Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан



Pdf көрінісі
бет36/67
Дата22.12.2023
өлшемі3.01 Mb.
#487590
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67
BURXANOVUH

Салынатын сораптарда − цилиндр СКҚ тізбегінің ішіне штангы 
тізбегімен түсіріліп арнайы құлыпты қосылыс көмегімен отырғызылады. 
Сораптардың цилиндрі жəне сору клапаны СКҚ тізбегіне бекітіліп, бірге 
ұңғымаға түсіріледі. Ал плунжер айдау клапанымен штангы арқылы 
түсіріледі. Құбырлы сораптар құрылысы қарапайым жəне үлкен шығымды 
ұңғымаларға қолданады. 
Жөндеу жұмыстары кезінде салынатын сорапты жоғарыға шығару 
үшін, тек штангаларды шығару жеткілікті, сол арқылы барлық сорап 
шығарылады. 
Салынатын сорапта берілген диаметрлі құбырлар арқылы тек 
плунжер ғана емес, сонымен қатар қапталмен (кожух) цилиндр жіберіледі, 
сондықтан салынатын сораптың плунжер диаметрі құбыр диаметрінен 
бірнеше есе аз болу керек. Сол үшін берілген диаметрдегі құбырда 
салынатын сорапты жіберу əрқашан салынбайтын сорапқа қарағанда аз. 
Бұл салынатын сораптың СКҚ тізбегін көтерусіз алыну мүмкіндігін 
тудырады. Бірақ, бірдей диаметрлі плунжерлерде салынатын сораптарға 
үлкен диаметрлі СКҚ қолдану қажет етеді. Мысалы: диаметрі 43 мм 
плунжерлі құбырлы сорапты, диаметрі 60 мм СКҚ түсіруге болады, ал дəл 


76 
осындай диаметр салынатын сорапта диаметрі 73 мм-лік СКҚ қолдануды 
талап етеді. 
Қазіргі кезде ГОСТ 6444-78 сəйкесті сорап цилиндрлері төлке жəне 
бүтін металл түрінде жасалады. Төлкелі сорап қорапқа орнатылып, соңы 
муфталармен қысылған ұзындығы 300 мм төлкеден тұратын цилиндр. 
Төменгі муфтаға сору клапаны орнатылған. 
Сораптар 99% дейін суы бар, динамикалық тұтқырлығы 0,1Па·с, 
күкірт қышқылы H
2
S − 0,1% дейін жəне 0,5% механикалық қоспалары бар 
температурасы 130
0
С дейінгі сұйықты айдауға арналған. 
ГОСТ бойынша ұңғымалы сораптардың келесі түрлері дайындалады: 
- НСВ1, НСВ2 - салынатын, бір жəне екі сатылы, екі плунжерлі, 
төлкелі цилиндрлі, құлыпы жоғарыда. 
- НВСД- салынатын, бір сатылы, бір плунжерлі, төлкелі, цилиндрлі 
құлыпы жоғарыда. 
- НСН1, НСН2 - салынбайтын, бір жəне екі сатылы, бір плунжерлі, 
төлкелі, цилиндрлі штокты ұстағыш. 
- НСНА- салынбайтын, бір сатылы, бір плунжерлі, төлкелі, 
цилиндрлі, автоұстағышты. 
- НСВ15-салынатын, төлкесіз, цилиндрлі. 
- НГН-1 - түріндегі штогы бар салынбайтын сорап (28; 32; 43; 55; 68 
мм). 
- НГН-2 түріндегі ұстағышы бар салынбайтын сорап (28; 32; 38; 43; 
55; 68; 82; 93 мм). 
- НГВ-1 түріндегі салынатын сорап (28; 32; 38; 43; 55; 68 мм). 
Ұзындығы 1200 мм плунжер 1500 м тереңдікке дейін қолдануға 
болады, ал 1500 мм плунжер 2000 м, 1800 мм плунжер 2000 м тереңдікке 
арналған. 
Штангалар жəне олардың қосқыш муфталары ГОСТ 13877-80 
бойынша дайындалады. Штанга ұзындығы 8м-ге дейін жетеді. Штанга 
соңдарында резьба ойылған жəне кілтпен бұрауға арналған квадрат болады. 
Штангалардың негізгі диаметрлері 12, 16, 19, 22 жəне 25 мм болады. 
Сорап плунжерін түсіру тереңдігін қатаң сақтау үшін ұзындығы 1; 1,2; 1,5; 
2 жəне 3 м қысқа штангалар қолданады. 
Штангалардың ұзақ мерзімділігіне, оларды дұрыс пайдалану арқылы 
жетуге болады. Бірінші кезекте арнайы тасымалдау құралдарымен 
тасымалдау, түсіріп – көтеру операцияларында штангаларды тік жағдайда 
орнату, элеваторларды қолдану. 
Берілген нақты диаметрлер номиналды диаметрден 1–2 мм артық 
болуы мүмкін (93 мм үшін сораптың нақтылық диаметрі 96 мм диаметрге 
дейін жетеді). Бұл плунжер, цилиндр жəне сораптың басқа да тетіктерін 
зауыт немесе ұстаханаларда қалпына келтіргеннен кейін қайта қолдану 
жағдайымен түсіндіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет