222
№ 8 САБАҚ. «
ОНЛАЙН ОЙЫНДАРДЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ ЖӘНЕ
ИНТЕРНЕТКЕ ТӘУЕЛДІЛІК»
Сабақтың мақсаты: онлайн ойындардың қауіптілігі мен
интернетке тәуелділіктің
салдарын түсіндіру.
Негізгі міндеттері:
1. Оқушыларды онлайн ойындардың қауіптілігі жайлы ақпараттандыру.
2. Интернетке тәуелділіктің салдарын талдау.
Материалдар мен ресурстар:
Онлайн ойындардың қауіптілігі туралы ақпарат пен бейнематериалдар, оқушыларға
интернеттен тәуелсіз болу туралы кеңестер.
Сабақтың барысы
1. Кіріспе
Педагог компьютердің алдында ұзақ
отырудың және шектен шыққан
ойынпаздықтың салдары туралы баяндайды.
В.М. Бехтерев атындағы Психоневрологиялық институт ғалымдары
компьютерге әуестіктің белгілерін анықтады:
- компьютер алдында бір ойынды ойнап бірнеше сағат отыру;
-
ата-аналарымен кикілжіңге бару;
- үйге кешігіп келу;
- сабақ үлгерімі нашарлау;
- сабаққа жиі бармай қалу;
- баланың бұрынғы достарымен қарым-қатынасы азаяды;
- өзі сияқты компьютерге үйірсектермен ғана араласады;
- күнделікті
ақшаға сұранысы көбейеді;
- берген уәдесін орындамайды;
- ашуланшақ, мазасыздану мінездері пайда болады;
-
ұйқысы бұзылып, зейіні мен есте сақтау қабілеті нашарлайды;
көз жанары
төмендейді, басы ауырады, омыртқасы бұзылуы басталады.
Осы белгілердің бесеуі бала бойында анықталса, «компьютер
ойынына
тәуелділік ықтимал» деген анықтама қойылады.
Дене белсенділігінің аздығы,
компьютер клубтарында жарық, белгілі
температура, санитарлық режим нормаларының
сақталмауы жасөспірімдердің
организмінің дамуына кері әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: