№ 5 САБАҚ. «БЕЙТАНЫС АДАМДАРДЫҢ ҚУЛЫҒЫ»
Сабақтың мақсаты: балаларды түрлі жағдайларда бейтаныс адамдармен
өзін дұрыс ұстауға үйрету.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин).
Мақсат қою. Тақырыпты анықтау.
-Суреттерді қарап шығып, сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтайық.
Сабақтың мақсаты: бейтаныс адамдармен
қарым-қатынас жасамау
дағдыларын қалыптастыру.
Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау
- Сен көшеде бейтаныс адамдармен сөйлескен жағдайлар болды ма? Бұл
жағдай қалай болды?
- Неге ата-аналар мен педагогтер балаларға көшедегі бейтаныс адамдармен
сөйлесуге, қарым-қатынас жасауға тыйым салады?
Негізгі бөлім. Оқу мақсатын орындау шешімдері (6 минут).
Топтық жұмыс. Әр топ түрлі жағдаяттар жазылған карточкаларды алып,
сахналап көрсетеді. Дайындыққа 2 минут беріледі.
1-
топ. Бейтаныс адам өзін
баланың анасының танысымын деп,
баланы
өзімен бірге баруға көндіргісі келеді. Мысалы, «Менімен бірге дүкенге барасың
ба, мен саған кәмпит сатып әперемін», «Менің үйімде
тотықұс бар,
сенімен
достасқысы келеді».
2-
топ. Сымбатты жас жігіт баланы өзінің
жаңа машинасына отыруға
шақырады: «Отыр! Үйдің жанында машинамен жүреміз. Рульге отырғың келе ме?
Біз шамалы серуендейміз. Тіпті анаң да білмей қалады».
Жауап беру үлгісі:
«Рақмет, мен асығыспын!», «Кешіріңіз, мені анам күтіп отыр», «Бізде де
дәл
осындай машина бар», «Мен сізбен сөйлескім келмейді!».
Достарыңызбен бөлісу: