Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан



Pdf көрінісі
бет8/67
Дата22.12.2023
өлшемі3.01 Mb.
#487590
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67
BURXANOVUH

Бақылау сұрақтары: 
1. Мұнай кен орындарын игеру технологиясы дегеніміз не? 
2. Мұнай-газ өндіруші өнеркəсібінің қазіргі жағдайын жəне дамуын 
неше кезеңге бөліп қарастыруға болады? 
3. Кен орнын игерудің қай кезеңінде ең көп мұнай өндіруге жатады ? 
4.Игеру кезеңдерінің жұмыстарында қандай нəтижелер болуы тиіс ? 
 
 
1.2. Мұнай өндірудің негізгі тəсілдері 
 
Мұнай жəне газ өнімдерін пайдалану тəжірибесінің практикасына 
сəйкес, ұңғымаларды пайдаланудың 3 əдісі қолданылады:
1) фонтанды;
2) газлифтілі;
3) механикалық. 
Фонтанды əдіс жаңадан ашылған кен орындарын игеру кезінде
тəртіп бойынша ұңғымадан мұнайды көтеріп шығару үшін қабат 
энергиясы жеткілікті болады. Сұйықты көтеріп шығару тек қана қабат 
энергиясының есебінен жүзеге асатын əдіс – фонтанды пайдалану тəсілі 
деп аталады [3]. 


10 
Бұл əдісті пайдалануда негізінен энергия көзі болып, қабаттың өз 
қысымы пайдаланылады. Қабаттағы сұйықтың өз бетінше жоғары қарай 
көтерілуі келесі шарт орындалғанда ғана жүзеге асады:
Р
заб 
< Р
пл 
Р
заб
─ ұңғыма түбіндегі қысым; 
Р
пл 
─ қабат қысымы. 
Яғни, қабаттағы қысым ұңғыманың түбіндегі қысымнан көп болуы 
керек. 
Фонтанды əдісті пайдаланып игеру ең тиімді əдіс болып табылады. 
Бірақ та, бұл əдіспен кен орнындағы мұнайдың барлығын өндіру мүмкін 
емес. Ол тек көбіне алғаш ұңғыманы бұрғылап пайдалануға берген 
уақытта, қабат қысымына байланысты қолданылады.
Газлифті əдісі. Сұйықты қабаттан жер бетіне көтерілуін башмак 
немесе клапан арқылы көтеру құбырларына сығылған газ көмегімен жүзеге 
асыратын мұнай ұңғымаларын пайдалану əдісі газлифті əдісі- деп 
аталады. Газлифтің жұмыс істеу принципі көтеру құбырларында сұйықты 
газдандыру жəне оның тығыздығын азайту. Газды үздіксіз айдау 
барысында газданған сұйық ұңғыма сағасына дейін көтеріледі де сыртқа 
шығады.
Механикалық əдісдүние жүзі бойынша кең таралған жəне мұнайгаз 
кен орнындағы мұнай қоры таусылғанша қолданылатын əдіс. Кен 
орындарының 80÷90% -ке жуық ұңғымалары осы əдісті пайдаланады. 
Механикалық əдіс - терең сорапты қондырғыны пайдалану, винтті 
сорапты, электр ортадан тепкіш сорапты пайдалану жəне т.б. болып 
бірнеше түрге бөлінеді. 
Бұл сораптарды пайдалану негізінен мұнай жəне газ кен орындарын 
игерудің соңғы сатыларында, ұңғымада сулану мөлшері 99%-ға жеткенше 
жүргізіледі [1,7]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет