«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті Негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары: «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»



Дата20.06.2016
өлшемі122.5 Kb.
#148913


Аудан әкімдігінің

2011 жылғы « »______№___

қаулысына 17 – қосымша
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»
мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті

Негізгі ұғымдар
Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары:

«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» - азаматтардың жеке ауылдық округі аумағында тұрғылықты тұратын және қосалқы шаруашылығы бар азматтарға берілетін анықтама.

«Ауылдық (селолық) округі әкімі аппараты » ММ – мемлекеттік мекеме туралы Ережесі негізінде (бұдан әрі - ЖАО) қызмет атқаратын заңды тұлға.

Алушы (бұдан әрі – тұтынушы) – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға.


1.Жалпы ережелер
1.1 Мемлекеттік қызметтің нормативтік – құқықтық анықтамасы.

«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру».

1.2 «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»- мемлекеттік қызметі ауылдық (селолық) округі әкімдері (бұдан әрі - ЖАО) және баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы (бұдан ХҚКО) осы регламенттегі 1 және 2 қосымшаға сәйкес беріледі.

1.3 Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

1.4.Мемлекеттік қызмет көрсету төмендегі құжаттар негізінде ұсынылады: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 “Заңды және жеке тұлғалаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет реестрлерін бекіту туралы” Қаулысы негізінде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларымен.

1.5.Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің аяқталу нысаны – жеке қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру немесе жоқ екендігі туралы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауап беру.

1.6.Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қатысатын мүдделі мемлекеттік органдар:

Тұтынушының тұрғылықты жерлері бойынша ауылдық округі әкімдері.


2.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар


2.1. Мемлекеттік органдарының, олардың құрылымдық бөлімдерінің және аумақтық органдарының мекенжайлары мен жұмыс кестелері туралы мәлімет: (ЖАО, ХҚКО).

ЖАО мекенжайы «жеке қосалқы бар болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің 1 қосымшасында көрсетілген.

ХҚКО мекенжайы «жеке қосалқы бар болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің 2 қосымшасында көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын көрсетiледi.

ЖАО–да мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына бес күн, сағат 13-00-ден 14-00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейiн көрсетiледi.

Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.

Орталықтың жұмыс кестесі: жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына алты күн, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін түскi үзiлiспен (13.00-ден 14.30-ге дейін) сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейiн түскі үзіліссіз.

Құжаттарды қабылдау электрондық кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар дайындау үшін (күту үшін бөлме, құжаттар толтырылатын орын стендттер және қажетті құжаттар туралы ақпараттармен толықтырылады.) ЖАО мен ХҚКО ғимараттары мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға кіруге арналған пандуспен қамтамасыз етіледі.

2.2. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет алу мәліметінің тәртібі:

Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат ЖАО мен ХҚКО интернет-ресурстарында, тiзбесi осы регламенттің 1 және 2 қосымшаларында көрсетiлген мемлекеттiк қызмет көрсету орындарындағы стендiлерде орналастырылады.

2.3.Аталған мемлекеттік қызмет түрін көрсетуге келесі орган қатысады:

Тұрғындардың тұрғылықты жерлері бойынша ауылдық округі әкімдері.

2.4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

Уәкiлеттi органға өтiнiш бiлдiрген кезде:

1)қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсетіледі.

2)тұтынушының мемлекеттік қызметті күту уақыты 10 минуттан аспайды.

3) мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 10 минуттан аспайды.

ХҚКО өтініш білдірген кезде:

1) тұтынушы құжаттар тапсырылған күннен бастап осы регламенттің 3.1. тармағына сәйкес - екі күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2)тұтынушының мемлекеттік қызметті күту уақыты 10 минуттан аспайды.

3)мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 10 минут.



2.5.Тұтынушыға келесі жағдайлар бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетілмейді:

1) тұтынушы осы регламенттің 3.1. тармағында көрсетiлген тиiстi құжаттарды ұсынбаған жағдайда;

2) ЖАО шаруашылық кітаптарында қосалқы шаруашылығы бар екені туралы ақпарат болмаған жағдайда.

2.6. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет алуға сұраныс алынғаннан оның нәтижесі берілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңі:

1) ЖАО шаруашылық кітабы негізінде анықтама жазу.

2) Жеке тұлғалардың өтініштерін тіркейтін журналға тіркеу.

3) Қызмет көрсету карточкаларын толтыру

4) Анықтама беру.

2.7 Мемлекеттік қызмет көрсетуде құжаттарды қабылдайтын тұлғалардың ең аз саны: бір адам.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет /өзара іс-қимыл/ тәртібін сипаттау
3.1. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

Тұтынушы ЖАО өтінішті ауызша, жеке куәлігімен ұсынады.

ХҚКО өтініш жасаған жағдайда;

1) еркін нысандағы өтініш;

2) жеке куәліктің көшірмелерін тексеру үшін түпнұсқасын ұсынады;

ЖАО ауызша түрде, ХҚКО өтініш жазады. ХҚКО мемлекеттік қызмет түрін алу үшін осы регламентте көрсетілген 3.1. тармаққа сәйкес тұтынушы қажетті құжаттар тапсырған соң беріледі, лауазымдық тұлғаларға мекенжайлар бойынша осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес беріледі.

Тұтынушыға ХҚКО анықтама берілгенде, мемлекеттік қызмет түрі бойынша барлық қажетті құжаттар бар болғанда, ХҚКО мөрі және тұтынушыға берілген анықтаманың мерзімі көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет тұтынушының өзі жеке келген жағдайда беріледі.


4. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға

4.1. ЖАО және ХҚКО лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбiн түсiндiрудi, сондай-ақ шағымды дайындауға көмек көрсетудi ЖАО және ХҚКО кеңсесiнiң лауазымды адамдары осы регламенте 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген мекенжайлар бойынша жүзеге асырады.

4.2. ЖАО-ның және ХҚКО-ның мемлекеттiк қызметтi ұсыну нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым осы регламентке 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген мекенжайлар бойынша аудан әкiмiнiң атына берiледi, шағым ЖАО-ға демалыс және мереке күндерiнен басқа жұмыс күндерi, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, ал орталықтың жұмыс кестесі: жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына алты күн, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін түскi үзiлiспен (13.00-ден 14.30-ге дейін) сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейiн түскі үзіліссіз.

4.3. Дұрыс қызмет көрсетiлмеген жағдайда шағым осы регламентте 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген мекенжайлар бойынша кент, ауыл (село), ауылдық округ әкiмiнiң, ХҚКО директорының атына берiледi, шағым ЖАО-ға демалыс және мереке күндерiнен басқа жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, ал орталықтың жұмыс кестесі: жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына алты күн, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін түскi үзiлiспен (13.00-ден 14.30-ге дейін) сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейiн түскі үзіліссіз.

4.4. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4.5. Өтiнiш берушiге оның шағымының қабылданғанын растайтын күнi мен уақыты, берiлген шағымға жауап алудың мерзiмi мен орны, шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын ЖАО-ның және ХҚКО-ның лауазымды адамдарының байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.

4.6. Қосымша ақпаратты осы регламентте 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген мекенжайлар бойынша ЖАО-дан және ХҚКО-дан алуға болады.


«Жеке қосалқы шаруашылықтың  


болуы туралы анықтама беру»  
мемлекеттiк қызмет регламентіне

1-қосымша




Зеленов ауданы бойынша ауылдық (селолық) округі әкімі аппараттарының тiзбесі


Р/с №

Зеленов ауданындағы ауылдық (селолық) округі әкімі аппараттарының атаулары

Орналасқан мекенжайы

Байланыс деректерi

1.

«Зеленов ауданы Переметное ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Зеленов ауданы, Переметное ауылы, Гагарин к-сi,83


871130-22-162

871130-23-381




2.

«Зеленов ауданы Зеленов ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Зеленов ауданы, Зеленое ауылы, Чапаева к-сi, 32

871130-77-132

871130-77-197



3.

«Зеленов ауданы Егiндiбұлақ ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Зеленов ауданы, Егiндiбұлақ, ауылы Школьная к-сi, 1

871130-25-273

871130-25-920



4.

«Зеленов ауданы
Железнов ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Зеленов ауданы Железново, ауылы Мектеп к-сi

871130-72-132

5.

«Зеленов ауданы Шалғай ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Зеленов ауданы, Первосоветск ауылы, Чамчияна к-сi, 12

871130-73-121

871130-25-903



6.

«Зеленов ауданы Белес ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Зеленов ауданы, Белес ауылы, М.Мәметова к-с

871130-61-135

871130-61-177



7.

«Зеленов ауданы Щапов ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Зеленов ауданы Шапов ауылы Мир көшесі,

871130-69-132

871130-69-125



8.

«Зеленов ауданы Күшiм ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Зеленов ауданы, Күшiм ауылы, Достық к-сi, 50

871130-76-132

871130-76-169



9.

«Зеленов ауданы
Янауқы ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Зеленовск ауданы Янауқы ауылы Садовая к-сi, 2

871130-74-132

871130-74-160



10.

«Зеленов ауданы Дәрия ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Зеленов ауданы,  Дәрия ауылы, Пионерская к-сi, 26

871131-24-190

871131-24-167



11.

«Зелеиов ауданы Трекино ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Зеленов ауданы, Трекино ауылы, Жиберина к-сi

871131-24-204

871131-97-118



12.

«Зеленов ауданы Январцев ауылдық (селолық) округi әкімінің аппараты» ММ

БҚО, БҚО Зеленов ауданы Январцево ауылы Советская к-сi, 91

871131-95-549

871131-20-687



13.

«Зеленов ауданы Рубежинск ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Зеленов ауданы, Рубежка ауылы, Ленин к-сi, 5

871131-33-318

14.

«Зеленов ауданы Достық ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Зеленов ауданы, Достық ауылы, Гагарин к-сi, 19

871131-32-147

871131-32-193



15.

«Зеленов ауданы Чеботарев ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Зеленов ауданы, Чеботарев ауылы, Школьная к-сi, 2

871131-31-143

871131-20-573



16.

«Зеленов ауданы Сұлу көл ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Зеленов ауданы, Сұлу көл ауылы, Достық к-сі, 15

871159-39-100

871159-39-101



17.

«Зеленов ауданы Красноармейск ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Зеленов ауданы, Красноармейск ауылы, Красноармейск к-сi, 1

871131-98-734

871131-98-730



18.

«Зеленов ауданы Раздольное ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Зеленов ауданы, Раздольное ауылы, Шевченко к-сi

871131-96-131

871131-96-143



19.

«Зеленов ауданы Чиров ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Зеленов ауданы, Чирово ауылы, Мирная к-сi, 68

871131-93-145

871131-20-574



20.

«Зеленов ауданы Чувашинск ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Зеленов ауданы, Чувашка ауылы, Ленин к-сi 19/3

871131-50-287

871131-50-651



21.

«Зеленов ауданы Макаров ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Зеленов ауданы, Макарово ауылы, Школьная к-сi, 2

871131-21-684

871131-50-420




22.

«Зеленов ауданы Мичурин
ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Зеленов ауданы, Мичурино ауылы,
Мичурино к-сi, 5/1

87112-21-91-52

87112-20-479




23.

«Зеленов ауданы Махамбет ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Зеленов ауданы, Махамбет ауылы, Ленин  к-сi, 32

871131-91-123

871131-91-125



24.

«Зеленов ауданы Краснов ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Зеленов ауданы, Погодаево ауылы, Жеңiс к-сi, 1

871131-34-112

871131-34-136






«Жеке қосалқы шаруашылықтың  
болуы туралы анықтама беру»  
мемлекеттiк қызмет регламентіне

2-қосымша




Халыққа қызмет көрсету орталықтары


Р/ с


Орталықтың атауы

Орталықтың орналасқан мекенжайы

Операциялық залдың телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

2

3

4

5

1

Зеленов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы

БҚО, Зеленов ауданы, Переметный ауылы, Гагарина көшесі 69Б

8(71130)23-616

8(71130)23-614 қабылдау бөлмесi

2

Зеленов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы

БҚО, Зеленов ауданы, Дариян ауылы, Балдырган көшесі 27/1

8(71131)24081

8(7113124080) қабылдау бөлмесі



«Жеке қосалқы шаруашылықтың  

болуы туралы анықтама беру»  


мемлекеттiк қызмет регламентіне

3-қосымша




Кесте №1. СФЕ әрекетінің сипаттамалары.


Жалпы іс әрекеті (жұмыс легінің жүргізілуі)

1

Әрекет № (жұмыс легінің жүргізілуі)

1

2

3

2

СФЕ атауы

Бас маман







3

Әрекет атауы Наименование действия (іс, процедура, операциялардың сипаттамасы

Шаруашылық кітабы негізінде жеке қосалқы шаруашылығы болуыі туралы анықтама беру, анықтама беру жорналында тіркеп, қызмет көрсету карточкаларын толтыру







4

Нысанның аяқталуы (көрсеткіштері, құжат, ұйымдастыру-үйлестіру шешімі),

Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама







5

Орындау мерзімі

10 минут ішінде










«Жеке қосалқы шаруашылықтың  

болуы туралы анықтама беру»  


мемлекеттiк қызмет регламентіне

4-қосымша



«Жеке қосалқы шаруашылықтың  
болуы туралы анықтама беру»  
мемлекеттiк қызмет регламентіне

5-қосымша




ҮЛГІ:
АНЫҚТАМА
Переметный ауылдық (селолық) округі әкімі аппараты

Азамат (ша) _______________________________________________

БҚО, Зеленов ауданы _______________________ауылының тұрғынына

Өзінің жеке қосалқы шаруашылығында:

___________ бас ____________ жасы ___________ түсті жеке қосалқы шаруашылығы бар екені туралы анықтама берілді.

№ _________ шаруашылық кітабы және _____________ дербес шоты бойынша тіркелген. Ауылдық округі

әкімі аппаратының бас маманы _______________________________________

(қолы)






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет