«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)



Pdf көрінісі
бет167/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

Материалдар мен ресурстар: 
Бейнематериалдар, жадынама, ситуациялық оқиғалар ұсынылған карточкалар. 
Сабақтың құрылымы 
1. Кіріспе 
2. Негізгі бөлім 
Тарату – мәліметтерді бір немесе бірнеше адамға ауызша, жазбаша немесе өзге 
де нысанда кез келген тәсілмен хабарлау, жария ету. Атап айтқанда, ақпараттық-
телекоммуникациялық желілерді, оның ішінде интернет желісін пайдалана отырып
материалдарды беру немесе ақпаратты орналастыру. 
Жалған ақпарат (false information) – объектінің сипаттамалары мен белгілері 
дұрыс емес әрі қате бейнеленген ақпарат немесе нақтылық жоқ объекті туралы 
ақпарат. 
Жалған ақпарат тарату үшін түрлі байланыс құралдары, баспасөз, 
радиохабарлар, теледидар және т.б. қолданылады. Жалған ақпарат тарату ашық қыр 
көрсету, ұқсаттыру (елестету), жасыру әрекеттерімен кешенді жүргізіледі. 
Қазақстанда жалған ақпарат таратқандарға 20 АЕК сомасындағы айыппұл
төлеуден бастап, 7 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген. 
Қылмыстық кодекстің бірнеше баптарына сәйкес жалған ақпарат таратушылар 
жазаланады: 
174-бап. Әлеуметтік, ұлттық, тайпалық, нәсілдік, рулық немесе діни 
келіспеушіліктерді қоздыру.
Қоғамдық немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация 
желілерін пайдалана отырып, әлеуметтік, ұлттық, тайпалық, нәсілдік, таптық немесе 
діни араздықты тұтату кезінде: екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас 
бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза 
қолданылады. 
273-бап. Терроризм актісі туралы қасақана жалған хабар тарату үшін 5000 АЕК 
мөлшерінде айыппұл; немесе түзеу жұмыстарына, немесе бес жылға дейінгі мерзімде 
бас бостандығын айыру түріндегі жаза қолданылады. 
274-бап. Қасақана жалған ақпаратты тарату. Қоғамдық тәртіпті бұзуға
азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның 
немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге қауіп 
төндіретін қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін. 
Топтық жұмыс. 
Оқушылар жағдайларды сипаттайтын карталарды алады және оларға заңнама 
тұрғысынан түсініктеме береді. 


221 
Әлеуметтік желілерде және мессенджерде ақпарат лезде және дәстүрлі БАҚ 
тарапынан бақылаусыз таратылады.
Пайдаланушылар жаңалықтармен және жазбалармен олардың дұрыстығын 
тексермей жиі бөліседі.
Бұл фейктердің таралуы үшін қолайлы жағдай жасайды, әсіресе олар күшті 
эмоционалды реакцияларды тудырса. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет