Жанармай сорабының прецизион жұптары мен форсункаларды тексеру
Тексеру жұмыстары тракторлардың жанармай аппаратурасының элементтеріне диагностика жасауға арналған КИ-16301А құрылғысының кӛмегімен жүзеге асырылады. Құрылғының жалпы құрылысы 4-суретте келтірілген.
Құрылғы (4-сурет) кұйма корпустан 16,ыдыстан 2,беріліс тұтқасынан 1,манометрден 3және ӛткермеден 5 тұрады. Корпус 16 ішінде плунжер жұбы 7, серіппелер 15және 17орналасқан. Ыдыс 2 ішінде түтікше 13бар.
Сурет 4. Форсунка мен жанармай сорабының прецизион жұбын тексеру аспабы: 1 - 1630A.03000 қосу тұтқасы; 2 - 16301А.01.000 май ыдысы; 3 - МТП-604-400х2,5 манометрі; 4 - 16301 А.00.006 винттері; 5 - 16301А04.000
ӛткермесі; 6 - 16031 А.00.007 тӛсемі; 7 - 41А41С15 плунжерлі жұбы; 8 -
16301 А.00.003 тӛсемі; 9 - 5п6х18 штифтісі; 10 - 16301А.00.002 қақпағы; 11
- 16301А.00.003 күйентесі; 12 - 16301А.00.015 құлақшасы, 13 - 16301А.02.000 май тартқыш түтігі; 14 - 16301А.00.007-01 тӛсемі; 15 - айдағыш қақпақ (18.15 жиынымен); 16 - 16301 А.00.001 корпусы; 17 - айдағыш қақпақ серіппесі 16-068.
Тексеруге қажетті қысым тудыру үшін, беріліс тұтқасымен плунжердің ерсілі-қарсылы қозғалысының жиілігін минутына 30 - 40 жеткізу керек. Бұл кезде вакуумның әсерінен ыдыстағы 2 жанармай түтікше 13арқылы плунжер жұбының 7 қуысына ӛтеді де айдау клапанынан 15кейін ӛткермеге 5беріледі.
Жұмыс басталмас бұрын құрылғының ыдысы 2 шығарылып, оның ішкі бӛліктері таза дизель жанармайымен жуып тазаланады.
Ыдыс 2 таза дизель жанармайымен толтырылып корпусқа 16 бекітіледі.
Жанармай ӛткермеде 5кӛрінгенге дейін айдалады. Құрылғының кӛмегімен жұмыс тӛмендегідей ретпен орындалады:
ӛткерме форсунка қосылған түтікке жалғанады;
аспаптың қосу түтқасы ерсілі-қарсылы қозғалысқа келтіріледі;
манометр корсетуі бойынша форсунканы іске қосылу қысымы анықталады (номинал шамасы 12,5...13 МПа, шекті шамасы 12,0 МПа).
Достарыңызбен бөлісу: |