«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)


№ 10 САБАҚ. «СІЗГЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҒЫМСЫЗ СӨЗДЕРГЕ



Pdf көрінісі
бет174/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

№ 10 САБАҚ. «СІЗГЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҒЫМСЫЗ СӨЗДЕРГЕ
ЖАУАП БЕРУДІҢ ТИІМДІ СТРАТЕГИЯЛАРЫ» 
 
Сабақтың мақсаты: оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттырып, эмоциясын 
бақылай білуге үйрету. 
Негізгі міндеттері: 
1. Оқушылардың өзіне деген сенімділігін артыру. 
2. Кез келген жағдайды сабырлы, мәдениетті түрде шешуге үйрету.
Сабақтың барысы 
1. Кіріспе 
Есте ұстаңыз, кез келген адамды басқару үшін алдымен оның эмоциясын 
басқаруды үйрен дейді психологтер. Олай болса сізді басқалар басқарып жүр. Сіздегі 
көңіл күйді неге өзгелер басқаруы керек? Ол сізге тиесілі ғой. Ендеше, өзіңізді өзіңіз 
басқарғыңыз келсе, эмоцияларыңызды бағындырып үйреніңіз. «Ит үреді, керуен 
көшеді», өмірде өзгенің жағымсыз сөзі мен ұнамсыз жайттар ешқашан таусылмайды, 
тек олардың кейбіріне көңіл аудармай өтіп кеткен жөн, елемей естімеуге тырысқан 
дұрыс-ақ, сонымен қатар барлық жайтты сабырмен және заң аясында шешуге 
болады. 
2. Негізгі бөлім (6 минутқа дейін) 
«Жақсы сөз – жарым ырыс», «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле», «Сөз сүйектен 
өтеді» деген өнегелі нақылдарын қалдырған ата-бабамыз сөздің құдіретін жете 
сезінген дана болған. Сөз арқылы адамның көңілін көтеруге де, мұңайтуға да, 
күлдіруге де, жылатуға да болады. Сондықтан да, жақсы байқап сөйлер, жаман 
шайқап сөйлер деген сөз бекерге айтылмаса керекті. 
Жақсы сөз жанды жадыратады. Позитивті мағынада айтылған әр сөз жағымды 
әсер қалдырады. Жалпы алғанда, айтылған сөздердің позитивті және негативті 
әсерлері бар екені бағзы заманнан бері белгілі. Медицина ғылымы жақсы дамымаған 
заманда халық дауаны дұғалар мен жақсы тілек сөздерден тапқан. Ал әдепсіз және 
балағат сөздерді айтудың өзін қарғыс деп есептеген. Тіпті, сол заманда адамдардың 
ойында балағат сөздерді айтудың дұрыс еместігі туралы болжамдар болса, бүгінде ол 
сөздердің зияндығы ғылыми түрде дәлелденіп отыр. Сол себепті, не ойлап 
жүргеніңізге, қандай кітаптар оқып, қандай ақпараттар қабылдап жатқаныңызға, 
айналаңызға қандай сөздер айтып, қандай сөздер естіп жүргеніңізге аса мән беріңіз. 
Өміріңізді жақсарту да, құлдырату да өз қолыңызда! 
Дөрекілікке тиімді жауап берудің стратегияларымен бөлісу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет