«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)


Мақсат қою. Тақырыптың анықтамасы



Pdf көрінісі
бет43/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

Мақсат қою. Тақырыптың анықтамасы 
- Сәлеметсіздер ме, балалар! 
- Сіздер ойнағанды ұнатасыздар ма? (балалардың жауабы) 
- Елестетіп көріңіздерші, ересектер үй шаруасымен айналысады, 
ал сіз ойнағыңыз келеді. Сіз не істейсіз? (балалардың жауабы) 
- Ойнаңыз, бірақ тым шектен шықпаңыз! Үй сенімді болғанымен, мынаны 
ұмытпау керек. 
Алға жайып тұз-дәмiн, 
Келтiредi үй сәнiн. 
Тоңазытқыш, пеш, су құбырын көре ме, 
Бұл жасырған қай бөлме? (Ас үй) 
- Азық-түлік үйдің қай бөлмесінде тұрады? 
3. 
Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау 
Ас үй балалар үшін өте қауіпті орын. 
Ас үй ойын ойнайтын орын емес. Ол жерде біз тамақ дайындаймыз. Сіз 
кездейсоқ ыстық заттарға қол тигізіп, күйіп қалуыңыз мүмкін. Өзіңізге ыстық 
сорпа, не шай төгіп алуыңыз мүмкін. Ас үйде жүгіруге болмайды. Жүгіріп жүріп 
пердеге тиіп кетсеңіз, ал ол жанып тұрған отқа тиіп, ас үйден өрт шығуы мүмкін. 
Сонымен ас үйде балалар қандай қауіп қатерге ұшырауы мүмкін? 
1. Пештегі қазандар. 
2. Үйдегі химиялық заттар балаларға қауіп төндіреді. 
3. Ас құралдары: пышақтар, қайшылар және басқа да кесетін заттар. 
4. Электр аспаптары, әсіресе араластырғыштар, кофе тартқыштар, ет 
тартқыштар. 
4. 
Тақырыпқа кіріспе. Әңгіме 
Егер қатты қыздырылған табаға май құйсаңыз, оның жанып кетуі мүмкін 
екенін білдіңіздер бе? Бұл өртке әкеледі. 
Сіз тамақтың дайын болғанын тексергіңіз келсе, сізге не болуы мүмкін 
екенін білесіз бе? Мысалы, пештегі торт, қазандағы ыстық сорпа немесе қайнап 
тұрған шәйнек. 
- Сіз балалар үшін қауіпті және ешбір жағдайда оларға қол тигізбейтін
тағамдарды білесіз бе? 
Ас үйдегі шкафтарда сақталатын ыдыс-аяқ, өткір заттың барлығы балаға 
қауіп төндіреді. Ең қауіптісі сірке қышқылы немесе оны «уксус» деп атайды. Бірақ 
басқа да тұздықтар, сироптар мен пасталардың дәмін татып қарауға болмайды. 
Тіпті ең қарапайым және біз білетін тағамдар да қауіпті болуы мүмкін, себебі 
оларды қалай дұрыс тұтыну керектігін білмесеңіз және оларды бір-бірімен 
біріктіруге болатынын не болмайтынын білмесеңіз, үлкен қиындыққа әкелуі 
мүмкін. 


Тәжірибе 
Көптеген адамдар «Ментос» жалбыз қосылған тәтті мен «Кока-Коланы» 
жақсы көреді. 
- Ментосты Кока-Колла бөтелкесіне салынса не болады деп ойлайсыз? 
- Егер бұл кәмпиттерді «Кока-Коламен» бірге жесе, не болатынын көрейік. 
- Ал біз мұны тәжірибе арқылы білеміз. Қараңызшы, Мен «Кока-Кола» 
бөтелкесін алып, оны ашып, «Ментос» тәттісін салдым. 
- Ой, не болды? 
- Иә, кейбір өнімдермен «Кока-Коламен» үйлеспейді және кішкентай 
жарылыс сияқты химиялық реакцияға түседі. Осы жарылыс сіздің асқазаныңызда 
болуы мүмкін деп елестетіп көріңіз! 
- Иә, «Кока-Кола» біздің ағзамызға зиян тигізуі мүмкін. 
-Сіз бен біз «Ментос» кәмпиттерімен «Кока-Кола» ішсек, асқазанымызда 
не болатынын көрдік. Бұл кәмпиттің пайдасы жоқ екенін де байқадыңыз. Егер сіз 
«Кока-Коламен» пайдалы өнімді қолдансаңыз не болатынын көрейік. Пайдалы 
өнім ретінде біз сүтті аламыз. 
Сұрақ: сіз қалай ойлайсыз сүт пайдалы өнім бе? 
Қараңызшы, не болып жатыр? (Балалардың жауабы). 
Стаканда бұлтты, қалың тұнба пайда болды, қабыршақтар пайда болды. 
Сұрақ: Неге бұлай болғанын білесіз бе? (Балалардың жауабы). 
«Кока-Кола» сүтпен араласқанда реакцияға түсіп, ашып кетеді және мұндай 
жағымсыз тұнба пайда болады. Мұндай сүтті ішуге болмайды. 
Сұрақ: Біреулеріңіз мұны не үшін жасадық деп ойладыңыздар ма? 
(Балалардың жауабы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет