№ 2 САБАҚ. «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТУЫНДАҒАН КЕЗДЕ ЖЕДЕЛ
ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛУ СКРИПТЕРІ»
Сабақтың мақсаты: оқушыларды қауіпсіздік жүйесіне
кіретін қызметтерді
шақыру кезінде ақпараттың мазмұнымен таныстыру және туындаған қауіпті жағдай
туралы қауіпсіздік қызметіне телефон арқылы дұрыс хабарлауға үйрету.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Жағымды мотивациялық көзқарасты қалыптастыру (1-2 мин).
2.
Мақсат қою. Тақырыптың анықтамасы
Педагог: Телефонмен сөйлескен кезде бір маңызды ереже бар, оны
өздерің
болжап көріңдер.
Нақты ережені анықтау үшін «Бүлінген телефон» ойыны өткізіледі. Педагог
оқушыларды қатарға тұрғызып, бір сөзді бір-біріне сыбырлап жеткізуді, содан кейін
бірінші және соңғы сөздерді салыстыруды ұсынады.
Педагог:
- «Бұзылған телефон» ойыны арқылы бізге
қандай маңызды ережені білу
керек?
- Телефонмен сөйлесуде сөзді дұрыс түсіну үшін анық сөйлеу керек.
- Бүгін сабақта біз шұғыл қызметтерді шақыруды және негізгі ережелерімен
танысамыз.
3.
Білімді өзектендіру
«Есте сақта!»
Өрт күзеті
101
Полиция
102
Жедел жәрдем
103
Төтенше газ қызметі
104,112
Бірыңғай құтқару қызметі
112
«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар
мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы,
тұрмыстық зорлық-зомбылық, бала құқықтарының
бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз
қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп
төнгенде хабарласу үшін ашылған.
- «111» нөмірі – 24/7 байланыста
- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды
- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің
жедел топтарымен байланыста.
Достарыңызбен бөлісу: