№ 1 САБАҚ. «ТӨТЕНШЕ ҚЫЗМЕТ НӨМІРЛЕРІ»
Сабақтың мақсаты: қауіпсіздік ережелерін түсіндіру,
шұғыл көмек
қызметтерін және олармен хабарласу жағдайын білу.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Жағымды мотивациялық көзқарасты қалыптастыру (1-2 мин).
2. Мақсат қою. Тақырыптың анықтамасы. Оқушылар бейнебаянды мұқият
тыңдайды және әңгімелейді.
Бүгінгі сабақта қауіпсіздік ережелерін және төтенше қызметтердің телефон
нөмірлерін білетін боламыз.
Қауіпті іс-әрекеттерді атауымен сәйкестендір және не үшін екенін өз
ойыңмен бөліс.
Отпен ойнауға болмайды!
Бейтанысқа есікті ашуға болмайды!
Сумен ойнама!
Телефонмен сөйлескенде алдымен айналаңа назар аудар!
Үшкір заттармен ойнама!
Дәрі-дәрмекті ұстама!
Тоқты ұстама!
Ашық тұрған терезеге жақындама!
3. Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау
Қауіпті жағдайға тап болмас үшін абайлап, тапқыр болу керек. Егер бұл орын
алса, тез және батыл түрде дұрыс жолды тауып, әрекет етіңіз. Бұл қауіпті жағдайдан
шығудың бір жолы – көмекке жүгіну. Қауіпті жағдайға тап болған адамдарға көмек
көрсету үшін қауіпсіздік жүйесі
жұмыс істейді, оның құрамына арнайы шұғыл
қызметтер: өрт сөндіру қызметі, полиция, жедел жәрдем, апаттық газ қызметі кіреді.
Қауіпсіздік жүйесінің телефон нөмірлерін жатқа білу керек.
Көмек шақыру түскен кезде әрбір қоғамдық
қауіпсіздік қызметінің өз
міндеттері бар.
• ӨРТ ҚЫЗМЕТІ. Оның негізгі міндеттері: өрттің алдын алуды ұйымдастыру,
өрт кезінде адамдар мен мүлікті құтқару,
өртті сөндіру, авариялық-құтқару
жұмыстарын жүргізу.
• ПОЛИЦИЯ (құқық қорғау жүйесі). Оның негізгі міндеттері: қала
көшелері мен қоғамдық орындардағы тәртіпті
қамтамасыз ету, қылмыстардың
алдын алу және жедел ашу, құқықбұзушылыққа кінәлі
тұлғаларды ұстап, бөлімге
жеткізу.
• ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ (денсаулық сақтау жүйесі). Оның негізгі мақсаттары:
науқас немесе жарақат алған адамдарға медициналық көмек көрсету және оларды
мүмкіндігінше жақын жердегі медициналық мекемеге жеткізу.
• ГАЗ. тұрғын үйлердегі газдың қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды,
тұрақты түрде әртүрлі тексерулерді жүргізуді және газ жабдықтарының ақауларын
жоюды міндеттейді.
• Төтенше жағдай кезінде жедел көмек көрсету үшін
арнайы қызмет
ұйымдастырылады. Кезекшілік-диспетчерлік қызметі, оның құрамына: өрттен
қорғау, полиция, жедел жәрдем, апаттық газ қызметі, төтенше жағдайларды жою
қызметі кіреді.
БІРЫҢҒАЙ төтенше жағдайға қоңырау шалу нөмірі – «112». «112»
қызметінің негізгі міндеті: оператордың оқиға
туралы хабарламасын алу, бұл
ақпаратты әрекет ету үшін тиісті төтенше жағдайлар қызметтеріне беру, қауіп
төнген адамдарға консультация және психологиялық көмек көрсету және тиімді
қамтамасыз ету. Барлық авариялық-құтқару
қызметінің жедел әрекет ету
қызметінің өзара әрекеті.
«Есте сақта!»
Өрт күзеті
Достарыңызбен бөлісу: