«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)



Pdf көрінісі
бет89/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

6.Қорытынды. Рефлексия 
Оқушылар «Плюс-минус-қызықты» кестесін толтырады. 


қызықты 
Пайдалы сілтеме: 
https://youtu.be/34qqqO1eH9M?si=CBBwZ_j2IOfvMVdh
 


№ 10 САБАҚ. «КӨШЕДЕГІ ҚАУІПСІЗ ОЙЫНДАР»
 
 
Сабақтың мақсаты: қауіп төндіретін жағдайлар туралы түсінік 
қалыптастыру, қауіпті жағдай болатындығын байқай білуге дағдыландыру, көшеде 
қауіпсіздік шараларын сақтау. 
Сабақ барысы 
1.Ұйымдастыру кезеңі 
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин). 
2. 
Мақсат қою. Тақырыпты анықтау. 
Сурет бойынша сабақ тақырыбын анықтап алайық! 
Сабақ тақырыбын дұрыс анықтадыңыздар, «Даладағы ойындар» тек 
қауіпсіз сөзін қосуды ұмытпайық. 
Даладағы қауіпсіз ойындар. 
3. 
Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау 
- Балалар, суреттерге тағы да мұқият қарап шығайық. Қай суреттегі ойын 
қауіпсіз деп ойлайсыздар? 
Қауіпсіздік дегеніміз қатер төнбейтін және қауіптен қорғана алатын 
жағдайдың болуы. 
Жазғы демалыс – оқудан бос демалыс уақыт.
- Алдымызда ұзақ жазғы демалыс далада, көшеде серуендеп жүргенде 
қауіпсіздік ережесін сақтап, абай болу керек! 
4. 
Сабақтың негізгі бөлімі 
- Қауіпсіздік ережелерін екі топқа бөлу. Бірінші топ – мүлдем жасауға 
болмайтын әрекеттер. Екінші топ – міндетті түрде жасалатын әрекеттер. 
- Қазір сіздер ереже парағын аласыздар. Оның ішінен сабаққа қатысты 3 
ережені белгілейсіздер. 
1. Жол бойында ойнауға тыйым салынады. 
2. Жағадан алысқа жүзіп кетуге болмайды. 
3. Үтікті қосып кетуге болмайды. 
4. Бейтаныс кісіні пәтерге кіргізуге болмайды. 
5. Иттерді ызыландыруға болмайды. 
6. Құрылыс алаңында ойнауға болмайды. 


7. Өткір, үшкір заттармен ойнауға болмайды. 
8. Жол бойында велосипед тебуге болмайды. 
9. Қараңғы түскеннен кейін далада ойнауға болмайды. 
10. Сіріңкемен ойнауға болмайды. 
- «Міндетті түрде жасауға болады» деген ойынымызды бастайық.
«Есте сақта!» 
➢ Жолдан өтпес бұрын әуелі сол жағыңа қара. Егер жол бөлігі бос болса, өте бер. 
Жол ортасына келгенде тоқтап, оң жағыңды қара, машиналар болмаса, жолдан 
өт. 
Егер саған қауіп төнсе, айқайлап көмекке шақыр.
➢ Жолдан асықпай өту керек. 
➢ Жолдың арғы бетіне бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өт.
➢ Егер саған ұят қылық жасауды ұсынса, жоқ деп айта біл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет