«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)


«ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САБАҚТАР



Pdf көрінісі
бет177/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

«ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САБАҚТАР 
11-СЫНЫП
 


234 
№ 1 САБАҚ. «ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ НӨМІРЛЕРІ»
 
Сабақтың мақсаты: жоғары сынып оқушыларына қажет болған жағдайда 
жедел жәрдем нөмірлерін есте сақтауға және дұрыс пайдалануға үйрету. 
Негізгі міндеттері: 
1) шұғыл жағдайдағы әрекетке қажетті телефон нөмірлерімен таныстыру; 
2) қандай жағдайларда жедел жәрдем шақыру керектігін түсіндіру; 
3) балаларды төтенше жағдай операторына ақпаратты дұрыс және анық 
жеткізуге үйрету. 
Сабақтың барысы 
1. Кіріспе (2 мин) 
Шұғыл жағдайдағы әрекетке қажетті телефон нөмірлерімен кеңінен 
таныстыру. 
- Қажетті нөмірді тер. 
- Анық және байсалды сөйле. 
-Аты-жөніңді, қайдасың, не болғанын айт. 
«Есте сақта!»
 
Өрт күзеті 
101 
Полиция 
102 
Жедел жәрдем 
103 
Төтенше газ қызметі 
104,112 
Бірыңғай құтқару қызметі 
112 
«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен 
ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық 
зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, 
баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне 
және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған. 
 
- «111» нөмірі – 24/7 байланыста 
- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды 
- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел 
топтарымен байланыста. 
111 
2. Негізгі бөлім (6 мин) 
Рольдік ойын: 
✓ Балаларды жұпқа бөліңіз. Бір оқушы қоңырау шалушы ролін ойнайды, 
екіншісі – төтенше жағдай операторы; 
✓ Әртүрлі жағдайлары бар (өрт, адам құлап қалды, көшеде біреу айғайлап жүр 
және т.б.) карточкаларды таратыңыз. 
✓ Жедел қызмет нөмірлерін жаттау: бала қалаған нөмірді теріп, операторға 
ақпарат беруі керек. 
Жедел нөмірлерді қайталаңыз. 
Сандарды есте сақтау үшін балалар 3-4 оқушыдан бірігіп сценарий құрастырып
орындап көрсін. 
3. Қорытынды (2 мин): қорытындылау, балаларға жедел телефондар 
жазылған карталарды немесе стикерлерді тарату. 


235 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет