Бақылау сұрақтары:
1. Штангалы винтті сорапты қондырғының негізгі жабдықтары?
2. СКҚ тізбегінің төменгі бөлігіндегі ұңғыма жабдықтары пайдалану
шарттары бойынша қандай элементтерден тұру керек?
3.Отандық практикада ВСШҚ қалай топтастырады?
4.Жетекші біліктің жылдыамдығы қалай анықталады?
5. Жетекші қозғалтқыштардың ұзақтылығы қалай анықталады ?
88
5. ҰҢҒЫМАЛАРДЫ ШТАНГАСЫЗ СОРАПТЫ
ҚОНДЫРҒЫЛАРМЕН ПАЙДАЛАНУ
5.1. Штангасыз сораптардың классификациясы
Штангасыз сораптар бір-бірімен тікелей байланысқан ұңғыма
сорабынан жəне сораптың ұңғыма жетегінен тұрады. Сорап жетегіне
энергия кабель арқылы (электржетекте) жəне құбыр арқылы (гидро жəне
пневможетекте) беріледі. Жетек жəне сорап арасындағы ұзын механикалық
байланыстың болмауына байланысты, штангасыз сораптар штангалы
сораптарға қарағанда едəуір үлкен қуатқа ие болады.
Мұндай сораптарға негізінен электржетекті ұңғымалы ортадан
тепкіш сораптары жатады.
Қазіргі уақытта штангасыз сораптардың 10-ға жуық түрі кең
қолданылуда немесе өндірістік сынақтан өтуде. Олардың ішіндегі
негізгілері: ортадан тепкіш, винтті жəне поршенді (диафрагмалық)
сораптар.
Мұнай өндіруші кəсіпорындар ұңғымадан үлкен мөлшерде сұйықты
өндіру үшін тиімді сораптар қажет етуде. Үлкен беріліс үшін, қалақшамен
жабдықталған сораптар қолайлы. Қалақшалы сораптардан жұмыс
дөңгелектерінің ортадан тепкіш түріндегі сораптар тарау алды, себебі олар
белгілі сұйық берілісінде үлкен ағынға ие болады, сонымен қатар пайдалы
əсер коэффициенті жеткілікті жəне сенімді жұмыс істейді.
5.2. Электржетекті батырмалы ортадан
тепкіш сорапты қондырғылар
Ұңғымалы ортадан тепкіш сорапты қондырғылары 146 жəне 168 мм
шегендеуші құбырлары үшін, екі габаритті батырылған агрегаттар
қолданылады[9].
Əр қондырғыда өзінің шифры болады, мысалы УЭЦН5А-500-800,
мұндағы 5А – сорапты қондырғы түсірілетін шегендеуші тізбектердің ең
кіші мүмкін ішкі диаметрін білдіреді, сəйкесті 5 саны – 122 мм, 5А – 140
мм, 6 – 144 мм, 6А – 148 мм, 500 – сораптың номинальды берілісі (м
3
/тəу),
800 − сорап ағыны (м).
Ұңғымалы ортадан тепкіш сорап қондырғылары қарапайым жəне
тозуға, сонымен қатар коррозияға төзімді болуы мүмкін. Сораптың
диаметрі жəне түйіндер құрамы негізінен барлық сораптар үшін бірдей.
Ұңғымалы ортадан тепкіш сораптар қарапайым орындалған
дайындамасы ұңғымадан құрамында 99% дейінгі су бар сұйықты өндіруге
арналған, өндірілетін сұйықта механикалық қоспалар жəне күкіртсутек
0,01мас% көп болмау керек. Зауыт – дайындаушылардың техникалық
89
шарттары бойынша сорап қабылдауында еркін газ мөлшері 25 % − дан
жоғары болмау керек.
Ортадан тепкіш сораптың жұмыс бөлшегі жұмыс дөңгелегінен жəне
бағыттағыш аппараттан тұратын саты болып келеді. Дөңгелек жəне
аппарат шойыннан жасалынған. Жұмыс дөңгелегі төменгі жəне жоғарғы
бөліктерінде текстолитті тірек сақина болады.
Білікке түсетін осьтік күшті гидродинамикалық табан қабылдайды.
Білік радиалды сырғанау подшипнигінде орналасады. Сораптың, ротордың
барлық жиынтығы қорапқа орнатылған жəне жоғарғы жағынан подшипник
корпусымен қысылған, ал төменнен – қабылдау торы орналасқан табанмен
жабдықталған.
Үлкен ағынды ұңғымалы ортадан тепкіш сораптарды жасау үшін
сорапта көптеген сатылар орналастыруға тура келеді (400-ге дейін). Сонда
олар бір қорапқа орналаса алмайды, себебі мұндай сораптардың ұзындығы
(15-20 м) тасымалдауды, ұңғымада құрастыру жəне қорапты дайындауды
қиындатады. Үлкен ағынды сораптар бірнеше секциялардан тұрады. Əр
секцияның ұзындығы 5,5м-ден үлкен емес. Секциялардың қораптық
бөлшектері бір-бірімен болтпен флянец арқылы байланысады, ал біліктері
– шлицті муфтамен бекітіледі. Əрбір секцияда біліктің жоғарғы өстік тірегі,
білік, біліктің радиальды тірегі жəне саты болады. Табан жəне қабылдау
торы тек төменгі секцияда ғана болады да, ұстау басы тек жоғарғы
секцияда болады.
Ортадан тепкіш сораптың жетегі ретінде қызмет атқаратын
батырмалы электр қозғалтқыш – асинхронды, қысқа тұйықталған роторлы,
май толтырылған. Тоқтың 50 Гц жиілігінде олардың біліктерінің
синхронды айналу жиілігі 3000 мин
-1
құрайды. Қозғалқыштар сораптар
сияқты диаметрі 146 жəне 168 мм шегендеуші құбырлы ұңғымаларға
арналған əртүрлі аз диаметрлі болады. Олардың қуаты 125 кВт жетеді. Тоқ
кернеуі (400÷2000В) козғалтқыштың өлшемімен байланысты. Тоқтың
жұмыс күші 20÷85 А.
Аз диаметр жəне үлкен қуат, қозғалтқыш ұзындығын үлкейтудің
қажеттілігін тудырады, кей жағдайларда 8 м дейін жетеді.
Батырмалы электр қозғалтқыш статор жəне ротордан тұрады. Статор
жəне
ротор
секциялы.
Қозғалтқыштың
оқшаулағышы
құрғақ
трансформатор майымен толтырылған. Электр қозғалтқыштың жылу
тұрақтылығы 140
0
С.
Электр қозғалтқыштың шифрында, мысалы ПЭДС-90-117В5
мұндағы С – секциялы, 90 – номинальды қуаты (кВт), 117 –
қозғалтқыштың сыртқы диаметрі (мм), В5 – қозғалтқыштың орындалуы,
климаттық пайдалану шарты (В – құрғақта жəне теңізде барлық
макроклиматтық аудандарға арналған) жəне орналасу категориясы (5 –
жоғары ылғалдылықта). Ұңғымалы ортадан тепкіш сорап батырылған
электр қозғалтқыш көмегімен қозғалысқа келеді. Электр энергиясы
90
қозғалтқышқа ұңғымада СКҚ тізбегімен бірге орналасқан арнайы кабель
арқылы беріледі. Электр жетекті ұңғымалы ортадан тепкіш сораптардың
(ЭЦН) кең қолданылуы көптеген факторларға негізделген. Ұңғымадан
сұйықты көп мөлшерде өндіруде ұңғымалы ортадан тепкіш сорапты
қондырғылар компрессорлы өндірумен жəне басқа типті сораптармен
сұйықты көтеруде салыстырмалы түрде қызмет көрсетуде тиімді жəне
еңбек шығыны аз[9].
Үлкен берілісте қондырғыға кететін энергетикалық шығын
үлкен емес. Осы жұмыс істеу облысында оның ПƏК жеткілікті. Ұңғымалы
ортадан тепкіш сорапты қондырғыларға қызмет көрсету қарапайым, яғни
жер бетіне əрдайым қызмет көрсетуді талап етпейтін басқару станциясы
жəне трансформатор орналасады.
5.1-сурет. Мұнай өндіруге арналған электржетекті батырмалы
ортадан тепкіш сораптықондырғының ұңғыма сағасында орналасуының
жалпы көрінісі
91
Ұңғымалы ортадан тепкіш сорапты қондырғылардың жөндеу аралық
жұмыс істеу мерзімі орта есеппен 320 тəулікті құрайды.
Ұңғымалы ортадан тепкіш сорабы көп сатылы жəне 80÷400 дейін
сатыға ие болады. Сұйық сорапқа оның төменгі бөлігінде орналасқан тор
арқылы келіп түседі де, ұңғымадан СКҚ тізбегіне беріледі.
Батырылған
электр
қозғалтқышы – май
толтырылып,
саңылаусыздандырылған. Қозғалтқышқа қабат суының кірмеу үшін үшін
гидроқорғау түйіні орналасқан.
Қозғалтқыш білігі гидроқорғау білігімен жəне сол арқылы сорап
білігіне жалғасады. Біліктердің айналу жиіліктері 2500÷2950 мин
-1
. Электр
энергиясы жер бетінен қозғалтқышқа кабель арқылы беріледі. СКҚ
тізбегінің жанында көлденең қимасы дөңгелек, ал сорап маңында жалпақ
кабель қолданылады.
Автотрансформатор жəне трансформатор кəсіпшілік желіден алына-
тын кернеуді жоғарылату үшін қолданылады.
Басқару станциялар қондырғысын қолмен немесе автоматты түрде
іске қосып, ажыратуға жəне апаттық режимде тоқтатуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа станцияда ток күшін жəне кернеуді көрсететін аспаптар
болады.
СКҚ тізбегі кері жіберу клапанымен жабдықталған. Кері клапан СКҚ
тізбегіне орнатуға мүмкіндік беретін конус тəрізді арнайы муфта тəрізді
болады. Кері клапан сорап тоқтаған жағдайда СКҚ тізбегінде сұйықты
ұстап тұру үшін қажет. Жіберу клапаны егер тізбекте кері клапан болса,
ұңғымадан агрегатты көтеру алдында құбыр тізбегін сұйықтан босатуға
мүмкіндік береді.
Қондырғылар Ресей жəне ТМД елдерінің жетекші институттарында
қазіргі заманғы деңгейде жасалған. Қондырғылардың конструкциясы
əлемдiк деңгейдегі технология негiзінде жəне су астындағы жабдық үшiн
қорғаныстық жəне ғарыштық техникада қолданылатын материалдарды
пайдаланады.
Қондырғылар 2500 м-ге дейінгі тереңдіктегі қабат сұйығын тəулігіне
10м
3
-ден 1500м
3
дейін айдауға мүмкіндігі бар, негізінен ол мұнай
ұңғымаларындағы сұйықты айдауға арналған.
Электрортадан тепкіш сорапты қондырғылар (УЭЦН) келесі негізгі
жабдықтардан тұрады:
- су астындағы ортадан тепкiш сорап;
- газ сепараторы;
- гидроқорғаныстар;
- су астындағы электр қозғалтқышы;
- кабель желi;
- жер бетiндегi электр жабдық (басқаруды станция, трансформатор
т.б.);
92
- телеметрлiктiң жүйелерi;
- қажетті аспаптар;
- қосалқы бөлшектер.
Қондырғы екі түрде жасалынады:
Достарыңызбен бөлісу: |