Ескертпе: Жүктелу жағдайындағы аккумулятор кернеуінің шамасы, оның зарядталу және табақшаларының сульфаттану деңгейлеріне байланысты. Сульфаттанған аккумулятор кернеуінің кему жылдамдығы, оның ішкі кедергісі және сыйымдылығының азаюына байланысты кемуінен жоғары болады.
Аккумуляторлардағы қысқа тұйықталуларды анықтау. Бұл үшін ЛЭ-2 ашасының жүктеу кедергісін ажыратып, волтьметр арқылы әрбір аккумулятордың электр қозғаушы құші (ЭҚК) ӛлшенеді. ЭҚК-нің шамасы эмпириалдық ӛрнек бойынша анық- талатын тыныштық ЭҚК-не (Е0) тең болады.
Ео=0,84+у (1)
Егер жүктеусіз жағдайда ЭҚК-нің шамасы электролиттің тьныздығы бойынша табылган Е0-ден кем болса, онда аккумуляторда жекеленген түйықталудың бар екендігін кӛрсетеді. Ал ешқандай жүктеусіз-ақ ЭҚК нӛлге тең болса, онда ол аккумулятор табақшаларының толық түйықталғанының белгісі болып табылады.
Т-40М тракторына қойылған 462.3701 маркалы генераторлық қондырғысы (ГҚ), жинақталған түзету блогы мен бӛлшектелмейтін интегралдық кернеу реттегіш блогы және түйіспесіз айнымалы тоқ генераторынан (үш фазалы электр машинасы) тұрады. Қондырғының ақаусыздығын аспаптар қалқаншасындағы бақылау шамы аркылы тексеруге болады. Егер ГҚ ақаусыз болса, онда «массаны» қосқан кезде бақылау шамы жанып, ал трактор дизелі оталғаннан кейін сӛнуі шарт.
Генератор мен стартерді тасымалды қол вольтамперметрін қолдану арқылы диагностикалау
Генератордың және стартердің техникалық күйін диагностикалау тікелей Т-40М тракгорында жүргізіледі.
Генератордың қоздыру орамдарының күйін тексеру: Г-дың клеммаларындағы барлық ӛткізгіш сымдарды ағыту керек; КИ-1093 приборын 3-суреттегі схемаға сәйкес жалғап, дизелді от алдырмас бұрын
«массаны» қосып, амперметр бойынша қоздыру орамдарының қореткендіру тогының шамасы тексеріледі. Қоздыру орамдарының ақаусыз жағдайында тоқтың күші 3...3,5 А-ге тең.
Достарыңызбен бөлісу: |