№ 7 САБАҚ. «ТАМАҚПЕН ЭКСПЕРИМЕНТ ЖАСАУДЫҢ
ҚАУІПТІЛІГІ»
Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойында
салауатты өмір салты
негіздерінің
құрамдас бөлігі, дұрыс тамақтану
мәдениетін қалыптастыру, өз
денсаулығына дұрыс қарауға дағдыландыру.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин).
2.
Мақсат қою. Тақырыпты анықтау
Мақалдардың адасқан бөліктерін тауып, толық құрастыр.
Олардың мағынасын түсіндір.
Денсаулықтың қадірін
Саулық – байлық негізі.
Тазалық – саулық негізі
Ауырғанда білерсің.
Көзің ауырса қолыңды тый
Ауырмайтын жол ізде.
Ауырып ем іздегенше
Ішің ауырса, аузыңды тый.
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымызда не туралы айтылады?
- Денсаулық және оны сақтау туралы.
3.
Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау
«Пайдалы және онша пайдалы емес тағамдар» ойыны
- Мен тағам түрін атаймын, егер ол пайдалы болса, шапалақтаймыз, ал
пайдалы болмаса, жұдырығымызды түйеміз.
Қолданылатын сөздер: алма, торт, қияр, балық, тәтті, сәбіз, ірімшік, зефир,
чупа-чупс, мармелад, сыр, бұрыш, сүт, бал.
Әңгіме не туралы болады?
Достарыңызбен бөлісу: