Бақылау сұрақтары:
1.Мұнай жəне газ ұңғымаларын пайдаланудың негізгі тəсілдері?
2.Ұңғыманы пайдалануда газлифті əдісінің жүзеге асырылуы?
3.Пайдаланудың механикалық əдісінде сораптың қандай түрлері
қолданылады?
4.Аталған əдістердің айырмашылығы неде?
11
1.3. Мұнай өндіру əдістерін таңдау
Мұнай өндіру əдісін таңдау - негізінен игерілетін кешеннің
геологиялық сипаттамасына байланысты, мұнай жəне газдың физика-
химиялық құрамы бойынша анықталады. Оларға біріншіден қабаттың жату
тереңдігі, қабат қысымы мен температурасы, игеру кешенінің
гидродинамикалық
сипаттамасы,
қабат
жағдайындағы
мұнайдың
тұтқырлығы жəне т.б. жатады.
Мұнай жəне мұнайгаз ұңғымаларынан сұйықты өндіру əдісін таңдау
– алдағы уақытта оларды тиімді пайдаланудың негізі болып табылады. Ол
болатын себептердің жиынтығына тəуелді болады, бірақ негізгі нəтиже
факторы экономикалық жағынан тиімді болуы қажет.
Бірдей өнім беріп тұрған ұңғымаларды сорапты жабдықтардың
əртүрлі жұмыс режимімен қамтамасыз етуге болады. Олардың ішінде
көпшілігі əрбір нақты жеке ұңғыма үшін тиімді облыста болады. Осыған
байланысты сорап жабдығы мен режимін таңдауға байланысты есептердің
шешімі ұңғыма өнімін жоғарылатуға алып келеді.
Ұңғыманы пайдалану кезіндегі маңызды жұмыстардың бірі, күрделі
қаржы салымы мен пайдалану шығындары көлемінің аз болып, мұнайды
өндірудің тиімділігін қамтамасыз ететін сорап қондырғысын таңдауға
байланысты ғылыми негіздер болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсаты ұңғыманы механикалық пайдалану
кезінде ұңғыманың техника-технологиялық сипаттамасы мен оларды
пайдаланудың кəсіпшілік-геологиялық шарттарын талдау нəтижелері
негізінде ұңғыма ішілік жəне жер бетіндегі жабдықтарын таңдау болып
табылады.
Мұнай ұңғымаларына сорап қондырғыларын компьютерлік
бағдарламаларды қолданып таңдау кезінде, таңдауды жылдамдатып қана
қоймайды, сонымен бірге қолмен есептеулер кезіндегі кездесетін көптеген
қысқартуларға байланысты оның дəлдігін жоғарылатады.
Сондықтан, мұнай өндіруде фонтанды əдісті пайдалану ең тиімді
əдістердің бірі болып табылады, жəне де сұйықты жоғарыға шығаруда
қосымша энергия шығынын қажет етпейді, яғни қабаттың энергия қоры
қолданылады.
Ұңғыманың А.П.Крылов бойынша фонтандау шарты көтергіш
құбырдың тиімді жұмыс режимімен бағаланады. Ал бұл шарттың бұзылуы
ұңғыма сағасына газсұйық қоспасының келуін аздап тоқтатады. Көтергіш
құбырдың жұмыс шартының бұзылуы (тиімді газ факторының төмендеуі,
түптегі қысымның азаюы, ұңғыма өнімінің сулану мөлшерінің жоғарылауы
жəне т.б.) оның өнімділігінің азайып, толықтай тоқтауына алып келеді.
Осыған орай игеру жобаларын құрастыру кезінде жобалық
ұңғымалардың жұмыс параметрлері (Q, p
пл
, p
c
, d, L) бойынша игеру
жұмысының жолдарын қарастыруымыз керек.
12
Негізі ұңғыма өнімінің сулану дəрежесі белгілі мəнге жеткенде,
қабат қысымы жəне қабаттан келетін газдың көлемі төмендегенде, қабат
энергиясы берілген режим кезінде ұңғыманың фонтандау процесін
қамтамасыз ете алмайды. Сонымен ұңғыманың фонтандауы тоқтайды.
Сұйықты көтеру үшін жоғарыдан белгілі мөлшерде қосымша энергия
қажет болады немесе фонтанды ұңғыманы өндірудің механикалық əдісіне
ауыстыруымыз қажет болады.
Мұнай кен орнының игеру көрсеткіштерін талдай отырып, өндіру
ұңғымаларының саны өскенімен, ұңғыма өнімінің сулану мөлшері
жоғарылап, өткен жылдармен салыстырғанда өнім беруінің азаюы
байқалса, онда фонтандау шартының нашарлап, оларды біртіндеп
механикалық өндіру əдісіне ауыстыру қажет болады.
Мұнай ұңғымаларына сорап қондырғыларын таңдау дегеніміз,
қабаттағы сұйықты ұңғыма арқылы өндіру кезінде берілген тиімді жұмыс
режим көрсеткіштерін (берілісі, арыны, қуаты жəне т.б.) қамтамасыз ететін
қондырғылардың типтік өлшемдерін анықтау болып табылады. Қарапайым
түрмен түсіндіретін болсақ, таңдау дегеніміз, «мұнай қабаты – ұңғыма –
сорапты қондырғы» байланыс жүйесінің негізгі жұмыс көрсеткіштерін
анықтау жəне осы көрсеткіштердің тиімді байланыстарын таңдау.
Тиімділік əртүрлі критериялар бойынша келуі мүмкін, бірақта олардың
соңғы нəтижесі өндірілген əрбір тонна мұнайдың өзіндік құнын
төмендетуге бағытталады. Осыған байланысты сорап жабдығы мен
режимін таңдауға байланысты есептердің шешімі ұңғыма өнімін
жоғарылатуға алып келеді.
Егерде, таңдалған сорапты қондырғының қуаты ұңғыма өнімін
айдауға қажетті шамадан аз болса, онда ұңғыма жобаланған өнім көлемін
бере алмайды. Екінші жағынан, егер таңдалған сорапты қондырғының
қуаты жобаланған шамадан көп болса, онда қабаттан алынатын сұйықтың
көлемі жобадан көп болады да, ол сұйықты алу режимінің бұзылуына алып
келуі мүмкін.
Осы мəселелерде ескере отырып, мұнай ұңғымасына сораптарды
таңдау кезінде мəндерді енгізу жəне есептеу уақытын қысқарту үшін
таңдау əдістемесіне кейбір қосымшалар мен қысқартуларды қолдануды
қажет етеді.
Іс-тəжірибе көрсеткендей, ұңғыма жабдықтарын дұрыс, нақты
таңдау көптеген көрсеткіштерге талдау жасау нəтижесінде болады.
Ұңғымадағы сұйықты көтеру процесінің энергия сыйымдылығы
пайдалы əсер коэффициентіне (ПƏК) тəуелді болады, ол өндірудің əртүрлі
əдістерінде əртүрлі мəнге ие болады.
Ұңғымаға қызмет көрсету мен жөндеудің құны өндіру əдісіне тікелей
байланысты болады. Бірақта барлығы олай емес, мысалы газлифтілі
ұңғыманы жөндеу құны салыстырмалы түрде аз болады, дегенмен бұл
13
жүйенің ПƏК-і белгілі таукен-геологиялық шартында өте төмен болуы
мүмкін.
Осыған орай мұнайгаз ұңғымаларын пайдалану əдісін таңдауда
негізгі ережелер келесі жағдайлармен анықталады.
1. Ұңғыманы пайдалану кезінде сұйықты жоғары көтерудің əрбір
əдісінің өз артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Таңдаудың негізі
ұңғыманы
пайдалану
уақытының
барлық
кезеңінде
шығынды
салыстырмалы азайту арқылы болжанған өнімді алу болып табылады.
2. Əртүрлі əдіспен ұңғыманы пайдаланудың көрсеткіштерін өзара
салыстырып, содан кейін оған экономикалық тұрғыда бағалау қажет.
3. Əдісті таңдау кезінде қызмет көрсететін маманның қажетті
біліктілігін ескеру қажет.
4. Пайдалану əдісін таңдау кезінде техникалық, технологиялық жəне
т.б. жағдайларға байланысты өзгерістер мен шектеулер болған жағдайда
есептеулерді кезеңді түрде қайта жүргізу керек.
Пайдалану əдістерін таңдауға негіз болатын механикалық əдіспен
өндіруде
қолданылатын
үш
технология
бойынша
таңдалатын
көрсеткіштерді қарастыралық:
1) штангалы тереңдік сорап;
2) штангалы винттік сорап;
3) батырмалы ортадан тепкіш электрлісорап.
Нəтижелері 1.1-кестеде көрсетілген. Айта кету керек, алынған
мəліметтер Ресей, Қазақстан жəне АҚШ елдерінде ұңғымаларда
пайдаланылып жатқан əдістерді талдау нəтижесінде алынған. Басқа кен
орындарында бұл көрсеткіштер басқаша болуы мүмкін. Бірақта талдауға
қажетті əдістемелер бойынша біріншіден, қолданылатын жабдықтардың
техникалық мүмкіндіктері мен олардың өлшемдерінің əртүрлілігін ескеру
қажет.
Мұнай өндіру əдістерін таңдауға байланысты есептерді тиімді шешу
анықталған мəліметтер бар болған жағдайда мүмкін болады, олардың
негізгі бөлігі кез-келген пайдалану əдісінің техника-экономикалық
есептерін шешуге, ал қалған мəндер тек олардың кейбір мəндерін
есептеуге арналған.
Мұнай
өндіру
əдістерін
таңдауда
негізінен
техникалық,
технологиялық, пайдаланушы, экологиялық жəне əлеуметтік көрсеткіштер
қарастырылады.
14
Кесте 1.1. Пайдалану əдістерінің технологиялық жəне экономикалық
тиімділіктерін бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |