«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)



Pdf көрінісі
бет54/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

5. 
 Қорытынды 
- Қауіпті жағдайда бізге қандай қалалық және аудандық қызметтер 
көмектесуге дайын? 
- Телефон арқылы қажетті көмек туралы қалай дұрыс хабарлауға болады. 
Рефлексия. «Қажет, қажет емес, қызықты» (ауызша немесе жазбаша түрде 
болуы мүмкін). «Қажет» бағанына сабақ туралы ұнаған пікірін, жағымды эмоциялар 
тудырған ақпарат.
Қажет 
Қажет емес 
Қызықты 
Пайдалы сілтеме: 
https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS- 
IEuEG9KjOrJzvPM&index=5
 


№ 3 САБАҚ. «ДОСЫҢЫЗДЫ РЕНЖІТСЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?»
 
 
Сабақтың мақсаты: оқушылардың арасындағы қарым-қатынас туралы 
білімдерін пысықтау, ұжымда достық және сенімді қарым-қатынас орнату, реніш 
пен жанжалды болдырмау, ынтымақтастық және бірлесіп әрекет ету дағдыларын 
дамытуға жағдай жасау. 
Сабақ барысы 
1. Ұйымдастыру кезеңі 
Жағымды мотивациялық көзқарасты қалыптастыру (1-2 мин). 
Бір-бірімізге шуақты, достық көңіл күй сыйлайық. Мен допты көршіңе 
кезекпен беруді және жағымды сөздер айтуды ұсынамын. Алғы шарт – күлімсіреу 
және сүйсініп сөйлеу. Мен бастайын: «Мадина, сенің жымиғаның әдемі!» (балалар 
жалғастырады.) Тамаша! Барлығының көңіл күйі сәл болса да көтерілді деп 
ойлаймын. Өйткені, олар саған күліп, қуанса, сен де күлесің. 
2. 
 Мақсат қою. Тақырыптың анықтамасы 
Бір-біріңе қараңдар. Біз бәріміз әртүрліміз, бірақ бәріміз бірдей нәрсені 
қалаймыз. Әр адам қалайды... (Балалар сөз тіркесін жалғастырып, нұсқаларын 
тақтаға жазады (құрмет, сүйіспеншілік, тану, қамқорлық т.б.).
3. 
Білімді жаңарту. Ертегіден үзінді тыңдаймыз. «Ұсқынсыз үйрек» 
Х.К. Андерсен. 
4. 
Бастапқы білімді игеру және оны тексеру 
Ертегіден қандай ой түйдің? Үйрекке деген сезімің қандай? Оны басқа 
құстардың шабуылынан қорғағың келе ме? 
Адамдар арасында осындай жағдайды кездестіруге бола ма? 
Өкінішке қарай, мұндай жағдай адамдар арасында, әсіресе балалар ұжымында 
жиі кездеседі. Әрқайсыңыз қиын жағдайда өзіңізді қалай ұстау керектігін және 
қажет болған жағдайда қайда жүгіну керектігін білуіңіз керек. 
Қымбатты дос! Сізден келесі сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз: 
1. Сыныбыңда сыныптастарын және басқа сынып оқушыларын ренжітетін, 
мазақтайтын балалар бар ма? 
2. Сыныптағы қарым-қатынасты жақсарту үшін балалар не істей алады деп 
ойлайсыңдар? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет