 - «Токта» түймесі; 11 - ағызу кранының тумблері; 12-басқару тұтқасы
сурет. КИ-5278 стендтің жалпы кӛрінісі
1 – станина; 2 – сораптар бекіту тақтасы; 3 – вариатор кӛтеру механизмінің маховигі; 4 – Жетегінің айналу жиілігі реттеу маховигі; 5 – электрқозғалтқыш; 6 – аспапқа жарық түсіру лампасы; 7 – клапан астында және фильтрге дейін және кейін қысым ӛлшеу манометр; 8 – фильтрлар бекіту тақтасы; 9 – стендтің жетегі басқару кнопкалар; 10 – стендті басқару тұтқасылар
Дроссель 7 жабылады (сағат тілінің бағытында соңына дейін бұрау арқылы).
Дроссель 6 арқылы қажетті қысым шамасы қойылады: 0,15МПа, 0,2МПа,0,25 МПа.
Тӛгу шүмегі жабылады (тумблер 11).
Түймені 9 басу арқылы золотниктің электр магниті ажыратылып, ӛлшеу түтікшесіндегі 4 май деңгейі ӛсуін тоқтатқан кезде, шкала 3 бойынша сораптың ӛндірімділік кӛрсеткіштері жазып алынады.
Тӛгу кранын ашьш және маховикті бұрай отырып, шпинделдің айналу жиілігі тӛменгі шегіне дейін жеткізіледі
Дросселдердің(6 және 7) маховиктерін сағат тіліне қарсы бағытта соңына дейін бұраған соң стенд тоқтатылады.
Сораптың нақты ӛндірімділігі Qg мен ηс пайдалы әсер коэффициентін есептеп анықтау қажет:
Qg л/мин (1)
ηс (2)
мұндағы ӛлшеу түтікшесіндегі май деңгейі, л;
- тәжірибе уақыты, 30с;
– сораптың техникалық сипаттамасы бойынша ӛнімділігі.
Достарыңызбен бөлісу: |