«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)


Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау



Pdf көрінісі
бет39/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау 
- Көшеде сізді қандай қауіптер күтіп тұр? 
4. 
Тақырыпқа кіріспе
Жеке қауіпсіздіктің ережелерін бір қысқа сөзге дейін қысқартуға болады – 
«БОЛМАЙДЫ»: 
- Мектептен шыққан соң көшеде көп жүруге БОЛМАЙДЫ. 
- Қараңғы түскенде сыртта ойнауға БОЛМАЙДЫ. 
- Бейтаныс адамды үйге кіргізуге БОЛМАЙДЫ. 
- Бейтаныс адамдармен ешқайда баруға БОЛМАЙДЫ. 
- Бейтаныс адаммен бірге көлікке отыруға БОЛМАЙДЫ. 
Көбінесе бейтаныс адам көшеде жалғыз жүрген баланы көріп, жақындап
олармен бірге адамдар көп емес жерге баруды ұсынып айтады. Таныс емес адамның 
сізді ұстап алатындай жақындауына жол бермеу керек. Көптеген балалар мұндай 
жағдайда адасады және бейтаныс ересек адаммен өзін қалай ұстау керектігін 
білмейді, одан бас тартуға ұялады, өзіне жақындауына мүмкіндік береді. Мұндай 
жағдайды бақылаудан шығаруға болмайды. Ол үшін бірнеше «қадамдардан» 
тұратын қарапайым және сенімді әрекет стратегиясын ұстанған жөн. 
1- 
қадам. Жағдайды бағалау. 
2- 
қадам. Қашықтықты сақтаңыз!
3- 
қадам. «Құпия сөз» сұраңыз. 
4- 
қадам. Бейтаныс адаммен сөйлесу 5-10 секундтан аспауы керек, содан кейін 
әңгімені тоқтату керек. 
5- 
қадам. Қауіпсіз жерге барыңыз. 
Маңызды сәттердің бірі, ата-ана мен бала, бейтаныс адаммен қаупін 
болдырмау үшін ойлап тапқан құпия сөз. Егер көшеде бір адам балаға келіп, оны 
анасы жібергенін айтса, сіз құпия сөзін атауды сұрауыңыз керек. Егер бейтаныс 
адам оны айта алмаса, дереу кету керек. Ересек адам, үлкен кісіден көмек сұрауы 
керек. Оның баладан көмек сұрауы түсініксіз және күдікті болып көрінуі керек. 
5. 
Білімді бастапқы игеру және түсінуді тексеру. Жағдаяттар. «Ұрлаушылар 
мен тапқыр балалар» ойыны. Жағдаяттарды талқылау. 
Педагог: Осындай жағдайды елестетіп көріңіз:
Бала көшеде серуендейді. Оған бейтаныс адам келеді. 
- Балақай, маған телефоныңды бере тұршы. Досыма қоңырау шалу керек едім. 
Бала: «Менің телефоным жоқ» немесе «Қазір алып беремін» деп жауап 
беруі мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет