Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан



Pdf көрінісі
бет49/67
Дата22.12.2023
өлшемі3.01 Mb.
#487590
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67
BURXANOVUH

 
Бақылау сұрақтары: 
1. Сорапты құбырдың диаметрін қалай анықтайды? 
2. Сораптың қажетті арынын қалай анықтаймыз? 
3. Ұңғыма сораптарын таңдау қалай жүргізіледі? 
4. Сораптарды даңдау қалай жүргізіледі? 
5.4. Диафрагмалы ұңғымалы сорапты қондырғылар 
 
Диафрагмалы ұңғымалы сорапты қондырғылар электр жетекті 
плунжерлі көлемдік сораптарға жатады (5.9-сурет). Мұнда өндірілетін 
сұйық сору жəне айдау клапандары арқылы өткенде сораптың басқа 


111 
қозғалатын бөлшектерімен жəне оның жетегімен қосылмайды. Сұйық 
сорап бөлшектерінен резиналы диафрагма арқылы бөлінген. Осы 
ерекшеліктерімен 
сораптардың 
спецификалық 
қолдану 
облысы 
анықталады. Диафрагмалы сораптар агрессифті қабат сұйықтарын жəне 
құрамында едəуір механикалық қоспалары бар (көбіне қабаттан келетін 
құм) сұйықтарды өндіруге арналған.
Диафрагмалы ұңғымалы сорапты қондырғы ұңғымаға СКҚ тізбегімен 
түсірілген батырмалы сорапты агрегаттан, құбырлар жанында жүргізілген 
кабельден, жіберу клапанынан, жер бетінде орналасқан сағалық 
арматурадан жəне басқару станциясынан тұрады [8]. Батырылған сорап 
агрегатында сору (1) жəне айдау (2) клапандары, диафрагма (3), серіппе (4) 
жəне поршень (5) болады. Поршень астында бұрыштық тісті беріліспен (7) 
қозғалысқа келетін эксцентрик (6) болады. Төменде электр қозғалтқыш (8) 
жəне компенсаторлы диафрагма (9) болады.
Батырмалы агрегат келесі түрде 
жұмыс істейді. Қозғалтқыш білігінің 
айналу қозғалысы арқылы бұрыштық 
тісті 
беріліс 
арқылы 
эксцентрик 
айналдырып 
поршеньді 
қозғайды. 
Поршень эксцентрикке жəне серіппе 
əсерінен жоғары жəне төмен қарай 
қозғалады. Поршень төмен қозғалғанда 
поршень үстіндегі кеңістігінде көлем 
азайып диафрагма жиырылады, ал 
диафрагманың 
жоғарғы 
бөлігіндегі 
кеңістікте қысым төмендеп сору клапаны 
ашылып жұмыс камерасына сұйық 
құйылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет