Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің топтамаларын анықтау бойынша дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға арналған жаднама



жүктеу 69.05 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі69.05 Kb.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің топтамаларын анықтау бойынша

дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға арналған

ЖАДНАМА
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің топтамаларын анықтау кезінде, соның ішінде салық салу мақсатында да анықтау кезінде қысқа әрі нұсқа сөз қылатын кейбір мәселелер пайда болады.

Ең алдымен,

  • кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асырушы жеке тұлғалар,

  • кәсіпкерлік әрекет жүргізуші мемлекеттік емес заңды тұлғаларға

қатысты Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз етуші негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктер Қазақстан Республикасының 2006 жылдың 31 қаңтарындағы 124-III «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңымен (ары қарай – ЖК туралы Заң) анықталатынын нақтылап алайық.


Жеке кәсіпкерлік субъектісі

НҚА

Тіркеуші орган

Заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер (ары қарай – ДК)

ЖК туралы Заң;

Салық кодексі



Аймақтақ салық органдары


Заңды тұлғалар (ары қарай – ЗТ)

Азаматтық заңнама


Әділет органдары

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің топтамаларын анықтау мақсатында үш топ бар:



  • шағын кәсіпкерлік субъектілері (ары қарайШКС);

  • орта кәсіпкерлік субъектілері (ары қарайОКС);

  • ірі кәсіпкерлік субъектілері (ары қарайІКС).



Келесідей таңдау критерийлері бар:

  1. Жұмыскерлердің орташа жылдық саны (ары қарай – ЖОС) ДК үшін де, ЗТ үшін де қолданылады;

  2. Активтердің орташа жылдық құны (ары қарай – АОҚ) тек ЗТ үшін қолданылады;

  3. Активтердің жалпы құны (ары қарай – АЖҚ) тек ЗТ үшін қолданылады.




Құрылым түрі

ШКС шарттары *, **

ОКС шарттары

ІКС шарттары

ДК

  1. Бір жыл ішіндегі ЖОС = 50 жұмыскерден аспау керек (яғни, 0-50);

1. Бір жыл ішіндегі ЖОС = 50 жұмыскерден артық (яғни, 51-ден ары қарай);

----

ЗТ

  1. Бір жыл ішіндегі ЖОС = 50 жұмыскерден аспау керек (яғни, 0-50) және

  2. Бір жыл ішіндегі АОҚ = 60 000 АЕК-ден аспау керек (0-60 000 АЕК);

-------------------------------




Ескерту: екі шарт бір уақытта орындалу керек

  1. Бір жыл ішіндегі ЖОС = 50 жұмыскерден артық (минимум) және 250 жұмыскерден аспау керек (яғни, 51-250) немесе

2. Бір жыл ішіндегі АОҚ = 325  000 АЕК-ден аспау керек (0 – 325 000 АЕК);

------------------------------


Ескерту: екі шарттың бірі орындалу керек

  1. Бір жыл ішіндегі ЖОС = 250 жұмыскерден артық (яғни, 251-ден ары қарай);

  2. Бір жыл ішіндегі АЖҚ 325 000 АЕК-ден артық;



--------------------------------


Ескерту: екі шарттың бірі орындалу керек


Мысалы:



Ұйымдастыру-құқықтық формасы

ЖОС

АОҚ

АЖҚ

1

ЗТ

10

10

ШКС

2

ЗТ

10

70

ОКС

3

ЗТ

70

10

ОКС

4

ДК

49

-

ШКС

5

ДК

499

-

ОКС

* Іс-әрекеттің жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ДК мен ЗТ шағын кәсіпкерлік субъектісі (ШКС) деп тануға қатысты бірқатар шектеулер бар. Аталған іс-әрекет түрлеріне келесілер жатады:



  1. есірткі заттары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты іс-әрекет;

  2. акцизделетін өнімдерді өндіру және (немесе) көтерме сату;

  3. астық қабылдау орталықтарындағы астық сақтау іс-әрекеті;

  4. лотерея жүргізу;

  5. ойын бизнесі мен шоу-бизнес саласындағы іс-әрекет;

  6. мұнай, мұнай өнімдері, газ, электр және жылу энергиясын қндіру, өңдеу және өткізу бойынша іс-әрекет;

  7. радиоактивті материалдардың айналымымен байланысты іс-әрекет;

  8. банк қызметі (немесе банк операцияларының жекелеген түрі) және сақтандыру нарығындағы іс-әрекет (сақтандыру агентінің іс-әрекетінен басқа);

  9. аудиторлық қызмет;

  10. бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет;

  11. несие бюроларының қызметі.


** ШКС жұмыскерлерінің орташа жылдық саны аталған субъектінің филиал, өкілдік және басқа да бөлектенген бөлімшелерінің жұмыскерлерін қоса алғанда, барлық жұмыскерлерді есепке ала отырып анықталады.

Астана қ. бойынша СД АСТБ

М.Мұрат


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет