Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар Мазмұны


Жеке тұлға қалыптастырудың құралы-мектеп



бет7/8
Дата19.05.2022
өлшемі103.92 Kb.
#457953
1   2   3   4   5   6   7   8
stud.kz-53396

Жеке тұлға қалыптастырудың құралы-мектеп
Оқу, білім алу, қоршаған ортаны тану тұлға қалыптастыру процесімен тығыз байланыста болады. Білімнің жиналуымен индивидтің көзқарасы кеңейеді. Сөйтіп білімнің артуымен жеке тұлғаның белсенділігі өседі.
Жеке тұлға қалыптастырудағы мектептің ролі ерекше. Оқу, білім және айналасындағы құрдастары жеке тұлға қалыптастырушы факторлардың бірі. Мектеппен бірге жеке тұлға қалыптасуындағы мұғалімдердің роліне тоқталайық.
Рухани-адамгершілік жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады. Негізгі көрсеткіштері: басқаларға жақсылық жасау, жақсылыққа ұмтылу, өзін-өзі дамытып жетілдіру. Бала мен мұғалім арасындағы қарым- қатынастағы рухани-адамгершілік байланысын орнатып, ынтымақтастыққа қол жеткізуге Ш.Аманошвилидің мұғалімдерге берген мына кеңесін ұсынамыз: «Педагогикалық үрдісте баламен тіл таба білу, яғни балаға өз ойын, талғамын, көңілдегесін айтуға рұқсат беру тәрбиешіден көп шеберлікті талап етеді. Осынау қарым- қатынаста бала жанының қозғалысы ұстаз жанының қозғалысымен ынтымақтастық тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады, ал мұғалім өзінің шығармашылық жігер қуатының жемісін көруге мүмкіндік алады. Яғни, бала шығармашылығы мұғалім шығармашылығымен ұласып кетеді. Мұғалім мен оқушы арасында рухани тұтастық пайда болады»,- деп рухани- адамгершілік тәрбиенің қай кезде орнығатынын атап көрсетеді.
Біздің мектебімізде- ұстаздар қауымының мақсаты: оқушылардың «субъект- субъект» аралық қатынасын дамыту, әрбір адамның құндылығын, даралығын, ерекшеліктерін, сезімін және өзіндік баға беруін қалыптастыру. Яғни, бала назарын өз өміріндегі елеулі өзгерістерге бұрып, оны саналы түсінуіне баулу жолында еңбек етуде. [20].
Оқыту белгілі бір шарттар арқылы тұлға қалыптастырады. Олар мыналар:
Бірінші, білім ғылыми тұрғыдан баяндалса әлемді оқушыларға дұрыс түсіндіре алса; Осы шарт орындалғанда ғана тұлғаны әлемге деген оң көзқарасы қалыптасады, өмір сүруге мол тәжірибе жинақтайды.
Екіншісі, баяндалып жатқан білім күрделі дидактикалық талқылаудан өтіп, әрбір оқушыға түсінікті халде жеткізілсе;
Үшіншіден, оқыту процессінде оқушылар алған білімі жүйеленіп, біртекті өмір мен әрекет концепциясын қалыптастырса;
Төртіншіден, оқыту барысында қатысушалардың тәжірибелік және кәсіби шеберлігі жүзеге асқанда. Әрбір қатысушы нені қалдайтындығын, мақсатын, өзіндік жоспарын білуі тиіс.
Бесіншіден, оқыту барысында оқушы еңбек етуді және істің мәнін түсінгенде.
Адам өмірдің сыртқы жағдайларының ықпалымен қалыптасады. Бірақ екі тұлға мүлде бірдей ықпалда тәрбиеленсе де, әрқайсысының өздегіне тән ерекшеліктері болады, себебі олардың тума табиғи сапалары әр түрлі. Осыдан адамның қалыптасуына әлеуметтік факторлармен қатар биологиялық негіздер де ықпал етеді. Бұл факторлар өзара байланысты, біріне – бірі әсер етіп отырады. Жеке адамның қоршаған ортадан алғандары мен индивидтік табиғатынан берілгендерінің арасында тығыз тәуелділік болады. Адам өмірінің сыртқы жағдайлары және өз қызметінің ықпалымен қалыптасуы ішкі жағдайлар, яғни оған табиғи тән және өмір барысында өрбіген қасиеттері мен сапалары арқылы іске асады.
Әрбір адам саналуан жағдайларда өзін әр түрлі ұстайтын болса да, оның жеке басының негізгі сапаларын біршама тұрақты, аз өзгереді. Сондықтан психикалық ерекшеліктерін біле отырып, адамның белгілі бір жағдайларда өзін қалай ұстайтындығын болжастыру мүмкін.
Сонымен қатар жеке адамның психикалық процестері, психикалық жай-күйі және қасиеттері өзара тығыз байланысты, біріне-бірі тәуелді болып келеді. Адамның психикалық процестерінің, жай-күйінің және қасиеттерінің өзара байланысы мен тәуелдігі оның барлық кісілік сапаларының бірлікті құрылымын жасайды.
Жеке адамдардың белсенділігінде, яғни олардың қоршаған ортаға ықпал жасау қабілетінде айырмашылық болады. Бұл белсенділіктің шығар көзі - біріншіден, адамның қанағаттандырылуы қажет мұқтаждықтары, екіншіден, көңіл аударуды керек ететін сыртқы дүние ықпалдары. Адамның мұқтаждықтары мен өзі тіршілік ететін жағдайлары үнемі өзара тәуелді келеді. Оның белсенділігі қоршаған ортаның тәрбиелік ықпалынан туындайды.
Адам қоғамда өмір сүретін болғандықтан оның белсенділігі қоғамдық сипатқа ие қызметтің әрқандай түрінде көрінеді. Адам белсенділігі жануарлар белсенділігінен сапа жағынан ерекшеленеді. Жануар да тіршілік қажеттіктерін табуға белсендікпен кіріседі. Бірақ оның белсенділігі туа біткен физиологиялық мұқтаждармен ғана байланысты және бұл мұқтаждары қоршаған табиғаттың нақты заттарына ғана бағытталады. Адамның белсенділігі тек физиологиялық мұқтаждықтарға ғана емес, сонымен қатар адам қоғамының тарихи дамуының нәтижесі болатын ерекше мұқтаждықтарға да (мәдениет, білім алу, қарым-қатынас, еңбек т.б.) байланысты.
Жеке адамның дамуымен қалыптасуында отбасы және мектепте жүзеге асатын оқу, тәрбие жұмыстарының маңызы ерекше. Ата-аналардың, мұғалімдердің міндеті - балалар белсенділігін ең алдымен қоғам пайдасына саналы еңбек етуде көрінетіндей етіп тәрбиелеу.
Әрбір жас кезең жеке адамның дамуына белгілі өзіндік ерекшеліктермен әсер етеді. Баланың жеке даралық дамуы мен қалыптасуы туралы психодинамикалық бағытта (психоанализ және кескін теориялары), социодинамикалық бағытта (рольдік теориялар және әлеуметтік үйрену теориялары), интеракционистік бағытта (өзарабайланыстық әлеуметтік теориялары), гуманистік бағытта (өмірлік мәнін іздесі теориясы және өзіндік актуализация теориясы) орын алды.
Психоаналитикалық теория бойынша даму жеке адамның ішкі психологиялық құрылымының калыптасуына әкеледі деді.
Социодинамикалық теория бойынша сыртқы құлықтың жетілуі және калыптасу.
Интеракционистік теория жеке адамның даму процесіндегі ішкі және сыртқы жекелік құрылымдары бірігіп қалыптасады деді.
Ал гуманистік теория бойынша жеке адам дамуының шығармашылық потенциалының және ішкі еркіндігінің негізінде көреді.
Баланың жеке даралық дамуын ашып көрсететін теориялады жеке-жеке қарастырайық. Психоанализде баланың жеке даралығының қалыптасуын баланың өмірлік биологиялық қажеттіліктерімен, оны қанағаттандыру жолындағы конфликттермен және әлеуметтік кұндылықтарымен немесе қажеттіліктерді қанағаттандыру жолындағы сәтсіздіктермен байланыстырады. Психоаналитикалық теория бойынша баланың жеке дара дамуы үш деңгейден тұрады, яғни олар «Ол» (оно), «Мен», «Жоғары-Мен». Онтогенетикалык тұрғыда бірінші «Ол» пайда болады, яғни бала туылғаннан бастап кейінен «Мен» - яғни сыртқы орта адамдарымен қарым-қатынас жасау барысында қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады. Бірнеше жылдан кейін «Жоғары-Мен» яғни ішкі әлеуметтік құндылықтар мен нормалар негізінде калыптасады.
Жаңа туған сәбидің жекелігі, психоаналитикалық теориясы бойынша, бір ғана «Ол» компонентінен тұрады. Бұл компонент туа пайда болады, оған - инстинкт жатады. Либидо - энергияның қайнар көзі, егер либидо энергиясының шығуы жабылса, бала қиыншылық көреді. Психологиялық либидо қажеттілік түрінде кездеседі. Осы қажеттіліктері қанағаттандырылса сәби сезімдерді бастан кешіреді. Ал, бұл жердегі қажеттілікке, яғни «Ол» компонетінің негізіне Фрейд бойынша тамақ, су, жылу және т.б. органикалық қажеттіліктерді жатқызады. 3. Фрейдтің түсінігінше «Мен», «Ол» компонетінен туындайды, уақыт өте келе ол либиозды энергиямен толықтырылады. «Мен» компоненті индивидтің өзін-өзі танумен байланысты.
Бала бір жасынан бастап-ақ құлықтың ережелеріне тап болады, не жақсы не жаманын, мадақтау немесе жазалау жүйесін түсіне бастайды. Кейіннен келе өзіндік пікірлері пайда болады, сонымен қатар кұндылықтар жүйесі түзіледі. Міне осылар «Жоғары-Мен» компонентіне кіреді.
Жеке адамның кескін теориясы: негізінен ерте, мектепке дейінгі балалардың қалыптасуын қарастырады. Бұл кезеңде баланың жеке даралығының қалыптасуы мен дамуы өте тез болады, яғни баланың жеке даралық базалық кескіндері: экстроверт, интроверт, невротикалық, қауіпшіл және т.б. қалыптасады. Бұл теория бойынша жекелік кескіндер сәбилік кезеңнен бастап мектеп бітіргенге дейінгі аралықта қалыптасады.
Социдинамикалық бағыт бойынша жеке адамның дамуын рольдік, әлеуметтік құлық формаларының қалыптасу процессі деп түсіндірді. Яғни, еліктеу, үйренуге қабілетті пайда болғаннан бастап баланың жеке даралық дамуы қалыптаса бастайды. Бұл бағыттағы рольдік теория баланың жеке даралық дамуында басты орын алады. Әрбір жаңа роль баланың жеке даралық дамуына ықпал жасайды, неғұрлым әртүрлі әлеуметтік рольдерді бала ойнаса, соғұрлым баланың жеке даралық дамуы қарқынды болады. Интеракционистік теория бойынша жеке адамның дамуы екі факторларға байланысты: тұқым-қуалаушылық және сыртқы орта. Мысалы, жеке адамның интроперсоналдык қасиеттері: шыншылдық, жауапкершілік, адамгершілік және т.б. жеке даралық қарым-қатынас жүйесінде дамиды.
Жеке адамның дамуы қарым-қатынас процестің негізінде болады, сондықтан баланың жеке даралық дамуында қарым-қатынас басты роль атқарады. Қарым-қатынастың ең бірінші формасы сәбилік кезенде-ақ пайда болады. Бұл қарым-қатынасқа эмоционалды - тікелей қарым-қатынасы жатады, яғни органикалық қажеттіліктрді қанағаттандыру процесіне жатқызамыз. Кейін, балалық шақта танымдық қарым-қатынас пайда болады. Үш жастан соң бұған ойындық қарым-қатынас қосылады, мектепке барғаннан кейін - оқулық, жасөспірімдік жасқа жеткен соң және мектеп бітіргенге - іскерлік және интимдік қарым-қатынас формалары болады. Осы карым-катынас түрлері: эмоционалды тікелей, танымдық, ойындық, оқулық, іскерлік және интимдік баланың жеке даралық дамуында, яғни туылғаннан әлеуметтік-психологиялық жетілуіне дейін басты роль атқарады. Бұл қарым-қатынас түрлері әр жас кезеңінде бір-бірімен ауыспайды, олар бір-бірін толықтырып отырады, яғни жасқа байланысты қарым-қатынас түрлері қосылып, көбейе береді.
Жеке адамның дамуында бір этаптан келесі этапқа өту көбіне екі жағдайға байланысты дамудағы кризистердің көрінуіне және қарым-қатынас түрлері бір-бірін толықтырып, ауысуына байланысты. Бұл кезеңде баланың өзіне деген көзқарасы және сыртқы ортамен қарым-қатынасы, өзінің міндеттері өзгереді.
Жеке адамның дамуына қарым-қатынас әсер ететінін айтып өткенбіз, енді сонымен қатар кіші топ арқылы да жеке адамның дамуына әсер етеді. Яғни оған - отбасы мүшелері, сыныптағы жолдастары, контактіге түсетін басқа да адамдар жатады. Осы топ ішіндегі қарым-қатынас баланың жеке даралық дамуына ыкпал етеді. Егер осы топ ішіндегі өзара қарым-қатынас жағдайы жақсы болса, яғни ашықтық, демеушілік, сенімділік және т.б. негізінде болса жеке адамның дамуы карқынды өтеді, ал егер қарым-қатынас қиын жағдайда өтсе, адамның жеке адам болып дамуы мен қалыптасуында қиыншылықтар пайда болады.
Қарым – қатынас «топ», «ұжым» деген ұғымдармен тікелей байланысып жатады. Адам баласы жалғыз жүріп, көздегенмақста – мұратына жете алмайды, сондықтан ол ылғи да басқалармен бірлесіп тіршілік етуі тиіс дедік. Мұндайда адам ылғи да топпен бірге өмір сүретіні белгілі. Ал, топтың топтың түрлері сан алуан. Мәселен, мұның бірі – нақты (реалды)топтар. Бұл- ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте, белгілі уақыт ішінде, бір-бірімен қоян-қолтық араласып, іс-әрекетке түсетіндер. Топтар үлкен (макро), шағын(микро), ресми, бейресми, формалы, формасыз, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, жасанды, табиғи, референттік болып бірнешеге бөлінеді. Біршама тұрақты, құрамы жағынан саны онша көп емес, бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасап отыратын ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі «шағын топ» деп аталады. Осындай топтың барлық мүшесінің күш-жігері бір мақсатқа ( оқу, еңбек, т.б) бағытталады. Мұндағылар бірін-бірі жақсы біледі, топ алдында тұрған ортақ міндетті орындау кезінде өзара қоян-қолтық қатынаста болады. Шағын топ мүшелерінің саны екі-үш адамнан құралып, әсіресе 30-40 адамнан аспауы тиіс.
Отбасы, өндірістік бригада, ұшақпен ғарыш кораблінің экипажы, поляр станциясында қыстаушылар, мектептегі сынып сияқты бірлестіктер шағын топ деп аталады. Мәселен, кейбір оқушы мектепте жүргізілетін әртүрлі іс-шаралармен бәріне де қатысады. Ол футбол командасының, не пән үйірмесінің мүшесі, не жетекшісі т.б. Бірақ солардың біреуіне ерекше ден қояды. Шағын топтағылардың өзара қарым-қатынасына шек қойылмайды. Әркім топтағы кез-келген адаммен өз қалауынша, нақты қажетіне қарай қатынасқа түседі, оның бір мүшесі екіншісін жақын тұтады, бір-бірімен жиі араласып жүреді, байланыстары тұрақты сипат алады. Осындай шағын топтар формалы (ресми), формасыз (бейресми) болып бөлініске түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет