«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)


  Білімді жаңғырту. Өткенді қайталау



Pdf көрінісі
бет88/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

3. 
Білімді жаңғырту. Өткенді қайталау 
- Компьютерлер біздің өміріміздің барлық салаларына еніп болды. Олар 
жұмыста да, үйде де мектепте де, балабақшада да тұр. Бір жағынан компьютер 
біздің жұмысымызды жеңілдетсе, екінші жағынан, балалар компьютерлік 
ойындармен айналысады да, оған тәуелділік пайда болады. 
4. 
Сабақтың негізгі бөлімі 
1. Адамның компьютер алдында уақыт өткізуге, компьютермен ойын ойнауға 
деген құмарлығын компьютерлік тәуелділік деп атайды. Ойынға құштарлық – 
компьютерге тәуелділіктің бір түрі. 
2. Ойынға тәуелділік (кибераддикция) компьютерлік ойындарға әуестену, 
рольдік емес ойындарға беріліп кету (басқатырғыштар). 
3. Балалар компьютер мониторы алдында ұзақ уақыт отыра береді. Олар 
тамақтануды, тіпті ұйқыны да ұмытып кетеді. 
4.Баланың ойынға тәуелді екенін қалай аңғаруға болады? 
Балалар кітап оқымайды. Үйдегі міндеттерін ұмытады, жеке бас гигиенасын 
сақтамайды. Олар физикалық тұрғыда белсенді емес, таза ауада серуен, ойын 
дегенді ұмытады. 
5. Компьютерде отыру мөлшері 7-8 жасар балалар үшін күніне 30-40 
минут, аптасына 2-3 рет. 
5. Сабақты бекіту. «Бағдаршам» әдісі 
Балалар өздерінің жұмыс орындарына барады. 
Педагог тезисті біртіндеп оқиды. Балалар тезиспен келіссе, жасыл карточканы 
– келіспегендер, қызыл карточканы – келіскендер, күмәнділер – сары карточканы 
көтереді. 


Егер тезисті талқылау қажет болса, онда қатысушылар өздерінің пікірлерін 
дәлелдейді. 
Тезистер: 
Компьютерлік тәуелділіктің бала денсаулығына тигізетін қауіптері:
➢ семіздік, өйткені қозғалыс аз. жүрмейді, ойнамайды, асқа тәбеті болмайды; 
иммунитет әлсірейді, демек, суық тию, жұқпалы ауруларды тез қабылдайды; 
➢ есте сақтауы, зейіннің шоғырлану қабілеті төмендейді де, оқуына қиындық 
келтіреді. 
➢ ұйқысыздық; 
➢ аутизм. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет